Home » Жаңалықтар » Балабақша-бақыт мекені.

Балабақша-бақыт мекені.

Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы іспеттес.
Мұн­­­дағы тәрбие мен білім ба­ла­­лар­дың табиғи мінезін, қа­бі­летін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Кішкентай бүлдіршіндерімізге білім мен тәрбие беріп отырған балабақша ұжымдарына мың алғыс айта отырып, бүгін Алматы қаласы, Түрксіб ауданына қарасты КМҚК «№185 бөбекжай-балбақшасы» туралы айтқымыз келіп отыр. «№185 бөбекжай-балбақшасы» 1965 жылы салынған.
2011 жылдың қыркүйегінде күрделі жөндеуден кейін ашылды. Балабақшада 12 топ бар. Мемлекеттік тілде оқытатын 2 топ, орыс тілінде оқытатын 10 топ. Мектепке дейінгі балалардың денсаулығын сақтау құзыреттілігін арттырып, мектепалды даярлық жұмыстарын толыққанды қамтамассыз етіп, зияткерлік,тұлғалық,әлеуметтік, эмоционалдық дамуын ұлттық рухта тәрбиеленуін отбасымен бірлескен қарым- қатынас барысында реттейтін инновациялық типтегі мекеме.
    
Оқыту мен тәрбие беру бағыттың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының тиімді жүзеге асыруын басты мақсат етіп алған. Балабақшаның негізгі міндеттері:
-баланың интеллектуалдық, тұлғалық және физикалық дамуын қамтамасыз ету;
-балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау;
-балаларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу;
-баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара әрекеттесу.
   
Балабақшада музыка залы, спорт залы мен қазақ тілі кабинеті, логопед пен психолог мамандарының кабинеттері, кітапхана бұрышы мен тұз шахтасы бар. Топтардағы заттық-дамытушы орталар жас ерекшелігіне сай жабдықталған. Сөйлейтін қабырғалар балалардың танымдық-әлеуметтік дағдыларын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, топ тәрбиешілері ҮОБ негізінде жас ерекшеліктері мен балалардың қызығушылығын ескере отырып режимдік сәттерді ойын арқылы қызықты жоспарлайды.
Балабақшада дәстүрлі және жаңашыл әдістер қолданылады. Соның біріне тоқталып өтсек, қарапайым табиғии материал – тастар арқылы балалардың негізгі бес дағдысын дамыту бойынша жұмыстар бірнеше жылдан бері жасалынып келеді. Тастарға тек сурет салу ғана емес, сауат ашу негіздері, математика негіздері деген сынды ҰІӘ тастарды ресурс ретінде қолдану арқылы жүзеге асырылады. Балабақша балаларымен тастармен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережелері міндетті түрде сақталынады. Тастармен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін толық меңгеру және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында педагогтермен де түрлі семинар-практикумдар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, аталған бағытта ата-аналармен де түрлі іс-шаралар: дөңгелек үстелдер, семинар-практикумдар мен дәстүрлі емес форматтағы ата-аналар жиналысы өткізіледі.

Кішкентай балапандарымыздың
жан-жақты дамуына, өскелең ұрпақ тәрбиелеуде, өрелі жұмысы мен өлшеусіз еңбектері үшін
“№185 бөбекжай-балабақша” ұжымына алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!

«BILIM AINASY»
Алматы қаласынан
Елназ Тұрсынғалиқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.