Home » Жаңалықтар » Жақсының жақсылығын айт

Жақсының жақсылығын айт

Бүгін  “жақсының жақсылығын айт” бөлімімізде
№185 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі, білім саласының үздігі
Яфарова Гульнара Халиловна жайлы айтамыз.

Яфарова Гульнара Халиловна — педагогикалық еңбек өтілін балабақшада тәрбиеші, әдіскер қызметінен бастаған. 1983 жылдан бастап білім беру жүйесінде қызмет атқаруда. Өзінің еңбек өтілін тәрбиеші қызметінен бастап, көптеген жетістіктерге жете білді. Оның «Денсаулықты қалыптастыру және балаларды отбасында, балабақшада дамыту» атты озық тәжірибесі Алматы қаласы мен Республика көлемінде педагогтар арасында таратылған болатын. 2008 жылдан бастап Түрксіб ауданына қарасты №121 балабақша меңгерушісі қызметін атқарған.
2011 жылдың 01 тамызынан бастап Түрксіб ауданына қарасты Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында меңгеруші қызметін атқарып келеді.

Гульнара Халиловнаның басшылығымен балабақша көптеген жетістіктерге жетіп келеді. Жыл сайын балабақша тәрбиеленушілері мен педагогтері аудандық, қалалық, Республикалық байқауларға белсенді қатысып, жүлделі орындарды иеленуде, атап айтар болсақ: «Пай, пай, балақай», «Театрдың ғажайып әлемі», «Үздік тәрбиеші» т.с.с. Балабақша ұжымы Республикалық байқауларға да қатысып,
«Ана тілің – арың бұл» атты өлеңдер, ертегілер, әңгімелерді мәнерлеп оқу Республикалық челленджі, «Жеті жұрттың тілін біл» номинациясын иеленсе, балабақшаның қазақ тілі мұғалімі «Республикалық мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» атты шеберлік сыныбында жүлделі III орынды иеленді.
Гульнара Халиловна тәжірибе алмасу – әр педагогтің өсуіне оң ықпал ететінін негізге ала отырып, балабақша ұжымының тек қана шығармашылық қана емес, үздік тәжірибелерімен аудандық, қалалық деңгейде тәжірибелік семинарлар арқылы бөлісулеріне алғышарттар жасайды. Балабақша педагогтерді қалалық тамыз кеңестерінде тәжірибелерімен бөлісіп, Республикалық съездерде сөз сөйлеп, тәжірибе алмасып келеді.
Сонымен қатар, балабақша педагогтері Г.Халиловнаның басшылығымен озық тәжірибелерін тарата отырып, көптеген авторлық бағдарламалар әзірлеген.
Атап айтар боолсақ: «Ойын арқылы тәрбиелеу мен оқыту», «МДҰ іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар», «Музыка терапиясы», «Ұлттық ойын», «Здоровейка», «Формирование основ математики через «4К» технологию», «Методическое пособие для коррекционно-педагогической работы по музыкальному воспитанию», «Нетрадиционные формы оздоровления дошкольников».
2016, 2017, 2023 жылдары Гульнара Халиловна Білім және Ғылым министрінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттарымен және бірнеше мәрте аудандық, қалалық Білім Басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған болатын. Сондай-ақ,
жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марпатталған.
«Гульнара Халиловна өзіне және өзгеге деген жоғарғы талап қоя білу талғамымен ерекшеленеді. Өзіне жүктелген міндетті орындауда аса белсенді, еңбек барысын ұйымдастыра біледі әрі өзіне тиісті жұмысты сапалы әрі уақытында орындайды.» — дейді әріптестері. Өз ісін жетік білетін меңгерушісі бар №185 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілері мен ұжымы үшін қуаныштымыз.
Гульнара Халиловна ханымның ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбегі ерен. Еліміздің ертеңі болар тұлғаларды тәрбиелеуден жалықпаңыз.
Еңбегіңіз жемісті болсын, білікті меңгеруші.

«BILIM AINASY»
Алматы қаласынан
Елназ Тұрсынғалиқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.