Home » Мақалалар » Тарихы терең білім ордасы

Тарихы терең білім ордасы

Тарихы терең білім ордасы

ҚазҰУ-нің тоқсан жылдық тарихы бар үлкен Университет. Сол уақыттың ішінде сан мың үздік шәкірттер, қазақтың тұлғасы болатындай азаматтарды тәрбиелеп, білім беріп шығарды. Сол үздік шәкірттердің бірі Тұрсын Жұртбай. Ол 1974 жыылы дейін ҚазҰУ-нің журналистика факультетін оқып бітірген. Қазіргі таңда қазақ еліне белгілі жазушы, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы, Абайтанушы. Шығармашылығында «Замандасым, сырласым», «Қоңыр қаз», «Жүрегiмде жұмыр жер», «Бесқарагер» және тағы да басқа атты көркем шығармалардың, «Құнанбай», «Сүре сөз» «Дулыға», «Ұраным – Алаш!» және тағы да көптеген ғылыми-зерттеу кітаптарының авторы. Тұрсын Жұртбай Алаш қозғалысында қуғын сүргінге ұшыраған қазақ тұлғаларының ақталуына үлкен үлесін қосқан азамат. Уақытында жасаған басқа да тарихи ерліктері аз емес. Сол мақсатпен әлі күнге дейін қазақ халқына Алаш тарихын, Алаш тұлғаларының жасаған еңбектерін, Абай еңбектерін қазақ халқына терең түсіндірумен, сол еңбектерді елге жеткізумен айналысуда. Дәл осы уақытта ол кісі халық арасында ағартушылық еңбек етуде деп айта аламыз. Нақ сол еңбектер арқылы біз Абай атамызды, Алаш тұлғаларын тереңнен танып, тарихымызға үңіле аламыз. Қазақ халқының арасында мұндай тұлғалардың болуы біз үшін үлкен табыс деп айтуға болады. Осындай үлкен тұлғаларды шығарып отырған ҚазҰУ-не келер жылы тоқсан жыл толады. Алдағы уақытта қазақ халқына өз еңбегін сіңірер осындай тұлғаларды тәрбиелеп, білім беріп биіктерге шығара беруіне шынайы тілектеспіз.

Бисенова М.Қ
Атаханова Г.М
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті  қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары

Турарбек Мадияр
Заң факультетінің студенті

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.