Home » Мақалалар » Менің алғашқы марафоным

Менің алғашқы марафоным

Менің алғашқы марафоным

 Тұрақты даму мақсаттарының  «Салауатты өмір салты және салауаттылық» жүзеге асыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминалистика кафедрасының студенттерінің қатысуымен «Менің алғашқы марафоным» атты жүгіру және жаяу жүру жарысы өтті.Іс-шараға оқытушылар құрамы да  атсалысты.

Іс-шараны өткізудегі басты мақсат:өскелең ұрпақты спортқа баулу,салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады.

Шара барысында,студенттермен пікір алмасып,ой бөлістік. Қазіргі таңда қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізіп жатқанын тілге тиек ете отыра, темекіге, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та өршіп бара жатқанын ескере кеттік. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Спорт-барлық тәрбие атауының бір саласы. Оның түп негізі-қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Спорт жаттығуларын жүйеге түсіріп белсенді бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Бірінші байлық-денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі спорт. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өмірге қажетті нәрсені ала алмайсың. Спорттың барлық түрімен айналысуға болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Спорт-барлық тәрбие атауының бір саласы. Оның түп негізі-қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Спорт жаттығуларын жүйеге түсіріп белсенді бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Бірінші байлық-денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі спорт. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өмірге қажетті нәрсені ала алмайсың. Спорттың барлық түрімен айналысуға болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Спорт-барлық тәрбие атауының бір саласы. Оның түп негізі-қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Спорт жаттығуларын жүйеге түсіріп белсенді бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Бірінші байлық-денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі спорт. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өмірге қажетті нәрсені ала алмайсың. Спорттың барлық түрімен айналысуға болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.

Спортпен шұғылдану бір қараған адамға соның төңірегінде жүрген кәсіби адамдар үшін ғана қажет сияқты көрінері сөзсіз. Дене қимылының денсаулыққа келтірер пайдасы және оның кімге болсын жақсы көңіл күй сыйлайтыны туралы жазылған немесе айтылған ақыл кеңестерге көп құлақ аспайтындығымызды несіне жасырамыз?!Спортпен шұғылдану деген кейбірімізге еріккеннің ермегі сияқты көрінетіні рас. Жалпы салауатты өмір салтын қалыптастыру оның ішінде спорттың бұқаралығын арттыруға ат салысу әрбір азамат үшін қажет.

 

Темірболат Нұрайша
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.