«Жетібай ауылы №4 орта мектебі»
КММ-сі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Базарбаева Айнур Кожабаевна
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның ең үлкен дерті. Қоғамның ең өзекті мәселесі. Сыбайлас жемқорлықпен күрес — әрбір азамат үшін қоғам алдындағы ортақ парыз. Бұл заңсыздықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі сөзсіз.
Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі саяси күрестерінің бірі — сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез-келген елінде, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық — әлеуметтік-экономикалық даму процесіне, нарықтағы экономиканың құлдырауына, инвестицияның нашарлауына үлкен әсерін тигізеді. Яғни, осы салалардың дұрыс жұмыс жасауын тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси өміріне кері әсерін тигізеді, елдің болашағының дамуына елеулі қауіп төндіреді.
Ел азаматтарының алдында халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған саяси жұмыстар тұр. Қоғамның барлық саласына еніп бара жатқан дертке батыл тосқауыл қойып, зардаптарын жою және мүдделерді жауапқа тарту — бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Осындай келеңсіз құбылыстармен үздіксіз күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана емес, барлық елім деп соққан әрбір ержүрек, ұлтжанды азаматтардың парызы деп ұғынған жөн.
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:
Ең алдымен халықты адал жолдан адасып, арам жолмен ақша табуға үгіттейді;
Адам бойындағы ізгі қасиеттерден айрылып, адам етінің сол жемқорлыққа деген етінің үйреніп кетуіне себепші болады;
Қоғам басшыларының, мемлекеттік қызметкерлердің өз жұмысына деген немқұрайлығына әкеп соғады;
Қоғам мен адам, қарапайым халық пен мемлекеттік органдағы адамдардың арасындағы байланыстың, көзқарастың төмендегіне әкеп соғады.
Мектеп жасындағы буынның да бойына барынша әділдік пен адалдықты, шыншылдық пен адами қасиеттерді көбірек сіңіртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға және осындай теріс әрекеттерден барынша аулақ болуға тәрбиелеуіміз қажет. Осы бағытта әрбір білім беру ұйымдарында, «Адалдық алаңы» шеңберінде іс-шаралар жыл бойы үздіксіз жүргізіледі. «Адалдық сағаты» жоспарға сәйкес барлық сыныптарда өткізіледі. Қашықтықтан оқуға көшпестен бұрын «Адалдық дүкені» ( сатушысы жоқ) жұмыс жасады. Мектепте арнайы бекітілген сенім телефондары жұмыс жасайды. Мектепішілік деңгейдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жоғарыда аталған жұмыстар, күнделікті сынып жетекшінің оқушы және ата-анамен байланысы негізінде жүзеге асып отырады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу:
Біреудің мінін көргенше,
Жамандығын тергенше,
Өз ойыңды мазалап,
Өз бойыңды тазалап,
Өзіңмен күрес өлгенше! — деп Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз айтпақшы, әрбір азамат «өз менімен» күресіп, ар алдында жауап бере алатындай, халқына адал қызмет жасаса, бұндай жағдайлар орын алмас еді. Сондықтан, әрбір тұлға — өз жұмысына жауапкершілігімен, махаббатымен, адалдығымен ерекшеленуі тиіс! Әркімнің өзі салар сара жолы – өзінде. Сондықтан адал жолдан ауытқымай, тура жолда әділ де адал бола білейік! Сол әділ жолды және адалдықты келер буынға, айнала қоршаған жастарға, тұлғаларға көрсетіп үлгі етсек, өз ықпалын тигізбей қоймасы анық! Өз өміріміз, өз болашағымыздың жарқын және шынайы болуы өз қолымызда! Ол үшін әр адам өзің тәрбиелей алуы қажет. Тәрбиелей отырып, өзгеге де үлгі бола білуі қажет. Жарқын болашақты бірге жарқыратайық!