Кушниязова Алтынай Кушбойевна
Нұр-Сұлтан қаласы
№ 58 «Өркен» балабақшасының тәрбиешісі
Қош бол, балабақша!
(музыка әуенімен балалар залға кіреді өз орындарына тұрады).
Әбілхайыр:
Бүгін қызық, бүгін той, Біздер үшін біліп қой
Әнге салып, би билеп, Жалғастырсын ойды ой.
Оқимыз білім аламыз, Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып, Біз мектепке барамыз!
1.Балалар орындауында ән «Біз мектепке барамыз».
Балалар орындарына отырады.
1.Жүргізуші: Айару
Армысыздар, тәрбиеші апайлар, Білім беріп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді. Биде билеп әнде бүгін шырқалар!
Ортаға әуен мен кореспондент жүгіріп келеді. Мойнында камера, фотоапарат, қолында микрафон
Корреспондент: Мен қалып қойдым ба? Қалай болды екен? Мен басқа жерде репортаж жасап жүргенде, мына ойын-сауықтан қалып қойыппын ғой.
2.Жүргізуші: Асанәли
Құрметті корреспондент, қиналмай-ақ қой, біздің мереке енді басталады. Біздің балаларға қарашы. Ал ата-аналар қандай бақытты болып отыр. Сен дәл келдің.
Корреспондент: Ал енді дұрыс болды. Мен сендермен танысқан жоқпынғой, мен атақты корреспондентпін. «Күншуақ» тобының бүлдіршін-дерін әлемге таныстырайын. Ол үшін мен сендерден интервью алайын.
Балаларға жақындап сұрақтарын қояды.
1.Өскенде кім боласың?
2.Мектепке барғың келе ме?
3.Балабақшаны сағынасың ба?
Жүргізуші: Асанәли
-Ия корреспондент, біз көңілді өскен баламыз.
Шырқатып әнге саламыз
Тойымызға сән берер,
Биде билеп аламыз
Балалар орындауында Би «Вальс»
Корреспондент суретке түсіріп жүреді
Корреспондент: Ал сұрақ-жауаптарымызды жалғастырайық.
1.Достарыңа не тілейсің?
2.Өскенде қандай жақсылық жасайсың?
3.Қалай ойлайсың ,5 жылдан кейін балабақша өмірінен есіңе не түседі?
1.Жарқын
Сезімде туған баламыз
Оянды ақыл санамыз
Адалдықтың бастауын
Бақшадан алып барамыз
Қуантып ата-ананы мектепке енді барамыз
2.Зарема
Үйренеміз жақсы ән біз
Үйренеміз биді де
Біздің балабақшамыз,
Осындай шат үй міне.
Келмей тұр енді қоштасқым
Балалар орындауында ән «Шайхана»
вокал тобының балалары (Нұрайлым, Эмир, Жаннұр, Жарқын, Айару, Ақерке, Әбілхайыр, Ернар,Алихан,Зарема, Жасмина)
Корреспондент: Өте қызықты интервью шықты, кәне күлеміз мен сендерді бір суретке түсіріп алайын, мен мына суреттерді шығарып келейін, мерекені жалғастыра беріңдер.
Ортаға сәбиелер тобының балалары кіреді. Сәбилер өз тақпақтарын айтады (сәбилерге сыйлықтар ұсынылады).
Балалар орындауында Би «Ұлдар аналарымен»
Қыздардың орындауында гимнастика
Музыка әуені шығады ортаға Жалқаубек келеді.
Жалқаубек: Сендер қайдан келіп қалдыңдар? Мына жерде жаңа ешкім болған жоқ қой?
Асанәли: Біз мектепке жиналып отырған балалармыз . Ал сен кімсің?
Інжу: Сендер танымай отырсыңдар ма? Бұл Жалқаубек қой!
Жалқаубектің қолын қара
Кір қожалақ қап-қара, (Жалқаубек қолына қарап тығып қояды)
Тырнағы өскен, шашы көптен,
Алынбапты-ау масқара!
Жалқаубек:
Оқымап ем «бір» алдым,
Келіп қалды мұғалім
Әкеп едім «екілік»,
Анам шықты зекіріп.
«Үш» алғанда байқадым
Әкем басын шайқады
«Бес» — деп едім бүгін кеп.
Қарайды бәрі күлімдеп
Інжу: Кәне бесіңді көрсетші?
Жалқаубек: Міне бес алдым (екі мен үшті көрсетеді)
Інжу: Мына тұрған «үш»
Ал мынауың «екілік»
«Бес» алдым деп бәрін сен
Жалқаубек: Ой сен есепті білмейсің, «екіге» «үшті» қосқанда бес болмай ма.
Інжу: Балалар Жалқаубектікі дұрыс па? (Жоқ)
Жалқаубек: Жарайды мен енді жалқаулықты қоямын, менің атым Жалқаубек емес, Пысықбек болады. Көресіңдер. Мен әлі көп бестік әкелетін боламын.
Ал мен мектепке дайындала берейін. Апамда мені іздеп жүрген шығар. Сау болыңдар балалар. Сабақты жақсы оқыңдар (кетеді).
Балалардың орындауында тақпақтар:
Зүлпиева Нұрайлымның орындауында жеке би
Балалар орындауында хор «Қоштасу әні».
Балалар орындауында тақпақтар:
Құрметті әріптестер, ата-аналар Осымен біздің «Қош бол, балабақша» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сөз кезегін осы балабақшаның меңгерушісі :
Лаззат Мақсұтқызына береміз.