Жамбыл облысы әкімдігі
білім басқармасының баспасөз қызметі
Бүгін өмірлік қиын жағдайға қалған балаларды қолдау орталығында «Ұлы халықтың — ұлы Абайы» атты әдеби-сазды кеш болып өтті.
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған шара барысында орталық тәрбиеленушілері ақынның өмірі мен шығармашылығынан үзінді сахналады.
Бұдан бөлек тәрбиеленушілер орталықта құрылған «Абай ауылына» саяхат жасап, кемеңгер ақынның заманына енді.