Камалова Алиям Имэржановна
Алматы қаласы Түрксіб ауданы
№187 балабақша
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту
Қоғамның ақпараттық дамуы басқа салаға да әсерін тигізуде. Соның бірі шығармашылық қабілетті дамытумен тығыз байланысты. Бұл өз кезегінде шығармашыл ойлай алатын, зерттеу ортасында шешім қабылдайтын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруды қажет етеді. Бұл қасиеттер ерте жастан баланың бойында қалыптасады. Баланың жан-жақты дамуына отбасы, бала-бақша әсер етеді.
Осы орайда Қасым-Жомарт Кемелұлы үздіксіз білім беру аясында айтқан: «Жас ұрпақ өкілдері шығармашылықпен айналысулары қажет. Қазіргі уақыт балалар үшін соншалықты қауіпті, сондықтан олардың энергиясы мен қызығушылығы дұрыс бағытқа бағытталуы керек»-деген болатын. Президенттің бұл сөзі ойымызды тереңдете түседі. Сондықтан да жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру балабақшадан бастау алуы кездейсоқ емес.
Балабақша — балаларды қоғамда өмір сүруге үйрететін алғашқы әлеуметтік институт болып табылады. Дәл осы жерде баланың қоршаған адамдармен дербес байланысы жүзеге асады, ол қарым-қатынас жасауды және өзара әрекеттесуді үйренеді. Осы орайда балабақшада шығармашылық әрекетке дайындау арқылы болашақ ұрпақтың эстетикалық талғамы қалыптасады.
Сондықтан да қоғамының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі-әр адамның табиғи бейімділіктері мен құндылық бағдарларын ескере отырып, әртүрлі сыртқы факторлардың әсерінен өзін-өзі жетілдіруге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Жеке тұлға оқу үрдісінде қарым-қатынас жасау арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды жəне шығармашылық əрекеттер орындау негізінде өзінің мүмкіндіктерін жетілдіреді. Шығармашылық құзыреттілік музыка, қолөнер, сурет салу т.б. іс-әрекеттің нəтижелі түрлері арқылы қалыптаса бастайды. Баланың интеллектісін жан-жақты дамытуда көркем еңбектің пәнінің маңызы ерекше. Себебі, шығармашылық қабілеттің маңызды бөлігі сурет арқылы дамиды.
Балаларға көркем ойлаудың қарапайым дағдыларын меңгерту, эстетикалық талғамын ояту, өнердің түрлерінен мағлұмат беру маңызды мәселе болып табылады. Сурет мазмұнын салу арқылы баланың шынайы өмірді бейнелеуі, заттар мен құбылыстарды тануы жүзеге асады. Қыл қаламдарымен жұмыс істеу нәтижесінде баланың қиялы дамиды. Бояулардың түстерін таңдау арқылы баланың көңіл-күйі көрінеді. Мысалы, «Көл» тақырыбын талдайтын болсақ, табиғаттың әдемі көрінісі мен өзеннің келбеті, сарқыраған ағынның бейнесі, табиғат пен адам арасындағы үндестік, адам қиялының керемет шыңын көрсетеді. Табиғат пейзажы, өзеннің ағыны баланың табиғатқа деген қатынасын бейнелейді.
Кіші топ балаларына көлдің бейнесін көрсету арқылы балаларға табиғаттың тіршілік көзі су екендігін түсіндіру. Адамға, жануарларға судың пайдасы жайлы мағлұмат беру. Көлдің маңызы, табиғат пен адамның өміріндегі орны сипатталады. Балалар қарындаш, қағаз қолдану арқылы сурет салуға талпыныс жасайды. Балалардың суретке деген қызығушылықтары оянады. Креативті идеялар мен қиялдарды санада бейнелеуге мүмкіндік береді. Пейзаждағы түстік үндестік керемет ұлттық колорит қалыптастырып, баланың қиялы мен арманын шыңдайды.
Тылсым табиғат әлемінің тұңғиық сыры мен шынайы болмысын сурет өнері арқылы жеткізу баланың дүниетанымын, табиғатқа деген ерекше қасиетін қалыптастырады.
Сурет салу өнерінінің құралдары, классикалық сурет өнерінің үздік туындылары, қазақстандық суретшілердің шығармашылығы, сурет өнерінің түрлері мен жанрлары, натюрморт өнері, ұлттық сәндік натюрморт, пейзаж, табиғатпен үйлесімділік, табиғат пейзажы мүсін өнері, шығармашылық жұмыс, көрме ұйымдастыру т.б. тапсырмалар беріледі. Шығармашылық тапсырмаларды орындау балалардың креативті ойлау мүмкіндігін дамытады. Бейнелеу өнерінің құралдары арқылы балалар әртүрлі тапсырмаларды орындайды. Бейнелеу өнерінің құралдарымен танысып, олардың ерекшеліктерін, түрлерін ажыратуға үйренеді. Нысананы елестету, санаға бейнелеу, зейінді бір арнаға шоғырландыру сияқты үрдістер психологиялық қабілеттерді қажет етеді.
Сондықтан да мектепке дейінгі біім беру ұйымдарында арт — терапияны қолданудың маңызы зор. Арт-терапия жаттығулары балаға өзінінің шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Арт — терапия бейнелеу, мүсіндеу, музыка өнерінің элементтерін қолдану арқылы ұйымдастырылады.
Арт — терапия баланың бойында шығармашылық, коммуникативтілік, жауапкершілік, визуализация сияқты құзыреттіліктер қалыптасады. Педагогикалық тәжірибеде арт-терапияның көптеген түрлері қолданылады.
Атап айтсақ, музыка терапиясы, құм терапиясы т.б. Бұл технологиялар баланың релаксациялық қасиеттерін дамытады. Мысалы, құм терапиясы арқылы баланың қол моторикасын дамытады. Құммен сурет салу арқылы бала өзінің ойын, қиялын, табиғатқа деген қарым-қатынасын көрсетеді. Табиғаттағы әртүрлі құбылыстарды құм арқылы бейнелеуге тырысады. Құммен жұмыс істеу нәтижесінде өлі табиғатқа жан бітіреді. Баланың шексіз ойын құмдағы сурет жеткізеді. Шексіз кеңістікке бойлай отырып, бала табиғат пен адам аасындағы гармонияны ұғынады. Алақанымен құмды ұстау қол моторикасын орнына келтіреді.
Арт терапияның көптеген бағыттары бар. Олар: музыкатерапия, сурет терапиясы, битерапия, кинотерапия, драмтерапия, куклотерапия. Балабақшада жиі қолданылатын терапиялардың бірі ойын терапиясы. Бала ойыншықтармен ойнау арқылы өзінің достарымен коммуникациялық қарым-қатынасқа үйренеді. Театр ойыны баланың өмірінде жиі қолданылады. Сахналық көріністер арқылы олар образдарды бейнелеуге үйренеді. Осындай ойындар олардың шығармашылық қабілетін дамытады.
Музыка терапиясы баланың зейінін бір нысанаға шоғырландыру үшін қолданылады. Музыка тыңдаған баланың әсемдікке, сұлулыққа деген сүйіспеншілігі оянады. Ырғақпен айтылған музыка әуені баланың ми қатпарларының дұрыс жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Баланың көңіл күйін көтереді, мотивациясын оятады. Бейнелеу өнері немесе сурет терапиясы. Баланың шығармашылық дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.
Баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы бейнелеу өнері арқылы жүзеге асады.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту құралы ретінде сурет салу терапиясын қарастырып көрейік. Суреттердің тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін. Балалар өздері қызыққан суреттерді салады. Қоршаған ортаны, жекелеген заттарды, әдеби кейіпкерлерді және т.б. Балалар көбінесе ертегілердегі кейіпкерлерді салуды ұнатады. Ертегі кейіпкерлерін салу арқылы олар ертегіге деген қызығушылықтарын және логикалық ойлау дағдысын дамытады. Ертегі образдарын суреттеу, бейнелеу маңызды әрекеттеріне айналады. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлердің суретін салу арқылы олар адамның бойындағы қасиеттерді түсіне бастайды. Сонымен қатар ертегілердегі табиғаттың тылсым күштері мен құбылыстарын бейнелеуге үйренеді. Осы арқылы табиғаттағы қарапайым заттар туралы түсініктерін кеңейтеді. Сурет салудың әдістері өте көп. Соның қарапайым түрлері балабақшада қолданылады. Суреттегі түстер баланың эмоциясын көрсетеді. Мысалы: қызыл түс – ашулы, қара,– көңіл күйінің жоқтығы, сұр – мазасыздығын білдіреді. Кейбір жеке түстер баланың жеке ішкі сезім күйін, мысалы: сары мен қызыл көтеріңкі көңіл күйді, жасыл – тыныштықты, сабырлықты білдіреді. Сурет салу кезінде баланың көңіл-күйін көтеруге, қуаныш сезімдерін оятуға болады. Арт терапия арқылы баланың бойындағы қабілетті ашып, шығармашылығын дамытуға болады.
Мысалы: сәбилер тобында балалар алақанмен, бастырмамен, саусақпен сурет салуды үйренсе, ересек топтарда қағазды екіге бүктеу арқылы, түтікшемен үрлеу, шашырату әдісімен, далаппен салуды және жіпті, жапырақтарды қолданып сурет салуды үйренеді.
Арт-терапияның көптеген түрлері қолданылады. Атап айтсақ, музыка терапиясы, құм терапиясы т.б. Мысалы, құм терапиясы арқылы бала өзінің қиялын, қол моторикасын дамытады. Құммен сурет салу бүгінгі білім беру жүйесінің инновациялық технологияларының бірі болып табылады. Құмды алақанымен ұстаған кезде бала белгілі бір шексіздікті сезінеді. Креативті ойлау дағдысы арқылы баланың өзіне деген сенімі артады. Сурет салу бала қиялын дамытуға мүмкіндік береді.
Осы орайда мектепке дейінгі білім беру ұйымында арт — терапияны қолданудың маңызы зор. Арт-терапия жаттығулары балаға өзінінің шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Арт — терапия бейнелеу, мүсіндеу, музыка өнерінің элементтерін қолдану арқылы ұйымдастырылады.
Қорыта айтқанда, шығармашылық қабілетті қалыптастыру заманауи білім беру үрдісінің негізгі бағыты болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер
- Копытин А. И. Основы арттерапии. СПб., 1999. 4. Психотерапия / Под ред. Б. Д. Карвасарского. СПб., 2000
- Сидоренко М.Н. Возможности арт-терапии в развитии и коррекции эмоционально-поведенческой сферы детей дошкольного возраста // Интернет ресурс: http://sibac.info/index.php.
- Мардер Л.Д. Цветной мир. Групповая арт-терапевтическая работа с детьми дошкольного и младшего школьного возраста. – М.: Генезис, 2007. – 143с.