Home » Балабақша » Мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер құру бойынша әдістемелік көмек

Мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер құру бойынша әдістемелік көмек

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру жағдайында ашықтықты, ата-аналармен тығыз ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды көздейтін нысаналы бағдарлар қойылды. Білім беру жүйесінің алдына қойылған міндеттер оқу-тәрбиелеу процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту процесіне ата-аналарды тарту мәселесі мынадай бағыттарда шешіледі:

1) ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;

2) ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның қызметіне тарту.

Ата-аналарға көмек көрсету жолымен оларды педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту мақсаты қойылған. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін:

1) әр тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнату;

2) балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру;

3) өзара түсіністік атмосферасын құру, мүдделердің ортақтығын, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілері мен педагогтері, ата-аналар арасында қарым-қатынасқа деген оң көзқарас пен тілектестікті қолдау;

4) балалардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен сындарлы ынтымақтастықта қарым-қатынас орнату үшін педагогтерді даярлау көзделеді.             

         «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы       Мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың (1-2 жас) ата-аналарына арналған консультациялық пункттер құру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеп, www.rc-dd.kz сайтының «Әдістемелік материалдар» бөліміне орналастырғанын хабарлайды.

Мектепке дейінгі ұйымдар жанынан консультациялық пункттер құру қоғамда көп балалы, аз қамтылған отбасыларды және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға, отбасының тұрмысы мен қаржылық жағдайын жақсартуға, ата-ана жүктемесін азайтуға, аналардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Консультациялық пункттердің мақсаты тек балалармен тәрбиелеу-білім беру процесін жүргізіп қана қоймай, аталған жұмыстарды олардың ата-аналарымен ықпалдастықта ұйымдастыруды көздейді.

Міндеттері:

  • әр баланың сапалы және қолжетімді білім алу құқығын іске асыру;
  • ерте жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйым жағдайларына табысты бейімделуі үшін жағдай жасау;
  • балалардың толыққанды дамуын, олардың құрдастары мен ересектер ортасындағы қарым-қатынаста әлеуметтенуін қамтамасыз ету;
  • нәресте және ерте жастағы балалары бар ата-аналарға көмек көрсетуге бағытталған мектепке дейінгі білім берудің жаңа нысандарын дамыту;
  • мектеп жасына дейінгі балаларды күтіп-бағу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмек көрсету.

               Әдістемелік ұсынымдар консультациялық пункттер құруда мектепке дейінгі ұйым басшылары мен педагогтеріне көмек ретінде ұсынылған және және келесі жұмыс бағыттарын қамтиды:

— мектепке дейінгі ұйымдар жанындағы консультациялық пункттердің қызметін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық база;

— 1-2 жастағы балалардың даму ерекшеліктері;

— мектепке дейінгі ұйым базасындағы консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру тәртібі;

-консультациялық пункттерде ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

 

 

Әдістемелік ұсынымдардың қосымшасында консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыруда негізге алатын мектепке дейінгі ұйым мен баланың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өзара міндеттемелері туралы шарттың, мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың (1-2 жас) ата-аналарына арналған консультациялық пункттің жұмыс жоспарының, мектепке дейінгі ұйымға бармайтын 1 жастан асқан балалардың ата — аналарына (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін консультациялық пункт құру жөніндегі нұсқаулықтың үлгілері берілген.

Мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың (1-2 жас) ата-  аналарына (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсету: талдау, ақпараттық,  әдістемелік-ұйымдастырушылық, консультациялық қызметті қамтиды және оқу жылының соңында осы қызмет түрлеріне талдау жүргізіледі.

Әдістемелік ұсынымдар консультациялық пункттер құру арқылы  ерте жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйым жағдайларына табысты бейімделуіне, балалардың толыққанды дамуы және құрдастары мен ересектер ортасында әлеуметтенуін қамтамасыз етуге, ата-аналардың отбасында баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселелері бойынша педагогикалық құзыреттілігінің артуына ықпал етеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.