Алматы қаласы білім басқармасының «№132 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК “Жарқын болашақ” жобасы аясында ата-аналармен сұхбат өткізді.
Сұхбаттың мақсаты — балаға КМҚК №132 бөбекжай- балабақшасында және отбасында бақытты болуға, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.
Ата-аналармен ұйымдастырылған сұхбат төрт кезеңнен тұрды: “тамақтану”, “серуен”, “ұйқы” және “балабақшадағы бейне көрініс”.
Бірінші “Тамақтану” кезеңі бойынша
ата-аналармен сұхбаттасқан
«№132 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК тәрбиешісі Кулназарова Назерке Кемелбековна. Бұл кезеңде
ата-аналармен балабақшадағы тамақтың берілу мөлшері, баланы қалай дұрыс тамақтандыру туралы ашық сұхбат айдары өтті.
Екінші “Серуен” кезеңін
«№132 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК тәрбиешісі Садуахасова Аидана Жылқайдарқызы өткізді. Бұл кезең
ата-аналарға практикалық тапсырмадан басталды. Балаларды сыртқа серуенге қалай киіндіру керек, қалай шығару жайында сұхбат болды.
Үшінші “Ұйқы” кезеңін «№132 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК тәрбиешісі Тойғайбек Бекзада Шәріпбекқызы өткізді. Бұл кезеңде ата-аналарға баланың дұрыс ұйықтау тәртібі мен ұйықтау уақыты жайында таныстырылып, ата-аналармен әңгімелесу жүргізілді.
“Балабақшадағы бейне көрініс” кезеңін «№132 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК педагогтары қойды. Бүгінгі таңда өзекті болып тұрған, балабақшада орын алатын балалардың ойын арасындағы қақтығысына
ата-аналардың араласуын сахналап шықты.
Аталған төрт кезеңнің барлығы да практикалық тапсырмалардан тұрып, сұхбаттар жүргізілді.
Берілген 4 сағат ішінде ата-аналар тәрбиеші жұмысының бір бөлігімен танысты.
Балабақша меңгерушісі әрі
“Жарқын болашақ” жобасының жетекшісі Сандугаш Огизбаевна
ата-аналармен өткен төрт сағаттық сұхбатты өзі жүргізді. Сұхбаттың “спикері” болды десек те болады.
Семинар барысында «Күншуақ» және «Ақжелкен» топтары әсем ән айтып,
мың бұралып би биледі.
“Өнерлінің өрісі кең” дегенді ұран еткен балабақша ұжымы семинар соңында әуелетіп ән шырқап, биді де биледі.
Балабақша ұжымы мен ата-аналардың мақсат-міндеттері бір. Ол, әрине балалардың тәртіпті, білімді, елі ертең мақтан ететін ұл-қыз өсіріп тәрбиелеу.
Балаға тәрбие мен білім беруде басты тұлға ата-ана болса, оны жалғастырушы, демеуші-педагогтер.
Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша.
Сондықтан “Отбасы-Бала-Балабақша” үштігінің іргетасы мықты болсын.
«Bilim Ainasy»,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы
Салеметсиздер ма, балабакша ужымына, менгерши Сандугаш Огизбаевнага алгысымыз шексиз. Балабакшамыз осындай ана-бала-балабакша такырыптагы тренинг жогары денгейде отуде, рахмет сиздерге
Назерке апай❤️