Бүгін Маңғыстау облысының Антикор орталығында ҚР Порттар әкімшілігі, Маңғыстау облысының Көліктік бақылау инспекциясы, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті басшылары мен жеке құрамының қатысуымен семинар өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті мамандары Н.Мұқатай, Е.Сисеналиев және ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша депаратаментінің бас маманы Қ.Нышанбаев баяндама жасады.
Шара барысында Е.Сисеналиев мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың қызметіне ішкі және сыртқы талдау жүргізу туралы толық мағлұмат беріп, департаментпен жасалған сыртқы талдау нәтижелеріне шолу жасады.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, «1424» фильмін тамашалаумен аяқталды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің Маңғыстау облыс бойынша департаменті.