Home » Мақалалар » Ұлттық тәрбие–ұлт болашағы

Ұлттық тәрбие–ұлт болашағы

Сулейменова Сара Асанхановна

Мақсаты:
Оқушылардың ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ата-ана, ұстаз, оқушы және жаттықтырушы арасындағы ынтымақты нығайту.
Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
Көрнекілігі: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.

Тәрбие сағаттың барысы:

Тәрбиеші сөзі:- Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке — асқар тау, ана — бауырындағы бұлақ, бала — жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.
Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?
Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.
Бала тәрбиесіне арналған асыл сөздерге тоқталу.
Тәуелсіздігімізді алып,өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше.Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек. .
Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
1.Топтастыру:

2. «Сөз маржаны» Балалардың жаттаған өлеңдеріне шолу жасайық!
1 оқушы:
Жастай берген тәрбие
Жас шыбықты игендей
Естіге айтқан ақыл сөз
Шыңға тіккен тумен тең
Ессізге айтқан ақыл сөз
Құмға сіңген суммен тең
2 оқушы:

Баба өсиетін ұлықтау
Бәрімізге тиісті іс
Бабалардың мирасын
Ұмытпауға тиіспіз
Өтсе де уақыт зымырап
Тарихты қалай ұмытпақ
Бабалардың мирасын
Еске алып жүр жас ұрпақ

3 оқушы:
Атадан ұл туса игі
Ата жолын қуса игі
Өзіне клер ұятың
Өзі біліп тұрса игі
4 оқушы:

Таза мінсіз асыл сөз
Су түбінде жатады
Таза мінсіз асыл тас
Ой түбінде жатады

5 оқушы:
Су түбінде жатқан сөз
Жел толқытса шығады
Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады

6 оқушы:

Нұржауған Атам кітап,мен дәптер
Ақыл толы сөзінде
Қызығам да әлбетте
Көшіремін өзіме

7 оқушы:
Еш дүкенде сатылмас
Тегін кітап атамыз
Жаңарғанын сананың
Ұмытады мұны кім
Өсиеті атамның
Мұра тұттық біз бүгін
8 оқушы:
Кең даламның ежелгі
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттың біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз
Ата салтын ардақты
Әрбір сөзі салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты

Сергіту сәті: шатасқан әріптер

3. «Сөз асылы – мақал» деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныс та — бала. Осы бала бағбаны кімдер?
Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашан да ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.
4. « Жалғасын тап»
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
6. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
7. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
8. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
9. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
10. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

Додокаэдр әдісі: (сабақта оқушылар бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында және оқушылардың адамгершілік қасиетін дамыту мақсатында қолдануға болады)

Тәрбиешінің қорытынды сөзі:
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұңайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сабақтан алған әсерлерін тыңдау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.