Сатыбалдиева Баян Жунисхановна.
КММ 103 Санаториялық бөбекжай бала бақша
меңгерушісі
Алматы қаласы, Жетісу ауданы №103 санаториялық бөбекжай-балабақшасында “Қадірдің бақытын іздеуі» атты ертегі қойылымы өтті. Мақсаты: балаларды ертегі арқылы жақсы және жаман қасиеттерді ажыратып, жағымды қасиеттерді өн бойына сіңіре отырып, йога, нейро, тыныс алу жаттығуларының денсаулыққа пайдалы екенін, ой мен қиялды дамытуға әсер ететіні туралы түсініктеме беру. Жалпы, ертегі дегеніміз не?Алдымен осы, атаулы сөзді ашып алайық. Ертегі – ауыз әдебиетінің ең көне жанры болып табылады. Ертегі оқиғасында өмірде сирек кездесетін не болмаса адамның қиялынан туған, өмірде мүлдем кездеспейтін оқиғалар баяндалады. Біздің балабақшада өткен ертегіге тоқтала кетейін. Ертегінің кіріспе бөлімінде оркестрмен әсем әуен «Түймелі қолғапты» айтып Қадірдің сапары басталады. Бақытын теңіз түбінен іздеген Қадір ауды алып теңізге лақтырады сап етіп қармағына «алтын балық» іліне кетеді.Алтын балық:
– Сен емес, мені балықшы шал аулау керек еді…?-деп таңырқап қалады.Даңдайсып жауап берген Қадір:
-«Сен не, мені менсінбей тұрсың ба?Бақыт балықшы шалға ғана керек дейсің бе? Мен де іздеп келіп тұрмын, сол бақытты»-дейді.
Алтын балық байыппен:
-Мені жібере сал. Сен іздеген бақыт бұл ертегі де жоқ. Біле білсең,бақыт ақылдылықта, ептілікте жатыр. Өзін ақымақ санап тұр деп ойлаған Қадірге алтын балық теңіз тұрғындарының жұмбағын шешуді ұсынады. Дәл осы тұста бақыттың іздеп ойланып әлі де ми шынықтыру керектігі,жоғары да аталып өткен нейро жаттыгуын жасау керек болады. Қадір ортада көзін жұмған күйі отырып қалады. Қадірдің бақытына жол бұнымен біткен жоқ.
Бишілер, сырнайшылар келіп ән шырқап,ритмикалық биге ұласады. Келесі Хан-Қатира атты кейіпкермен сөзге келісе алмай қалған Қадірді айласы бар біреуекен деп, өз еліне қайтарудың амалын жасау үшін йога жаттығуын жасатады. Қолымызды жанымызға түсіріп,денемізді еркін ұстаймыз. Алдымыздағы тыныс алуға арналған құралымызды алып, мұрнымызбен демді ішке тартып, түтікшеге демді шығарамыз дегенше, Қадір өз еліне оралатын болады. Бақыт өз үйімде, жерімде, еңбекте екен, Ел аралап бақытымды табамын деген ақымақтық болды,- деп ақылға келеді. Жын мен балалар өз араға келісімге келіп олардың үш тілегін орындайды. Балалардың барлық тілегі орындалады. Үшінші тілек:Ертегілер ешқашан таусылмасын. Иә, дәл солай балалар жынды босатып оның да тілеуін орындап еркіндік берді. Сол кезде Қадір өкініп бақыттың еркіндікте, жақсылықта, достықпен бірлікте екенін айтып мойындайды.
Міне, біздің ертегі желісі осындай болды. Ең бастысы бүлдіршіндер өздеріне берілген рөлді жоғары деңдейде сомдап шықты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші қойылымға атсалысқан тәрбиешілермен балдырғандардың еңбегі зор.
Музыка жетекшісі:Назарова Гүлсім Амирбековна
Шолпанкулова Жансая Тұрсынжановна-іс шараны жүргізген
Тұрсынбаева Қатира Акилтаевна
Абилашимова Кумискул Дагашевна-жын
Алибаева Алма Серикбаевна-Қадір
Сагинаева Гүлжанар Мирзамадиновна-ұстаханашы
Игибаева Несіпкуль Оспановна-ұйымдастырушы
Бухарбаева Гульнур Жамахановна -ұйымдастырушы
Көпекова Сандуғаш Керимовна -ұйымдастырушы
Асенкожаева Дарига Жунискановна-ұйымдастырушы
Сыдыканова Шынар Кадирмоллаевна -әженің рөлі
Муканова Надира Мажитовна -ұйымдастырушы
Асқабылова Балнұр Асхатқызы -ұйымдастырушы
Тұрлыбекова Шархан Абдезовна –мыстанның рөлінде
Такибаева Жанар Арыновна -ұйымдастырушы
Нурбекова Аян Дуйсеновна -дала рухы
Мусаева Асия Несипбековна -ұйымдастырушы,
Абилаханова Лязат Абилахановна- ұйымдастырушы
Кудайбергенова Багила Досановна -ұйымдастырушы
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болсын: Бәріміз …ерте, ерте ертеде деп, әжесінің ертегісін тыңдап өстік. Құлағымызда қалған аңыз-әңгіме бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып жаңғыруда. Кішкентай бүлдіршіндердің даму кезеңінің ең алғашқы сатысы-балабақша. Сондықтан, бізді, әрқашан олардың жарқын болашағы қызықтыруы керек. Өскелең ұрпақтың бойын өнерге баулып, көздерін кітап оқуға құмар ететін болсақ, келешекте ойы ұшқыр, айтары бар азамат-азаматша болып ер жетеді. Бұл жолда біздің ұлы іс үлкен еңбекті қажет ететін борыш.