Home » Балабақша » Тәуелсіздік – тұғырым!

Тәуелсіздік – тұғырым!

Хадия Лида,
Астана қаласы әкімдігінің
№76 «Әдемі»  балабақшасы МКҚК
«Ботақан» ересек  тобының тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні туралы түсінік беру; Танымдылық қабілетін арттыра отырып, балаларды ұлттық сезімге баулу; Балаларды Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздердің суреті, күн суреті, қажетті құралдар, т.б.
Барысы:
Шаттық шеңбер
Ашық болсын күніміз,
Биікте тұрсын туымыз.
Тату-дос боп халықтар,
Бақытты болсын балалар!

Тәрбиеші:— жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім, сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республика ән ұраны.
— Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін еліміздің әнұранымен бастайық.

Ой-қозғау.
Тәрбиеші: — Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы «Менің Отаным — Қазақстан!» деп аталады.
Тәрбиеші: — Балалар, айтыңдаршы «Отан» дегеніміз не? –Иә, бұл сендер тұратын жер, туған үйлерің, халқың. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қане, балалар, Отан туралы кім тақпақ біледі екен?
(балалар Отан туралы тақпақтарын айтады).

Асылым:
Отан деген-атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан-ана, Отан-үлкен,
Қазақстан-туған ел!

Асқар:
Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.

А.Айлин:
Отаным – қазақ елім, алға ұмтылған,
Өз елімде кезім жоқ сағым сынған.
Шалқыған ел шоқтығын көрсем деймін,
Бәсекелес елу елдің қатарынан.

 Нурали:
Ұлан байтақ жері бар,
Пайдалы қазба кені бар.
Тәуелсіз ел – Қазақстан
Көркіне көркі жарасқан.

Ислам:Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен- байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тура бер
Қазақстаным менің!

Мариям:
Туған жер – ата қоныс, атамекен,
Бауыры талай жанға болған мекен.
Әр ұлттың басын қосқан бір арнаға
Қазақ елі – ұлы ел, менің өлкем.
Медеу:
Жері кең, сахарадай неткен көркем,
Әлемде 9 санын тұрақ еткен.
Мұнайлы алтын, күміс, жер қойнауы
Мен осы өз өлкемді мақтан етем!

Алим:
Менің туған ауылым,
Туған жерім, мекенім.
Өскен жерім Шоқаным,
Жарқырасын жұлдызың.

Димаш:
Отаным менің – Қазақстан!
Мәңгілік сенімен мақтанам.
Саяңда жүрсем әрдайым,
Күлімдеп жүрем, бақ табам.

Бибі:
Отаным менің – Қазақстан!
Қарызбын саған әрқашан.
Азаматтық борышты,
Өтеуге мәңгі талпынам.

Асима:
Отаным менің – Қазақстан!
Атыңнан сенің айналам.
Бас иіп саған өтемін,
Жасай бер, жаса Қазақстан!

Тәрбиеші: — Ал, енді айтыңдаршы, Егемендігіміздің белгісі нелер?
Балалар: — Рәміздеріміз. Ту, Елтаңба, Әнұран.
Тәрбиеші: -Туда ненің суреттері бейнеленген?
Балалар: -Күн, бүркіт, ою-өрнек.
   

Айым:
Тудың түсі көгілдір. Ортасында күн. Күннің астында қыран құс. Оң жағында қазақтың ою-өрнегі. Мемлекеттік тудың авторы —  Шәкен Ниязбеков.

Тәрбиеші: -Дұрыс. Күн бейбітшілікті, байлықты білдіреді, ал қыран бүркіті – тәуелсіздіктің белгісі. Ою-өрнек  қазақ елінің дәстүрін білдіреді.

Тәрбиеші: — Ендеше өзіміздің жаттаған тақпақтарымызды Тәуелсіздік мерекесіне шашу етіп шашайық.
Адия:Айнымайды   аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.

Алимжан:Арымыздай тап-таза,
Жанымыздай шуақты.
Көтерілді биікке,
Қазақстан байрағы. 

Қ.Аружан:Естісін ел үніңді,
Дүние түгел естісін!
Тәуелсіздік туыңды,
Биік ұста бүлдіршін!

Амир:Зеңгір аспан көгілдір,
Алтын күні төрінде.
Тамылжытып төгіп тұр,
Шаттық сыйлар көңілге.

Медина:Елтаңбамыз ажарлы,
Әнұранымыз әуенді.
Асқақ бола түссін!
Елдігіміздің белгісі!

Адель:Көк аспандай көгілдір,
Қазақстан байрағы.
Нұрын күндей төгіп тұр,
Жылдарымыз жайдары.

Иманғали:Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты .
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты.

Тәрбиеші: -Ал, Елтаңбадан ненің суреттерін көруге болады?
Балалар: -Пырақ, шаңырақ, жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу.
Аяла:Елтаңбаның ортасында шаңырақ. Екі жағында тұлпар, жоғарғы жағында жұлдыз, астында «Қазақстан» деп жазылған. Елтаңбаның авторы —  Жандарбек Мәлібеков. Шота Уалиханов.

Тәрбиеші: -Жұлдыз – жарықты білдіреді, тұлпар – батырлық пен қажырлық нышаны. Шаңырақ – ошақ амандығын білдіреді.
Елтаңба туралы Ерден айтып береді.
Құтты береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.

Ән: «Елтаңба»
Дидактикалық ойын: Үстел-үсті ойыны: «Асықтар». Додокаэдрмен ойын.
Балаларға «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын түсіндіру.

Ярослав:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн!
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн!

 Карим:
Жасай берсін Ұлы күн,
Үміті боп елінің.
Ақ күні боп баланың,
Шаттығы боп атаның

Милана:
Он алтыншы желтоқсан-
Елдің ұлы мейрамы.
Жаңа шыққан көктемдей,
Жаз күніндей жайдары.

Данеля:
Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі Жерің де,
Өзіңдікі өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!

Т.Айлин:
Мұзға жанған желтоқсанның жалауы,
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы!
Ол әркімге еркін өмір сыйлайды,
Жақсы атақпен нұр шапағын жинайды.

Н.Аружан:
Өзіңдікі Туың да,
От пен ауа, суың да
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буын да!

Ерасыл:
Сәнді біздің мектебіміз
Жасыл желек көшеміз
Аясында Отанның,
Асыр салып өсеміз

Ержан:
Әйнегі — күн, шатыры — аспан
Кең дала, төсегі толқыған есік.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан — Республикам менің!
Сергіту сәті:
Қане, қане тұрайық,
Киіз үйді құрайық.
Бір уықты қолға алып,
Шаңыраққа қадайық.
Оңға, солға бұрылып,
Арқандарды тартайық.
Би: «Шайға шақыру биі»

Мадақтау:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларды  мадақтау. Қорытындылау: осындай Тәуелсіз Қазақстан елінде тату-тәтті ғұмыр кеше берейік дей келе, бүгінгі  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтаймыз.

Хормен:
Жақсыдан үйренейік,
Жаманнан жиренейік!
Еліміздің ең ақылды, ең білімді, ең бақытты азаматы болайық!
Тәрбиеші: — Балалар жарайсыңдар! Өздерің Отандарыңды қалай сүйетіндеріңді дәлелдеп бердіңдер! Осылай еліміз, жеріміз гүлдеп, жайнай берсін!

18 комментариев

  1. Керемет! Қолданатын боламыз!

  2. Нариман

    Күшті керемет

  3. Арайлым

    Керемет, жетістікке жете беріңіз

  4. Шығармашылық табыс тілеймін

  5. Күшті!!👍🏻👍🏻👍🏻

  6. Шығармашылық табыс тілеймін! Еңбегіңіз елене берсін!

  7. Гульнурым

    Шығармашылық табыс тілеймін

  8. Назгуль

    Жарайсың,құрбым! Тек, алға! Білімді балапандарың көп болсын! Еңбегіңнің жемісін көр!

  9. Бахытгүл

    Керемет,әріптес, білім айнасын жаңарта бер!

  10. Эльмира

    Өте білімді, сыпайы тәрбиеші!

  11. Ұстазы мықтының ұстанымы мықты дегендей әрдайым биіктерден көріне бер

  12. Керемет. Бииктерден корине бер 🤗

  13. Керемет, Биік шыңдарды бағындыра беруіңе тілектеспін!

  14. Айгерім

    Керемет! Білімді балапандарың көп болсын!

  15. Асылжан

    Жарайсың, Лидажан. Еңбегің жемісті болсын!

  16. Керемет жасалған

  17. Болашақ ұрпағымыз ұлтжанды азамат болып өссін

  18. Керемет!Енбегиниз жана берсин!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.