Home » Мақалалар » «Санадағы бөлме» терапиясы

«Санадағы бөлме» терапиясы

Жанұзақ Бульвар Баймаханқызы
Ақмола облысы   Астана қаласы
Педагог- психолог

 «Санадағы бөлме» терапиясы

Жаңа уақыт жаңа сұрақтар тудырады. Көптеген адамдар бүгінгі сұраққа жиі-жиі: «Неліктен?» деп сұрайды. Бұндай мәселелер мектеп жасындығы балаларда, және ересек адамдарда көптеп  кездесетін  болғандықтан  белсенді түрде сұрақ туындайды. Жоғары сынып оқушыларының  сабақ барысындағы қиындықтары  және  әртүрлі жастағы адамдардан, менің тарапыма келіп түскен сұрақтардың   басым көпшілігі: ұйқы тынышсыздығы, алаңдаушылық, қорқыныш, шиеленістің артуы, агрессивтілік, белгісіздік, оқшаулану, коммуникациядағы бұзылулар және т.б.

Ұйқы қанбаса, мидың кей бөліктерінің қызметі нашарлайды. Мысалы төбе бөлігіндегі нейрондар үдерісі баяулайды, соның себебінен реакция жылдамдығында мәселе туындайды, ойды жүйелей алмай, тіпті көру қабілеті де нашарлауы мүмкін. Мидың шаршауы бүкіл негативті нәтижеге әкеліп соғады. Психологиялық бұзылыстар кездесіп жататын әрбір жанның ең бірінші ұйқы тәртібін осы  «Санадағы бөлме» терапиясы арқылы  қалыптастырсақ, мазасыздық пен алаңдаушылықты түзетуге болады. Оған нақты себептер, ең бірінші болып мен өз тәжерибемнен өткіздім. Өзімен жақсы нәтиже көргендіктен, өзгелерге де неге көмегім тимеске деген оймен ұсынылған жоба. Адамдада дұрыс ұйықтау арқылы ми тыныштығы қалыптасады, өзіне-өзі сенімділігі артады, алаңдаушылық бәсендеп, қорқыныш деңгейі төмендейді.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін  мынадай әдістер қолданылады:
1.Шоғырландыру
Көрнекі, дыбыстық және физикалық сезімдерге, эмоцияларға, сезімдерге және тәжірибеге назар аударыңыз.
2.Функционалдық музыка.
Музыканы жігерлендіру және қалпына келтіру эмоционалды шиеленісті төмендетуге көмектеседі, көңіл аударады.
3.Ертегі терапиясы.
4.Игротерапия.
Шиеленісті азайту үшін бұлшықет қысқыштары қолданылады. Мазасыздық. Сенімді жоғарылату, қорқынышты азайту.
5.Арт-терапия.
Қорқынышты күшейту, сенімнің артуы, жақсы моториканы дамыту, алаңдаушылықты төмендету.
6.Релаксация.
— Дене мен психиканы белсенділікке дайындау, ішкі дүниеге назар аудару, шамадан тыс және жүйке кернеуінен босатады.
Міне көрсетілген нақты әдістерді  қолдана отырып «Санадағы бөлме» терапиясын жүзеге арысамыз. Жасөспірім мен ересектерге  берілетін тапсырма оның мүмкіндіктеріне сәйкес келу керек. Егер өте қиын, шамасы жетпейтін тапсырманы  ұсынғанда, сіз алдын-ала сәтсіздікке душар еткізбейтіндей ең алдымен оның өзін-өзі бағалауының төмендеп кетпеуіне, өзіне деген сенімділіктің артуына жағыдай жасауымыз қажет.
Әрбір ата-ананың, және баланың болашақта бақытты болуын қаласақ, жақсы көңіл-күйге, адекватты мінез-құлыққа ерекше назар аударуымыз қажет. Ал балалардың психологиялық денсаулығы ересектердің назарынан тыс қалмауы керек. Психологиялық тұрғыдан сау тұлғаның үлгісі:
—        «Мен» оң имиджінің болуы, яғни баланың және басқа адамдардың абсолютті қабылдауы;
Осы жоғарыда аталған жандардың күнделікті өмірінде болып жатқан мәселелер ғана емес, сонымен қатар басқада уақыттарда мазасызданып  және оның миында, жүрегінде тыныштық болмай жататындығына, қандайда бір психологиялық тұрғыдан көмек болмаса, ол жандарда ешбір  айырмашылық болмайды. Егер ұйқы режимі дұрысталған жағдайда, жоғарыда көрсетілген  психологиялық бұзылыстар қалыпты деңгейге енеді. Сондықтан бұл «Санадығы бөлме» терапиясының  маңыздылығы жоғары деп білемін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.