Home » Мақалалар » Шөлденуге ұшыраған аймақтарды анықтау

Шөлденуге ұшыраған аймақтарды анықтау

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Әулиекөл ауданы білім бөлімінің
Көктал жалпы білім беретін мектебі» КММ
Нажиканова Кульмай Ахметқызы,
биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші

  Ғаламдық проблемаларды планетаның барлық мемлекеттерінің ынтымақтастығы мен бірлескен күшінсіз шешу мүмкін емес. Бірақ ол өндірістік және техникалық салалардан гөрі,ішкі және сыртқфы саясатта жаңа қатынастардың туындауын қажет етеді.Басқаша сөзбен айтқанда олардың табысы орындап шығу үшін,қазіргі орын алып отырған халықаралық тәртіп өзгеруге тиіс.

Ғаламдық проблемалар-әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар.Осы құбыластардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде назар аудартып отырған ғаламдық мәселелердің бірі — шөлдену процесі. Дүние жүзі бойынша миллиондаған гектар жерлер шөлге айналып, жарамсызданып бара жатыр.

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы-глобалистика зерттейді.

Экологиялық факторлар-организмге қажетті немесе теріс әсерінен тигізетін орта элементтері.Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйде әсер етеді. Шөл, шөлейтті жерлердің өсімдіктеріне жоғары температура мен ылғалдың аздығы шамалы. Міне, осы жағдайлар мен факторларға организмдердің бейімделуі-ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тарихи дамудың жемісі.Соның нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың түбегейлі қалыптасқан географиялық бөлімдері айқындалады.

Экологиялық факторлар-абиотикалық,биотикалық және антропогенді.

Табиғатты ұтымды пайдалан, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар.      Экологиялық тұрғыдан таза, альтернативті энергия көздерін пайдалану-экожүйелер мен қоғамның тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі.

Тақырыптың өзектілігі: Әлемде болып жатқан проблемаларды кеңінен зерттеу, шөлдену процесінің негізгі факторларына тоқталу, сонымен қатар аталған мәселелердің түрлі шешу жолдарын қарастыру.

Мақсаты: Адамзаттың ғаламдық проблемасына айналған шөлдену процесінің тудырып жатқан қауіптілігі және оны шешу жолдарына сипаттама беру.

Міндеті: ғылыми жобаның басты міндеті:

  • Әдебиеттерді пайдаланып дүние жүзінің проблемаларын анықтау;
  • Экологиялық пролемаларды;
  • Шөлденуге ұшыраған аймақтарды анықтау;
  • Топырақтың тұздану, сортаңдану проблемасын;
  • Ормандардың азаю проблемасын;
  • Жер ресурстарын өндіріс қалдықтарының бүлдіруі проблемасына сипаттама беру.

Зерттеу обьектісі: Проблемалардың қандай жағдайда болуын және оны шешу жолдарын ұйымдастыру. Шөлдену процесі таралған негізгі аймақтарға салыстырмалы сипаттамалар, салыстырулар жасау.  Сонымен қатар шөлденуді тудыратын факторларды анықтай отырып, динамикасын құрастыру

1.ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Адамазат қоғамының табиғатпен қарым-қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды. Адам жерде пайда болған кезден бастап оның биосфераға тигізетін әсері үнемі үдеп отырды. Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр.Энергетикалық және минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала бастады. Антропогендік әрекеттің саналуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына әкеліп соқты.Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық-түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы және т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына әкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болды. Жылыжай эффекті, озон қабатының жарылуы,әлемдік мұхиттың ластануы,шөлдену және т.б.Эконимаканың экстенсивті дамуына байланысты экологиялық жағдай Қазақстанда да күрт нашарлады. Арал экожүйесінің бұзылуы, Каспий маңында және Шығыс Қазақстандағы қолайсыз экологиялық жағдай, Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялардың адамға қолайсыз болуы,топырақтың құнарсыздануы және т.б.

1.Биоэкология-тірі организмдерді, оның тіршілік ортасындағы өзгерістерін,адмның іс әрекетімен байланыстарын зерттейтін эколгия.

2.Аутэколгия-жеке организмдердің тіршілігін табиғи ортамен байланыстырып зерттейді.

3.Популяциялық экология-популяциялардың даму зандылықтарын табиғи ортамен үйлесімдік ортамен зерттейді.

4.Синэколгия-популяция,бірлестіктер мен экожүйелер арасындағы қарым қатынасты зерттейді.

5.Геоэколгия-жер қабығының даму заңдылықтарың,оның барлық тіршілік ырғағын біртұтас организм ретінде әлемдік денгейде қарастырады.

  1. Адам экологиясы — биосфера шегіндегі барлық мәселелерді және антропогендік экожүйелерді зерттеуді қамтитын кешенді ғылым.»Адам қоғам табиғат» арасындағы жеке адамның рөліне көңіл аударады.
  2. Әлеуметтік экология — адам қауымдастығы мен табиғат расындағы байланыстарды қарастыра отырып,адамның тіршілік ортасын салауаттандыруды зерттейді. Табиғатты тиімді пайдалану мен оны қорғауды ғылыми пракикалық негізін салу және жүзеге асыруды көздейді.

8.Боисфера-барлық табиғат заңдылықтарын

биосфера деңгейінде ең жоғарғы жүйе ретінде қарастырады.

Бірінші бөлім бойынша жалпы табиғат пен адм арсындағы байланыс,яғни адам әсерінен антропогендік факторлардың қалай туындайтыны айтылды. Адамзат қоғамының табиғатпен қарым-қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды.Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр. Энергетикалық және минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала басталды. Антропогендік әрекеттің саналуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптегн түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына әкеліп соқты.Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай,азық-түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы және т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына әкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болды:жылыжай эффекті,озон қабатының жарылуы,әлемдік мұхиттың ластануы,шөлдену  және т.б. Екінші бөлімді дүниежүзілік шөлдену процесі,жерлердің шөлденуін және тозуын анықтау жолдары,топырақ,жел және су эрозиялары нәтижесінде жерлердің шөлге айналуы,жерлердің тұздануы және құмдануы,сор топырақ түрлері,мұнай және мұнай өнімдерінің ластануы, Қазақстан территориясындағы шөлденуге ұшыраған аймақтар, Арал тағдыры.

Үшінші бөлімде шөлдену процесін жоюдың жолдары мен алдын алу шаралары қарастырылады. Бүлінген жерлерді қалпына келтірудің негізгі бағыттары төмендегідей болып келеді. 1) Рекреациялық бағыты. Бұл ретте ағаш-бұталарды парк типімен отырғызады,су қоймаларын жасап,спорт ойындарын өткізетің балалар аландарын салады. 2)Ауылшаруашылық бағыты.Мұнда барлығында ауыл шаруашылығында пайдалануға бейімдей жүргізеді.

3) Санитарлық-гигиеналық бағыты.Қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбеу мақсатымен бүлінген жерлерді концервациялайды(биологиялық немесе техникалық жолмен).

4) Орман-шаруашылық бағыты.Бұған орман ағаштарын егіп,әртүрлері орман типтерін қалыптастыру жатады.

5) Су шаруашылық бағыты.Қайта қалпына келтіретін жердің рельефтеріне байланысты қазылған жерлерде, сай-жыралар да әр-түрлі мақсаттағы су қоймаларын жасайды.Ескертетін жай,мұндай су қоймаларың олардың қабырғалары мен түбі су ұстай алатын және ондағы жынысытар зиянсыз болған жағдайда ғана салу керек.

6) Балық шаруашылығы бағыты.Яғни бұл-қалпына келтірілетінжерлерді балық өсіріге бейімдеу өсіруге бейімдеу деген сөз.

Қазақстанның соның ішінде Ақмола жерінде, жазық далаларында тұзды топырақты өңірлер мен техногенді құбылыстардың әсерінен бүлінген жерлер көптеп кездеседі.Топырақ жағдағдайлары өсімдік өсіруге соншалықты қолайсыз болғанымен,мұндай жерлерді мелиорациялау және сондай-ақ рекультивациялап,қайтадан шаруашылық айналымға қосу әлеуметтік-экологиялық маңызы зор мәселе болып табылады.Мұндай бүлінген жерлердің(әсіресе қуаң аймақтарда)өздігінен қалпына келуі,онда ағаш бұталардың пайда болуы өте ұзаққа созылған процесс.Техногенді жерлердің мүмкіндігінше тез қалпына келтірудің маңызы зор,біріншіден шаруашылыққа қажетті жер көлемі қайтарылса,екіншіден бүлінген жерлердің төңіректегі алқапты ластауы тоқтатылады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.