«Қостанай автомобиль көлігі колледжі»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнің оқытушысы
Сақау Зәүреш Жансултанқызы
«Қостанай автомобиль көлігі колледжі» барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Бұл еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды күн. Қазақстанның Тәуелсіздік күні жастарға патриоттық тәрбие беруде маңызды рөл атқарады . Мереке қарсаңында біздің колледжде «Тіл және әдебиет» және «Филологиялық пәндер» циклдік комиссияларының оқытушылары үш бөлімнің 1 курс білім алушылардың қатысуымен мерекелік онлайн-іс-шара өткізді, онда біздің тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасу, даму және өркендеу жолдары туралы бейне роликтер көрсетілді. Біздің колледж оқушылары мемлекеттік тілде өлең оқиды. Осы онлайн конференцияны өткізу әрбір оқушыға Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, адамгершілікті, белсенді азаматтық ұстанымды және патриоттық рухты сіңіруге бағытталған. Біз үшін Қазақстан-туған үйіміз, Отанымыз. Өз атамекеніне деген мақтаныш сезімін сезінген әрбір тұрғынға өз Отанының тарихы туралы ұмытпау, қазіргі заманның табыстары мен жетістіктерін бағалап, өз тарапынан республиканың одан әрі дамуы мен оның жарқын болашағы үшін көп күш-жігер жұмсау керек