Пернебай Гулбахар Турғынқызы
Түркістан облысы, Казыгурт ауданы
К.Сатбаев атындағы мектеп -лицейінің
директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
«Тәрбие тал бесіктен», — дейді дана қазақ. Қазақ халқының бозбала мен бойжеткенге деген тыйымдары мен ырымдары жетерлік. Ұрпақ тәрбиесі селқостықты көтермейді. Бүгінгі берген тәрбие мен білімің болашағы үшін маңызды. Абай Құнанбаев атамыз тәрбие туралы өзінің ой толғаныстарын қағаз бетіне түсіріп, ұрпаққа мұра етіп қалдырып кеткен.
- Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасында бір, болмаса айында бір өзіңе есеп бер.
Ұстаздық қызмет жауапкершілігі мол мамандықтар қатарында. Педагог партада отырған әрбір баланың, барлық жай-күйінен хабардар болуы тиіс. Әрбір білім беру ошақтарында тәрбие жұмысы алдыңғы орындарға қойылып, арнайы жылдық жоспар бекітіледі.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы білім беретін лицей орта мектебінің тәрбие жұмысы аудандық білім бөлімімен белгіленген 8 бағыт бойынша жүргізіледі. Бұған қосымша
- Сыныппен жұмыс, өзін-өзі басқару тобының жұмысы
- Суицид бойынша жұмыстар.
- ЖЖЕ, 4. Төтенше жағдайлар бойынша жұмыс.
- Қыздармен жұмыс, 6.Ұлдармен жұмыс,
- Қиын балалармен жұмыс,
8.Дарынды оқушылармен жұмыс
- Сынып жетекшінің портфолиосы. 10. Ата – анамен жұмыс.
Осы секілді оқушылардың рухани құндылықтарымен қатар, білімі мен тәліміне арналған арнайы тәрбие сағаттар жүргізілген болатын. Мектепшілік түрлі сайыстар мен додалар да өткізілген болатын. Арнайы айтулы күндер де біздің мектеп ұжымынан тыс қалмады.
Ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек» деген екен. Тәрбие туралы В.Белинский «Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» — дейді. Күн сәулесі әлемдегі тіршілік иелеріне қаншалықты қажет болатын болса, тәрбие де адам өмірінде аса өажетті құндылық ретінде қарастырылады. Бала — тәрбиесі өте күрделі процесс болып табылады.
Ұстазың басты мақсаты шәкіртінің өзі армандаған белестерін бағындырып, биіктен көрінгені. Шәкіртінің аты шығып жатса, онымен бірге жасасып қуанады. Сол секілді әр оқу жылында оқушыларым түрлі жетістіктерге жетіп, орындарды қанжығаларына байлап қайтады.
«Жас Дарын» республикалық байқауда «Эстрадалық ән» аталымы бойынша 1 «ә» сынып оқушысы Тауфик Жамиля, жетекшісі Шынтемірова Г және
2 «Ә» сынып оқушысы мухамадиев Айсултан 2 орынды иеленді.
«Жас Дарын» республикалық байқауда «Эстрадалық ән» аталымы бойынша бас жүлдені де 4 «В» сынып оқушысы Серік Меруерт иеленген болатын.
Республикалық «Жұлдызды қолтаңба» көпжанрлы телефестивалінен бас жүлдені иеленген де біздің мектептің оқушысы болатын. Ол 7 «А» сынып оқушысы Амантай Сұңғыла, жетекшісі Асқарбекова Гаухар болатын.
Шәкірттерімнің арқасында менің де мерейім үстем болған еді. Солардың кейбірімен бөлісе кетсем деген едім.
1 маусым «балаларды қорғау» күніне орай өткізілген шараға белсене атсалысқаным үшін Талғар қаласының әкімі Ауелбаев Ж.К марапатын қабыл алдым.
Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ұжымы мен ректоры ҚР ҰҒА академигі Т.Есполовтың алғыс хатымен марапатталдым. Әрбір жұмысымның нәтижелі болғандығын қалаймын.
Бала тәрбиесі – үлкен өнер. Әр балаға, әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да жетеді, біреуіне ақыл жүрмейді, мінез – құлқына қарай басқа амал табу керек. Бала жүрегі кішкентай ғана күй сандық, ол кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімдердің қолында әр кез сол кілт жүру керек.
Қорыта айтқанда, өмірін осы қызметке арнаған адамды, өз өнерін, бойындағы барлық қасиеттерін дарытқысы келетін жанды нағыз ұстаз деп атауға болады. Олай дейтінім педагогтар болашаққа ізгілік нұрын таратушылар.
Сол ұлы тәрбиелі жолда шаршамайық, ізгілік нұрын себуші, жол нұсқаушы ұлағатты ұстаздар!