Орыс тілі мен әдебиеті пәні оқулығының бірінен жазушы Кеңес Оразбекұлының домбыра жайлы жазған шығармасынан алынған үзіндіні ұлыммен бірге оқып отырып, тамаша бір ойға қалған едім.
Онда кәдімгі домбыраны сазгер-әншілер тартқан кезде қандай жарасымды әуен шығарады! Құлақ құрышыңды қандырып тыңдай бергің келеді. Домбыраның қос ішегіндей, адамдар арасындағы достық та жарасымды. Өзіңе шын берілген сырлас, пікірлес, қайырымды, адал достарың көп болса, сенен бақытты адам жоқ. Солармен айырылыспай өмір сүре бергің келеді. Достыққа сызат түссе, бір –бірімен ренжісіп, ұрсысып қалса, жарастықтары кетеді. Көңіл құлазиды. Қазынаны жоғалтқанның несі жақсы дейсің. Достық қатынастардың домбыраның қос ішегіндей үн шығарғаны дұрыс емес пе? Деп жазыпты.
Осыны оқығаннан кейін жазушының өнердің ең шыңы – қазақтың музыкалық өнері, оның ішінде домбыраны еске салып, домбраның үнін естіген кез келген қазақ елітіп қоя беретінін түсініп, достықты қасиетті домбыраның қос ішегіндей бірлікке балаған.
Иә, жазушы қиялында шек жоқ. Санамда үні өшпейтін домбыраны қолыма алған сайын достарды еске алатын тамаша бір әдет қалыптастырдым.
13 Қараша күні Нұр-Сұлтан қаласындағы №69 «Еркем-ай» балабақшасында өтетін «Домбыра –бабадан балаға қалған мұра» атты семинарға шақыру алдым. Ойымда сан сауал, өнер құдіретімен ұжым бірлігін қатар көрсем деген арман жетеледі….
Балабақшалар арасындағы семинарлардың ішінде жаныма жақын тақырып өнер саласын сан қырынан көрсеткен кластерлік бағыттағы балабақшалар арасында домбыра аспабы арқылы тәрбие мен оқыту жұмыстарын ұштастырып келе жатқан бірден бір ұжым осы білім ордасы.
Өткен жылы да балабақша балғындарынан құралған оркестрімен таңқалдырған ұжым биылда сол бағыттан таймай өз дәрежесінде өнер көрсетті.
Ұжымның ұлттық аспабымыз домбыра жайлы талай тың мағлұматтармен сусындап, оны келген әріптестеріне кеңінен таныстыра алуына ұжымның ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Ақжарқын Бәделқызының үлесі басым. Домбыра ән айтушы, шер қозғаушы, жан арашашысы, тарих, дәстүр жалғастырушысы деп атап, әр бөліміне мысалмен түсінік беріп өткен Ақжарқын Бәделқызының баяндамасы талайға ұмытылмас сабақ болды. Әр бөлімге сай домбырамен кіммен ән салар едіңіз?
Өзіңіздің ішкі сырларыңызды кіммен бөлісер едіңіз?
Кімге жылы сөздер айтар едіңіз?
Тарихи оқиғалар туралы кіммен әңгімелесер едіңіз?
Отбасыңыздағы салт-дәстүрге арналған мерекеге кімді шақырар едіңіз?
деген сауалдырға қатысушылардың аты-жөндерін жазып, жауап беруді сұрағанда менің алғашқы ойым қайта есіме оралды. Тағы да достыққа келіп тірелдік. Қандай тамаша үйлесім. Неткен тапқырлық.
Семинар қызығы ары қарай жалғасты. Ортаға сазды сәлеммен шыққан тамаша үнді музыка жетекшісі Байсаитова Айгерім Серікқызы «Еліме сәлем» әнімен көрермен көңілін бір серпілтіп тастады.
Семинардың өзекті тұсы «Балаларды домбырамен таныстырудың қыры мен сыры» тақырыбында, «Қазақтың 100 күйі» кітабына күйлері енген композитор жас маман, талай байқаулардың жүлдегері, күйші Тілеулі Еңлік Қайратқызы шыққанда отырған жұрт өнеріне таң қалды.
Жас болса да талай биікті бағындарған маманның балабақша бүлдіршіндерін өнерге баулып жүргені қуанарлық жағдай. Балабақша әдіскерлерімен тәрбиешілерінен құралған топқа муызка жетекшісі Еңлік Қайратқызы домбыра ұстау мен «Еркем-ай» халық әнін шертуді үйретті. Араларындағы алғаш рет қолдарына домбыра ұстаған педагогтар үшін есте қалар күн болды. Жұмыс бастағанына бір ай ғана болса да домбыра үйірмесінің төрт бүлдіршіні көрермен алдына шығудан жасқанбады.
Семинардың қызықты тұсы ата-аналардан құралған домбырашылар «Балбырауын» күйін ойнағанда міне, бабадан балаға қалар өнердің құдіреті, тәрбие бастауы десті жұрт.
Тәттіні соңына сақтап қоятын ұжымның өнері «Домбыраның құдіреті» атты сахналық қойылым жауыз Тасболдың қолына түсіп, тасқа айналған жылқышы Ержан мен есінен айырылып, тасжүрекке бағынған батыр 8 ұлын кенжесі Еркенже қаруы домыраның үнімен құтқарып, жер анасы Ақкемпірдің айтқанындай ажалы қара ниетінен келгенін шынайы көрсете білді.
Ешбір актерлік шеберліктен дәріс алмай ақ, осындай қойылымдарды сахналауға төселген ұжымның ізденісі алғысқа лайық. Бір бірін бөліп жаруға келмейтін педагогикалық ұжымдағы Альжанова Алмагүл, Есельбаева Гульжайна, Балабекова Ару, Белекова Гүлзада, Искакова Армангүл, Турганбаева Ұлболсын, Өтепбай Перизат, Мұқатаева Гүлбақыт, Мұханова Айжан, Менбай Ақжан, Алпысбаева Айжан, Мухамедьярова Асия, Бекежанова Динара, Дамлхан Айнұр, Сатыбалды Ақерке, Кенеева Айнұр, Искакова Армангульдей өнерлі ұстаздардан білім алған балғындардың болашағы жарқын.
Өнердің құдіретімен сусындап, білім мен қатар өнер саласын қоса алып жүрген мектеп шәкірттерінің жылы ұясы қаладағы №1 музыка мектебімен шығармашылық байланыста жұмыс жасайтыны бұл білім ордасының өзгелерден тағы бір ерекшелігі. Семинарға жыл сайын өздерінің әртүрлі өнерлерін алып келетін музыка мектебінің шәкірттері Таскумбаева Еркеш, Жаксылыкова Камила, Ғабасс Ғалымжан, Байзрахманов Әлижан, Адамбеков Самат, Ерланұлы Ерсұлтан, Борибай Зере, Несіпбаева Дамели, Дәулеткерейдің «Көрғолы», Халық әні «Еркем-ай», Халық әні «Ақбаянды» нақышына келтіре орындады. Тәрбие үлгісі деген де осы болар. Семинар соңын қазақтың дәстүрі «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Қыз ұзату» салтымен «Халқын сүйген, салтын сүйеді» атты музыкалық қойылыммен аяқтаған ұжымның озық ойына, шеберлігіне сүйсінбеген жан қалмады. Міне, шынайы өнер ордасы.
Сөз қонақтарға берілгенде Білім беруді жаңғырту орталығының Білім кластері бөлімінің жетекшісі Нұғыман Ақмоншақ Нұртазақызы, осы орталықтың инновация бөлімінің басшысы Шаяханова Роза Ақпанқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор мектепке дейінгі ұйымдардың ғылыми жетекшісі Жұмабекова Фатима Ниязбекқызы, кластер жетекшісі №60 «Арай» балабақшасының меңгерушісі Сүлейменова Жарқын Күзембайқызы, тәжірибелі, білікті маман №87 «Қадір» балабақшасының меңгерушісі Ләйлә Мұратбекқызы, әдіскерлер мен тәрбиешілер, музыка жетекшілері «Жылулық шеңбері» атты тренингте өз ойларын ортаға салды. Барлық қатысушылар балабақша меңгерушісі осындай игі бастамалардың жаршысы Райымкулова Ақмарал Абдрасилқызына, шараның өз дәрежесінде өтуіне ұйытқы болған қос әдіскер Мухажанова Гулжахан Шахмурадовнаға, Сарсекеева Ғалия Сапаровнаға ізденістері мен қабілеттері үшін тағы бір мәрте алғыс білдірді.
Қатарынан екі жыл ән құдіретімен сусындап, сөз құдіретімен ой салған ұжымға күй құдіреті сіздерді алға жетелей берсін дегіміз келеді.
Алдағы қазақтың Әз-Наурызы қарсаңында ақкүмбез үйдің алдында, балабақшаның саясында ата-анамен педагог кішкентай ғана күйшілерді орталарына алған үштіктен құралған оркестірдің еңбегіне куә боламыз. Істеріңіз жемісті болсын, ізденістеріңіз сарқылмасын, алға қойған мақсаттарыңыз орындалап, қазақтың рухты, өнерлі ұл-қыздарын тәрбиелеп шығара беріңіздер.
Әлия Ғалымбекқызы,
Білім айнасы