Дарындылық – бұл өмір сүру барысында дами беретін, адамның өзгелермен салыстырғанда әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін айқындайтын психиканың жүйелі сапасы. «Дарындылық» ұғымы «сый» («дар») деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төменгідей анықтама беріледі. Дарындылық — белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі. Елімізде дарынды балаларды іздестіру мен олардың қабілетін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 1998 жылы Республикалық «Дарын» ғылыми – практикалық орталығы құрылып, республикадағы дарынды балалармен жұмысты басқарумен айналысады. Білім беру жүйесін реформалау дарынды балаларды арнайы мектептерде ғана емес, жалпы орта білім беретін мектептерде де жүзеге асыруды міндеттейді.
Дарындылық интеллектуалды дамудың мәселелері бұрыннан ойшыл ғалымдарды толғандырған. Осы тақырыпқа арналған ғылыми еңбектер жетерлік. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Адам баласы бойындағы ерекше қасиеттерді жөніндегі идеялар ертедегі грек философтардың еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде қарастырылған.
Дарынды балалар — өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін (музыкалық, көркемдік т.б.) балалар.
Барлық бала дарынды немесе өзiндiк жеке дара ерекше қасиетi бар деген тұжырым педиатрлардың, педагогтардың, спорттық және көркем студиялардың маңызды мәселесiне айналды. Дарынды деп өз қатарларынан әлде қайда дамыған немесе ерекше бiр зейiн бар (музыкалық, көркемдiк, спорттық т.б. қасиеттер бар) балаларды айтады; ғылыми тұрғыдан кәдiмгi сөзде оларды жиi вундеркиндтер деп те айтады. Психология көзқарасынан дарындылық екi мағына бередi — жалпы рухани зейiндiлiк және нақты дарындылық. Жалпы зейiндiлiктi ғалымдар — жалпылау икемдiлiгi, кез-келген тақырыпта әңгемелесу, мәселелердi шешу және өз тәжiрибесiнде үйрену деп тұжырымдайды.Дарындылықтың бiрден-бiр белгiсi — тiлдiң ерте шығуы. Әсiресе, егер бала бөлек-бөлек сөздерден қарапайым сөйлемдерге көшсе, бұндай балалардың сөз байлығы да мол, әңгiмесi де мәнерлi болып келедi және олар сөздiң реңi мен нюанстарын iштей сезедi. Сөйлемдерi ұзақ және орынды. Көп балаларда әзiл-оспақ қасиеттерi кездеседi. Олардың есте сақтау қабiлетi жақсы дамыған, ойлау қабiлетi де жан-жақты. Дарынды балалар әдетте 4 жасында хат таниды, оқи алады. Тәжiрибелi психолог-мұндай баланы өткiр көзқарасынан және өзiнiң ерекше iс әрекетiне қарап көпшiлiк iшiнен тез тауып алады.Егер ересектер мен бала қарым-қатынасында сенiмдiлiк болмаса, ең үлкен дарын да танылмай қалуы мүмкін. Дарындылық, сол сияқты қарапайым зейiндiлiк жылулық сүйiспеншiлiк және қамқорлық ортада ғана ашылады.
Бiрақ, баласының жеке дара қасиеттерiн дамыту үшін дарынды ата-ана болу қажет. Дарынның белгiсерiн байқау оңай ерекше қасиеттерiн байқап өзiнiң қалауынша тәрбиелейдi. Осы кезде, мысалы музыкаға зейiнi бар бала әркезде әндетiп, ал математикалық қасиеттер есiп шотқа деген қызығушылығында байқалмайтының ұмытпау керек. Балалық шақтағы дарындылықтың ерте көзге түсуi ата-аналардың, педагогтардың қамқоршылығын талап етедi. Дарынды оқушылармен жұмыс — кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. Дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Алдымызда отырған әр оқушы — жеке тұлға. Сол әр оқушының өзіндік жеке ерекшелігін, қабілетін айыра біліп, оны әрі қарай дамыту ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді. Әр ұстаз өз жұмысының нәтижесін де көргісі келетіні сөзсіз. Бірақ сол нәтижеге жеткізу үшін мұғалімге де, оқушыға да шыдамдылық пен төзімділік керек. Қазіргі таңда мектептегі мұғалімнен күтілер іс – шығармашылық. Алаш арысы Мағжан Жұмабаев «Негізінде әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрселерден оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің суреттен, біреудің поэзиядан. Әйтсе де, сөз өнерінің рөлі бәрінен биік екеніне ешкім дау айта қоймас» деген. Ал, қазіргідей көркем әдебиетті аз оқитын, уақытының көбін түрлі ойындармен өткізетін оқушылардың арасынан шығармашылық қабілеті бар дарынды оқушыны қалай танып білуге болады? Ол үшін не істеу керек? Қандай жұмыстар жүргізу қажет және жұмыс түрлерін қашан бастау керек? Мұндай сұрақтар әр мұғалімді де толғандырары айқын. Дарынды оқушыны дөп басып табу үшін, мұғалімнің шығармашылық шеберлігі, көрегендігі қажет. Мұғалімнің сабақтағы шеберлігі-маңызды фактордың бірі. Мұғалімнің образ жасауы, өз пәнін жетік білуі, өз пәнін сүюі көрініс тапса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Оқушы алдында мұғалім қарапайым жаннан алып тұлғаға айналады. Сол тұлғаға ұқсау жолында іздену басталады. Баланың жан дүниесі қалыптасып қоймай, оның рухани марқаюы көрініс табады. Әдебиетке деген құлшынысқа сыныптан тыс өткізген жұмыстар да өз әсерін тигізеді. Демек, қабілетін шыңдап барып, жақсы нәтижеге жетуге болады. Мысалы: Мектепішілік іс-шаралар өткізу арқылы (Абай, Махамбет, Мұқағали, Қасым оқулары, байқауы). Әдеби-музыкалық поэзия кештерін жиі өткізу арқылы. Нәтижесінде: Қабілеті жоғары деңгейдегі оқушыларды анықтауға мүмкіндік туындайды.
Өз еңбектерімен қажырлы күш жұмсау барысында ерекше көзге түскен оқушыларды-дарынды оқушылар десек те болады. Олардың өзге оқушылардан ерекшеліктерін сараптай келе, оқушы бойындағы тапқырлық, білімділік, зеректік, қабілеттілік, белсенділік, икемділік қасиеттерін байқап, дарынды оқушылардың қабілетіне көз жеткізуге болады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, оқушының дарындылығын, қабілеттілігін танып, айқындап қана қоймай, ол оқушының әрі қарай жетілуіне, дамуына жол ашып, бағыт-бағдар беруі керек.
Кошкимбаева Жанар Сыихынбаевна
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ, Тараз қаласы «Білім беру үдерісін психологиялық педагогикалық сүйемелдеу » кафедрасының аға оқытушысы.
Оразбаев Турлыхан Кенжебекович
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі директордың кәсіптік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Инклюзивное образование. Учебно-методическое пособие. / Сост.: О.А.Степанова, М.В.Рогачева. — М.: УЦ «Перспектива», 2013
- Кожекина Т. Инклюзивное образование, 2013.
- Лихачева Е.Н. Организация нестандартных занятий по конструированию с детьми дошкольного возраста, 2013 г.
- Чистяков В.В Основы педагогической и социальной антропологии, 2011
- Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства и профессионального саморазвития. Учебное пособие, 2010 г.