Home » Мақалалар » Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік

Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік

Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі-ең басты байлық. Қазіргі таңда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде.  Алматы  қаласы  Алатау  ауданы  №152 мектеп-гимназиясында  “Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік” тақырыбында
4-сынып  оқушылары  арасында  іс-шара өткізілді.

Мақсатымыз:  жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету-жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалысы ережесін сақтауға ықпал етеді.  Балалардың  өмір қауіпсіздігі дағдыларын үнемі қалыптастырып отыру қажет.  Жолда жүрудің заңын білу — дұрыс жүріп, абай болуға, жүргінші мен жүргізушінің амандығына сеп.  Жол тәртібін бұзу,  қатер тудырады.  Жолдың қалыпты қозғалысына нұсқан келтіретін мәселенің негізі, көбінесе балалардың жол бойында қалай болса  солай жүріп, доп қуалайтынынан, жүріп бара жатқан көлікке кедергі келтіретінінен, қалтарыстан оқыс жолға шығып кететіні салдарынан туындайды.  Жол тәртібін бұзғандықтан, машина қағып,  қаза тауып жататындар мен  ауыр жарақат алып, майып боп жататындардың бары өкінішті.
     

Осындай қасыретті болдырмау және алдын алу мақсатында мектепішілік іс-шара ұйымдастырылды. Арнайы шақырылған қонақтарымыз —  Алатау аудандық полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе  бөлімінің бастығы,  полиция подполковнигі Айымбетов Дархан Ермекұлы,  полиция капитаны Ортаев Ернур Мухиддинұлы және мектеп инспекторы  Алиева Ақерке Оразханқызы оқушыларға жолда жүру ережелері туралы ақыл- кеңестер берді.
     

Көп жағдайда  балалардың жолда әр түрлі оқиғаларға тап болып,  жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны  көлік жүргізушілерінің  ғана кінәсінен емес, жаяу жүргінші мен  балалардың жол жүру ережесін білмегендігінен де болады. Әр балаға  жолда  жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалау арқылы оның өмірін сақтай аламыз. Баланың өмір қауіпсіздігін ескеру һәм апаттардан сақтау ата-ананың тікелей міндеті. Мектеп қабырғасында мектеп директоры А.С.Жакипова және ДТІЖО Ақылбекова, С.Т.Тажибаева, А.Ә. Думшебай  түрлі дәрістер өтіп, іс-шаралар ұйымдастырып, бағыт бағдар беріп отырады.

Әрбір бала  «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс-әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс-әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі.

Балаларды жол жүру ережелеріне үйрету- ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы. Мектебіміздің  4-сыныптардың сынып  жетекшілері  бағдаршам белгілерімен, жолда жүру ережелерімен,   жаяу жүргіншілер жолы, көше жиегіндегі жолдармен (тротуармен)  таныстыруды  іс-шарада  көрсете білді.   Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін , оларды жол  жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде ата-ана, мектепте  мұғалімдер  бірлесіп, балаларға жол ережелері туралы үйретер болсақ,  жол апатының алдын алар едік.

 Кубашева Асия Бугенбаевна
Джумашова Макпал Болатбековна

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.