Мақсаты: Жас мамандардың ұстаздық қасиеттерінің қалыптасуына бағыт беру, кездесетін қиыншылықтардан, кедергілерден шығу жолдарын ұғынуға көмектесу, шығармашылыққа әрі тұлғалық орнын анықтауға бағыттау.
Міндеттері:
- Қатысушылардың бір-бірлері туралы барынша көп ақпарат білуі тиіс
- Әрбір қатысушы өзін бір үлкен топтың бөлшегі ретінде сезінуі үшін топ ішінде жағымды атмосфера құру.
- Бірлесе ынтымақтасу мен әрекет ету іскерлігін дамыту.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: арт терапия, әуен терапиясы
Құрал-жабдық: қағаз, қалам, түрлі-түсті бояулар
Тренинг бағдарламасы:
- Жаттығу «Сәлемдесу»
- Жаттығу «Құмыра»
- Жаттығу Тренинг «Атақты адамдар»
- Жаттығу Тренинг «Топтық би»
- Жаттығу Арт-терапия
- Жаттығу «Менің кәсіби рөлім»
- Жаттығу «Көпір»
- Жаттығу «Жетістіктер пирамидасы»
- Рефлексия
Жүру барысы:
Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Бүгінгі күнімізге сәттілік! - Жаттығу «Сәлемдесу»
Шеңберде тұрып, оң әрі сол жақтағы көршілерімізбен келесідей амандасуымыз қажет.
- Танысыңызбен, әріптесіңізбен, басшылығыңызбен, жаныңызға жақын адамдарыңызбен кезіккен жағдайда қалай амандасар едіңіз, міне, дәл сол бағытта жаныңыздағы әріптестеріңізбен амандасуларыңыз сұралады.
- Құмыра
Қатысушыларға су толы құмыра ыдысына өздерінің алғашқы кезде кәсіби жолында қызмет атқара бастаған кездегі сезімдерін айта отырып, ұсақ тастарды салулары сұралады.
Құрметті әріптестер, өздеріңіз көріп отырғандай айтылған сезімдер, ішкі эмоциялар (жағымды, бәлкім жағымсыз), мына мысал ретінде көрсетілген іс-әрекеттен көруімізге болады. Ыдысқа тастар салынған сайын су ыдыстың (құмыраның) бетінен шығып жатты. Ал бұл заттарды адамның ішкі сезімімен де салыстыруға болады. Яғни, су біздің ішкі балансымыз болса, ал тастарды бойымыздағы ауыр сезімдер ретінде бағалауымызға болады. Біздер бойымызға аталып өтілген сезімдерді жинаған сайын, ішкі тұрақтылығымыз (ішкі жайлылығымыз) бұзылады екен. - Тренинг «Атақты адамдар»
Тренингке қатысушыларға атақты тұлғаның есімі жазылған карточка үйлестіріледі. Тренинг барысында әр қатысушы өздеріне түскен тұлғаның бойындағы қасиеттерімен өз қасиеттерін байланыстыруы қажет. Мысалы: Маған түскен тұлға Билл Гейтс. Бұл тұлғаның әрі менің ұқсас қасиеттеріміз, алдыма үлкен мақсаттар қойғандығым әрі өзіме мықты талап қоя білуім ұқсайды. Сонымен қатар т.б… (әр қатысушының жауап беру ерекшеліктеріне орай)
Нұрсұлтан Назарбаев, Роза Рымбаева, Алтай Көлгінов, Мұхаммед Әли, Қажымұқан Мұңайтпасов, Дэйл Карнеги, Ләйла Сұлтанқызы, Жақсылық Үшкемпіров, Мақпал Жүнісова, Владимир Путин, Билл Гейтс, Дональд Трамп, Қайрат Нұртас, Дінмұхамед Қонаев, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Димаш Құдайбергенов, Сәкен Гумаров, Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырза-Әли, Жәңгір хан, Қырымбек Көшербаев, Мұхтар Әуезов, Тоқтар Әубәкіров, Мәншүк Мәметова, Нұрғиса Тілендиев, Стив Джобс - Топтық би
Қатысушыларға шарлар үйлестіріледі. Кейін шеңбер бойында әрқайсысы шарды бір-бірінің иығына тақап, қосылған әуен ырғағына байланысты билеулері қажет.
- Арт-терапия
Қатысушыларға көпіршік құйылған ыдысқа таяқшалармен түрлі-түсті бояуды пайдалана отырып (гуаш), ішкі сезімдерін салулары сұралады.
- «Менің кәсіби рөлім» жаттығуы.
Оқушылармен өзара әрекеттесудегі мұғалімнің ішкі позициясын және қарым-қатынас жасаудың эффективті амалдарын топпен бірге іздеу.
Топ шеңбер болып отырады, психолог әрбір қатысушыға карточка таратып береді. Карточкада белгілі бір кәсіби коммуникативті позиция рөл анықталған. Негізінен келесі карточкалар тізбегі болған жөн: «Көмекші», «Ана», «Тәрбиеші», «Лидер», «Авторитет», «Хабарлаушы», «Идеал», «Ең-ең…», «Мейірімді», «Бақылаушы», «Оқушы мен ата-ана арасындағы делдал», «Интеллектуал», «Сабақ беруші», «Дос», «Пәнші», «Бағалаушы», «Сот», «Ойыншы», «Құрдас».
Топ мүшелері рөл-позиция жазылған бір карточка алады. Карточканы оқып, мұғалімнің кәсіби позициясының мұндай мінездемесімен келіссе неге келіскенін, келіспесе неге келіспегені жайлы пікір айтады. Егер мұғалім белгіленген позиция-рөлмен мүлде келіспесе, онда оның ойынша мектеп балаларымен қарым-қатынас жасағанда қандай рөлді жүзеге асыруға болатындығын атап өтсе болады. - Көпір
Қатысушылар екі жұп болып шығып, көпір тәріздес қойылған сызықтан шықпай бірге өтулері қажет. Яғни өзара келісе отырып, бір-біріне қолдау көрсетіп, кедергіден өтеді. Жетістіктер пирамидасы
Пирамида символикасы әр уақытта жетістіктің нышаны ретінде есептеліп келді. Ендігі қатысушылар сіздер өздеріңіздің қазіргі таңда бойларыңызда бар қасиеттеріңізді әрі алдағы кәсіби жолыңызда дамытқыңыз келетін қасиеттеріңізді жазып, пирамидаға жабыстыруларыңыз қажет.
Қорытынды: Рефлексия. Бүгінгі кездесуде өздеріңізге өмірлік бағыт алдыңыздар ма? Өмірге қажетті бағыт алсаңыздар, өз ойларыңызбен бөлісіп өтулеріңіз сұралады. Енді бір-біріміздің қолдарымызды ұстап, жақсы көңіл күй тілеп, кездесуімізді жағымды әрі мақтау сөздерімен аяқтайық. Сіздер қол жылуын сезіндіңіздер ме? Құрметті әріптестер әрдайым жылы шырайлы қарым-қатынаста болайық! Күніміз сәтті өтіп, жақсылықта жүздесе берейік!
Раушанова Айман Наушақызы,
БҚО, Орал қаласы,
№26 ЖОББМ-нің мектеп психологі.