Home » Ашық сабақтар » Қош бол, даярлығым!

Қош бол, даярлығым!

Мақсаты:  Балаларды  мектепалды даярлық  тобынан  шығарып сала отырып, оқу-білімге   деген қызығушылықтарын оятып, Отанын,  елін, жерін, құрметтеуге баулып,  адамгершілікке, сыйластыққа  тәрбиелеу.
Тәрбиеші:

–  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында  тәрбиеленіп,  білім нәрімен  сусындап,  оң-солын танып,  білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен  қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.   Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Қош бол,даярлығым!»  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өтті  қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар  мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен  қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

Тәрбиеші:
Өсті міне  бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа  ортақпын,
Құтты  болсын тойларың!

  ҚР Әнұраны айтылады
Айналайын, балалар,
Алда мектеп-ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар

Исатай
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге  барамыз.

Айару
Сауат ашудан әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.

Айбейне
Нағыз білім ырыс-бақ,
Дүниені тұр ұстап,

Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз  дұрыстап.

Мәдениет
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ, қош енді.

Сезім
Ән салайық бас қоса
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.

Ерназ
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.

Ән: «Ақ құсым» орындайтын Серікова Айару

Айда
Қуанбаймыз неге біз,
Күліп күн де тұр асқақ.
Оқығалы келгенбіз,
Біз бірінші сыныпқа.

Ізет
Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.
Інжу
Қуан,  шаттан,  алақай,
Қуанатын  күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім,
Ата-анамыз қуансын

Тәрбиеші:

Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше.

Даярлықпен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
ӘН:  «Ақ көгершін»   орындайтын Аблай Айбейне

Асланбек

Әліппеменен басталып,

Болған соң өзім бас қаріп

Мереке, дулы жиынды

Жүремін әр кез басқарып.

Ақсүйек ойыны асық па?

Табылар бәрі асықпа

«Алтыбақан» «Алтын сақалар»

Бізге сірә, таңсық па?

Аяулым:

Басындамын бал десең

Бар боламын, бар десең,

Қай әріппін қанеки,

Ұмыттың ба әлде сен?

Б, әрине басында

Тұрар бестік бағаның.

Хор «Біз дәуірдің түлегіміз»

Би «Ертегілер»

Ата-аналарға арналған  викториналық сұрақтар.

Балалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Білім ханшайымының сұрақтарына жауап береді.

Қорытынды 
–  Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын  ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу   мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.
Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз.

Қандай ғажап қараңыз жан-жағыңа

Күміс күлкі сыймай тұр қара мұнда

Ата-анадан бақытты бар ма екен жан

Қол жеткізген аңсаған арманына

Сөз кезегі ата-аналарға беріледі.

Тәрбиеші:

Көңілдің ақ тілегін көл етеміз

Тілектермен нығайсын мерекеңіз

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс

Осымен аяқталды мерекеміз.

 

Еслямгалиева Эльвира Нұрланқызы,

БҚО, Сырым ауданы, Көгеріс ауылы,

«Сырым аудандық білім беру бөлімнің жалпы

білім беретін Көгеріс негізгі  мектебі»  КММ-нің

мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.