Республикалық «BILIM AINASY» газетінің негізін қалаушы Қуантай Амантайұлы мен Алима Қисымқызы Ерейментау ауданының педагогтарымен кездесіп, «Шашу» оқу-танымдық кешенін таныстыру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында, әуелі, кітаптың авторы Қуантай Амантайұлы оқулықтың жалпы ерекшеліктерімен таныстырды. Одан кейін сөз алған кітаптың әдістемелік жоспарын жасап шығарған Алима Қисымқызы кітаптың балаға берер пайдасы мен әр саласына жеке-жеке тоқталып өтті. Блум әдістемесімен жұмыс істейтін маман ұстаздардың ерекше қызығушылығын туғызды.
Сөз соңында, Қуантай Амантайұлы бүгінгі танымдық кешенді таныстыра отырып, Алима Қисымқызының сөзін қуаттай түсті. Бүгінгі таныстырылымның қорытындысы ретінде балабақша тәрбиешісінің пікірін білдік. Оразбаева Айман Қуанышқызы: «Кітап өте қол жетімді, алғашқы әсерімнен бүгінгі кездесуден кейінгі әсерім тіптен бөлек. Болашақта бұл оқу-танымдық кешенмен жұмыс істейміз».
Нұрбол АРНАБЕК ,
«BILIM AINASY» газеті,
Нұр-Сұлтан қаласы