Home » Эссе » Менің еңбек жолым және педагогикалық жетістіктерім

Менің еңбек жолым және педагогикалық жетістіктерім

Жалмуханова Ақмарал Қалыбекқызы
№29 «Балауса» бөбекжайының ІІ санатты педагог-психологы
Орал қаласы БҚО

Мен 2003-2007 жылдары Орал қаласындағы сол кездегі М.Өтемісов атындағы Батыс Қзақстан мемлекеттік университетін оқып, педагог-психолог мамандығының иесі атандым. Педагогикалық еңбегім 2012 жылы облыс орталығындағы №13 «Золотой ключик» бөбекжайынан басталып, қазіргі уақытта №29 «Балауса» бөбекжайында қызмет етудемін.
2015 жылы Орал қаласы білім беру бөлімінің «Құрмет грамотасын» иелендім. Сол жылы қалалық мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтарының әдістемелік бірлестік отырысында «Ойын. Ойын іс-әрекетіндегі баланың психологиялық даму ерекшелігі» атты семинарда  «Біз қонаққа барғанда» тақырыбында өткізілген ұйымдастырылған оқу қызметі арқылы іс-тәжірибемді көрсеттім.
Сонымен қатар басылым беттері арқылы да іс-тәжірибемді таратып келемін. Мысалы, республикалық «Отбасы және балабақша» журналының 2015 жылғы тамыз айындағы кезекті нөмірінде «Ойын әс-әрекетіндегі баланың психологиялық даму ерекшелігі» тақырыбындағы жұмысым жарияланды. Сол жылы облыстық «Самал» балалар-жасөспірімдер газетінде «Отбасылық сайыс» атты мақалам жарық көрді.
2017 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ курсы тыңдаушылары алдында «Мектепке дейінгі ұйымда түзеу және инклюзивті білім беру кабинетінің жұмысын ұйымдастыру бағыты» атты ұйымдастырылған семинарда мамандармен бірлесе «Лунтиктің туған күні» тақырыбында ерекше білімді қажет ететін балалармен жүргізілетін түзету жұмысы көрсетілді және педагогтармен «Жылғалар», «Күйме» ойын жаттығулары өткізілді.
Ал 2018 жылы қалалық мектепке дейінгі ұйым ортаңғы топ тәрбиешілерінің «Арман» әдістемелік бірлестік отырысында «Бірге жасайық!» тренингі өткізілді. 2017-2018 оқу жылындағы педагогикалық кеңестерге «Нөлдік төзімділік» принципіне сіздің көзқарасыңыз» тақырыбында ата-аналармен сауалнама жүргізіліп, қорытындысы оқылды және «Жартасқа өрмелеу» тренингі өткізілді. Сондай-ақ «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ курсы тыңдаушыларына  «Ерекше білімді қажет ететін балаларды білім беру үрдісіне қосу қызметі» тақырыбындағы семинарда педагогтармен «Түстер психологиясы» тренингі өткізілді.
2019 жылы қалалық «Арман» желілік қауымдастығы бөбекжайлары арасында  «Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта туралы түсініктері мен танымдық дағдыларының дамуы» атты семинар тақырыбында «Жылы жүректен жақсы тілек» тренингі өткізілді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ курсы тыңдаушыларына «М.Монтессори, В.Воскобовичтің педагогикалық технологиялары арқылы мүмкіндігі шектеулі балалармен жаппай топтық жұмыс оқу қызметін ұйымдастыру. Құм терапиясы.» атты семинар тақырыбында «Сиқырлы құм елі» арнайы топ балаларымен ұйымдастырылған оқу қызметі жүргізілді. Тыңдаушыларымен «Табиғат мінезі» тренингі жүргізілді. Қалалық «Арман» желілік қауымдастығы бөбекжайлары арасында  «Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулық сақтау дағдыларын дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Спорттық шараларды ұйымдастыру, шынықтыру құралдарын тиімді қолдануда іс-тәжірибе алмасу» атты семинар-практикум тақырыбында «Құбырлар» тренингі өткізілді.
Ағымдағы жылы республикалық «Білім айнасы» журналында «Сиқырлы құм елі» тақырыбындағы жұмысым жарияланды.
Бұл менің еңбек жылдарымдағы әріптестеріммен бөліскен іс-тәжірибемнің бір бөлігі. Алдағы уақытта да өскелең ұрпақ тәрбиесіне бар күш-жігерімді жұмсап, өмірлік тәжірибем мен білімімді барынша пайдаланамын.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.