Home » Мақалалар » Әке өнегесі – ұлтқа қымбат

Әке өнегесі – ұлтқа қымбат

Астана қаласындағы «Зерде» мектеп-лицейінің Дарынды балаларға арналған №9 мектепте 12 маусым – Әкелер күні мерекесіне орай спортық іс-шара болып өтті. Астана қаласы Білім басқармасына қарасты мекмелер арасындағы жарыс мұғалімдер мен әкелер арасында өтті.

Білім басқармасы мен «Әдістемелік орталық» және қалалық «Әкелер одағы» ұйымының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған спорттық іс-шараның басты мақсаты – әкенің отбасындағы рөлін арттыру. Баланың әкеден алар тәлім-тәрбиесін, ұлағатын қоғамда дәріптеп көрсету. Сол арқылы отбасы санасына әкенің қоғамдағы орнын көрсетіп, беделін өсіру болып отыр.

Іс-шараның ашылуына Астана қаласы «Әкелер одағы» ұйымының төрағасы Күзембай Бекайдар Нығметұлы, Астана қаласы Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әбсеметова Әлия Маратқызы, Дарынды балаларға арналған №9 мектептің директоры Аманов Нұрбек Қамбарбекұлы, спортшы рекордшы, армреслингтен әлем жеңімпазы Спатаев Тимур, тағы басқа қоғам белсенділері және қарапайым қатардағы әкелер қатысты.

Өмірге тоғыз бала әкелген ана Әлия Маратқызы, «Мен әкім болсам да, тоғыз бала тапсам да отбасымызда әкенің орны өзгеше. Балаларды тәрбиелеп, жеткізу үшін әкенің тірегі қажет. Әке – біздің отбасымыздың темірқазығы. Балаларымның бас иесі» деп отбасындағы әкелер беделі туралы ана ретінде өз ойымен бөлісті. Ал, Тимур Спатаев әке ретінде, спортшы ретінде де жиынға қатысушыларға қалың шарды үрлеу, садақ тарту, ауыр қылыш көтеру, темір сындыру, тастай темір тағаны майыстыру шеберліктерін көрсетіп елді таңдандырды. «Күш атасын танымас» деп әр жігіттің қарымын байқап көрді. Армреслингтен күш байқап көрген жігіттер арасында мықтылар да баршылық екен. Темір қазық майыстырып, садақты он секунд көтіп ұстаған жігітерге Тимур Спатаев өз қолымен алқа тақты. Әлемдік спорт жеңімпазынан күш-қуат алған спорттық жарыс әрі қарай жалғасты.

Қаладағы Білім басқармасына қарасты мекемелерден келген әкелер ұлттық спортымыз садақ тартудан, асық ату бойынша өзара сайысқа түсті. Шахмат, дойбы, бестемше, тоғызқұмалақтан ақыл-ой жарысынан да дода тартысты өтті. Сондай ақ үстел теннисі мен жиһаз жөндеу, шеге қағу, құрал-саймандармен жұмыс істеу бойынша жарыс өзара қызықты болды.

   

Қызу тартыспен өткен жарыста оза шыққан жеңімпаздарға алқа тағылып, арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

   

 

«BILIM AINASY»
Зүбәйра Әкім,
Астана

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.