Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы
«Таң Шуақ» МДҰ-ның тәрбиеші
Туремуратова Маржан Ертарғынқызы
«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.»
А. Құнанбаев
Ұрпақ тәрбиесі селқостықты көтермейді. Сондықтан балаға балдан тәтті балалық шақ сыйлау үшін, оның өз ортасында биік тұруы үшін біз қолдан келгенді аяп қалмаумыз керек. Ата-ана мен тәрбиешілер арасындағы үлкен байланыстың орнауы, бүлдіршін үшін тиімді болмақ. Бала бойына асыл қасиеттерді сіңіру жолында ұстаздар аянбай еңбек етуі тиісті. Оның алдағы ғұмырының балалық шаққа деген ойы мүлдем өзгеше болғаны абзал.
«Әркім өз жолын тауып кететіндей бала тәрбиесі жеңіл нәрсе ме? Жоқ. «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», — деген екен М.Жұмабаев. Осы даналық сөздегі ойдан кейін, баланың тәліміне көңіл бөлмеу үлкен қателік екенін ұғынуға болады. Қазақ атамыз ерте заманнан бастап, өздерінің басынан өткен жайдың барлығын қағаз бетіне түсіріп, ауыздан-ауызға таратып кеткен. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін мақалдарымызда жетерлік. Солардың бір парасына тоқталып өтсек:
Бала әкеден не кете туады, не жете туады, не өте туады.
Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар.
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар.
Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.
Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
Бала өміріндегі ата-ананың бейнесін көрсететін мақал түрлері. Әсіресе әке турасында көп тұстарын келтірген. Ал ата-анадан кейін, бала өміріне жауапты кім? Ол-ұстаз. Мектеп дейінгі, яғни балабақшадағы тәрбиешілердің орны ерекше екенін атап өткім келеді. Бала майысқақ шыбық секілді, оны қайда бұрсаң сонда бұрылады. Олардың санасы жақсы мен жаманды жіті айыра алмайды. Ол сенің істегеніңді қайталайды. Сондықтан біз әрбір ісімізге мұқият болуға тырысамыз. Бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны зор деп айтар едім. Себебі бала мұндай ортаға келу арқылы төмендегідей жағдайларды бастан өткереді:
- Өзіне деген сенімділігі артады
- Ата-анасынан ала алмайтын білімдерді қабылдайды
- Еркін сезінеді
- Көпшілік ортадан қысылмайды
- Білім болашағына есіктер ашылады
- Білімін арттырып, өз жасына арналған бағдарламаларды игере алады
- Жақсы мен жаманның сәлде болса, аражігін ажырата алатын деңгейге жетеді
- Ата-анасының қадірін түсінетіндей, түрлі сабақ барысындағы мазмұнды әңгімелерді тыңдайды
- Армандарының орындалуына деген алғашқы қадамдарды осы ортадан бастайды
Көрсетілген жағдаяттардың барлығы дерлік балаға оң әсерін тигізетіні анық.
Тәрбиешінің мақсаты қандай?
Балабақшаға аман келген баланы, үйіне аман-есен қайтару болып табылады. Дегенмен оған білім беріп, сауатын ашуға міндеттіміз. Олардың жағдайына, асына барлығына мән береміз. Ең бірінші мәселе оның аманшылығы болып табылады.
Бала – өмірдің жалғасы. Баланың болашағын қалыптастыру үшін, оның өз өмірінің қожасы болуына қоғам атсалысады. Тізбектелетін бір-бірін іліп әкететін, жолдар бар. Сол жолдардың бастамасының бірі балабақша дейтін шаттыққа толы мекенде бастау алады. Баланың үйдегі тәрбиесі мен балабақшадан басталған білімнің, өміріндегі жеңіске жету жолында көп септігін тигізеді.