Home » Мақалалар » Шығармашылық-адам іс-әрекетінің түрі.

Шығармашылық-адам іс-әрекетінің түрі.

Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы
№7жалпы білім беру мектебі
Технология пәні мұғалімі
Амантаева Гүлнар Айтымовна

 

Шығармашылық жоба

Шығармашылық дамуы,бүгінгі таңда нысана болып,ал оқушыда шығармашылық белгілердің болмауы-күрделі мәселе болып отыр.

Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай жасау-оқушыны шығармашылық ойын дамыту. Осы орайда ,заман талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін ояту үшін,Технология пәнінің алатын орны өте ерекше. Технология пәні оқытуда,еңбек етудің алғышарттарын үйрену,қызығушылығын арттыру,шығармашылық жұмыс жасауға бейімдеу.

Жобаны орындау барысында,ақпаратты өздігінен іздеу,талдау,тәжірбиесін жинақтайды. Алғашқыда оқушылардың ізденуі көрінбейді, мұғалімнің тікелей көмегімен,бірлесіп талқылау арқылы жұмыс жасауларын ұсынады. Шығармашылық жоба-әр оқушы мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмыс болып табылады.

Мақсаты :

1.Шығармашылық жоба барысында,өз бетінше шығармашылық жұмыс жүргізе білуге,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

2.Күнделікті қолданыста болатын,қазіргі заман талабына сай жаңа бұйымдар жасап шығару.

3.Қазақ халқымыздың ұмыт болып бара жатқан қол өнерін жандандыру.

Оқушылардың санасына жас кезінен бастап еңбек етуінің қажеттілігін, маңыздылығын үғыну,қандай іс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыландыру.

Өзімнің ұзтаздық қызметімде оқушыларды шығармашылық жобамен жұмыс жасауға әр қашанда көңіл бөліп отырамын.

Сөз соңында заманымыздың талабына сай,мектепте оқушыны ізденушілікке,еңбек сүйгіштікке,баули отырып,оқушылардың қабілеттерін ашуларына, көмек көрсетіп,қолдауларымыз қажет.

«Еңбексіз іс бітпейді,еріншектің қолы жетпейді».

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.