Елбасының ұсынысымен 2019 жылдың «Жастар жылы» болып жариялануы көпшілікке ой салды. Жастар- елдің ертеңі, қуатты күш. Жастардың елімізді өркениетті елдер қатарына қосатын аса үлкен үлесі бар екендігін айтып жатудың өзі артық болар. Қоғамдағы жас ұрпақтың бәсекеге қабілеттілік сапасының күннен-күнге өсуде. Бұл – жастарға бұған дейін жасалған қамқорлықтың бір парасы ғана. Десек те, осы бастамалардың бас-аяғын түгендеп, бір арнаға тоғыстырып, кешенді бағдарлау, қырағы қадағалау мәселесі қолға алынбай келді. Сенімді серпіліс, өнімді өзгеріс қажет-ақ. Сондықтан, бұл бастамадан ел жастары ерекше үміт күтеді. Жастар жылы деп айдарланып, жастар мәселесіне қатысты осындай ауқымды жоба да, құжат та қабылданған емес-тұғын. Бұл ретте, Елбасы Үкіметке үлкен жауапкершілік жүктеді. Айшықты шараның ашылу салтанатында сөз алған Мемлекет басшысы «Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр» деді. Әрине, жастар саясаты қоғамдық жастар бірлестігінің, бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді араласуы негізінде жүзеге асады. Сондықтан, жыл көлемінде жастармен жұмыс жасайтын мамандар үшін үкіметтік емес жастар ұйымдары мен медиа-ресурстарды дамыту мақсатында оқыту семинар, тренингтері, вебинарлар өткізіледі.
Енді жас ұстаздар қауымына келетін болсақ, ұстаздық жолын жаңа бастаған жас мамандардың педагогикалық шеберліктерін шыңдауына байланысты ісшаралар көптеп өтуде. Заман талабына сай жаңашыл ұстаздың бет-бейнесін қалыптастыру мақсатында жоспарланған әртүрлі ісшаралар өткізілуде. Мектептерде жас ұстаздар қаншама іс-шараларға қатысып, әртүрлі сайыстарда бақ сынасты. «Жас маманнан бас маманға…» тақырыбында жастар арасындағы игі істерді таныстыру мазмұнында салтанаты кеш өтті. Қазақ жігіттеріне тән қасиеттерді көрсетуге тырысқан сайысқа қатысушылар ұлттық ойындар ойнап, танымдық сайыстарда өз білімдерін сарапқа салды. Жаңартылған бағдарлама бойынша әдіс- тәсілдерді қолдану шеберлігін көрсетуді ықшамсабақтарды көрсетті. «Жас келсе іске!» тақырыбында ұйымдастырылған ісшараларда жастар аса қызығушылықпен дайындалып, көңілділер мен тапқырлардың додасын қыздырды. «Жаңартылған бағдарлама жас маманның көзімен» байқауында тамаша әзілмен шындықтың бетін ашқан жастар қауымы көрермендерді күлкіге қарық қылды. Мектеп өміріндегі қызықты оқиғалар да назардан тыс қалмады.
«Шебер- сыныптар палитрасы» атымен мектептерде озық іс-тәжірибелі ұстаздары шеберлік сабақтарын жас мамандарға ұсынды. «Жасанды интеллект ғасырында білім беру» семинар-тренингтер де болуда. Жас мамандар тренерлерден жаңа мағлұматтар алды. Жастар жылында жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырлыған салтанатты ісшаралар көптеп өтуде. Әртүрлі ісшараларға атсалысып қатысқан жас мамандар марапатталды. Ұстаздық пен өнерді қатар алып жүрген мәртебелі мамандық иелері көпшілікті таңқалдырды.
Жастарға бағыт-бағдар сілтеп, педагогикалық такты мен талантты үйретуші тәлімгер бола білген осындай ұстаздар қауымы ұстаздардың ұстазы десек артық болмас.
«Үйренейік, ізденейік жас маман!»деген қанатты қағида жастарымыздың жадында болсын! Себебі, еліміздің болашағы жастардың қолында.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ
Жамбыл облысы
бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты,
Тараз қаласы
Г.Джаркинбаева
Жаңартылған білім беру мазмұны
бағдарламасының тренері