Home » Ашық сабақтар » ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ӨЗЕКТІЛІГІН ШАЛ АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ДӘЙЕКТЕ

ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ӨЗЕКТІЛІГІН ШАЛ АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ДӘЙЕКТЕ

Какжанова Зәуреш Қатыранқызы,
Бастауыш сынып мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы
«№64 мектеп-гимназия» КММ

 

Шал ақын жасынан өнердің ақындық жолына түсіп, бүкіл ғұмырын осы өнерге арнайды. Өмірге қанағатшылдықпен қарап, адамзат өмірінің негізгі тұғыры руханият екенін біліп, дүние байлығына көз салмай, рухани байлықты өмірлік серігі қылды.
Шал ақынның туған жеріндегі мүсіні. Ақынның туған жерінің табиғаты
Шал ақынның поэзиясы өзіне тән шығармашылық қыры бар, ешбір ақынға ұқсамайтын өзіндік жолы бар үлкен мұра. Ақынның өмірдің әр түрлі саласын қамытуы өте кең және де ашық, шырайлы бояумен адам санасына өз ойын жеңіл жеткізеді. Өз заманының ұлы бола тұра Шал ақын қоғамның даму барсын дөп басып, келешекті болжай қарап, келер ұрпаққа арнап өзінің тәлім-тәрбиеге толы жырларын аманат қылып тастап кетті.

Шал ақын шығармашылығы қазіргі Қазақстан Республикасының рухани саласындағы өзекті мәселелерімен үндесіп жатыр.
Бәсекелік қабілет.

Ұлттың алға дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі ол бәсекелестік қабілет. Бәсекелік қабілетке жоғары мәдениет, кең білім, биік кәсіби деңгей, күшті бәсекелік қабілет жатады.

Ақын алға дамуда кедергі келтіретін жаман қылық-әдеттерден арыл, саналы жас тұлғаға халқын сыйлап, халқыңа қызмет етіп, еліңе еңбегіңді сіңір, сонда елің дәулетті болады, басқа елдерден қалмайсың дегенді меңзейді
Жігіттер жаман сөзді кәсіп етпе,
Құрбыңды өзің теңді басып өтпе
Бағыңыз қызмет етіп халқыңызға,
Жасы үлкен ел ішінде қартыңызға.
Дүниеге бекер келіп,бекер кетпей,
Бір белгі қалдырыңыз артыңызға.

  1. Прагматизм.

Прагматизм деген қоршаған ортаны сақтап, дүниені үнемді және орынды пайдаланатын, келешекке нақты жоспар құратын, ысырапшылдық пен астамшылдыққа, даңғойлыққа жол бермей, керісінше қанағатшылдық пен ұстамдылық, қарапайымдылықты алға қоятын іс-әрекет.

Шал ақынның Қанағатшылдық, ұстамдылық, тәубәшілік жайындағы арнау жырлары.

Адамды саналы азамат болып қалыптасуына қанағатшылық пен ұстамдылық негізгі ықпал етуші қасиеттер. Қанағатшылық, тәубешілік, ұстамдылық қасиеттерді қазақтар өте жоғары ұстап осы қасиеттерді жас ұрпаққа тәрбиемен беруге зор көңіл бөлген. Шал ақын осы қасиеттерді жырлайды.

Ат-аспанда, нұр-пейіште деген сөз бар
Құдайым жақсы десе ұжмақ кетер,
Қанағат, амандықтың қадірін біл,
Жастық өтіп, кәрілік бір күн жетер.

3.Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық код деген халқымыздық ежелгі заманнан қазірге дейін жеткізген бірегей, өзіне ғана тән мәдениеті. Халқымыздың сан-алуан мәдени салаларының арасынан ерекше көзге көрінетін қазақтың ұлттық рухани құндылықтары. Осы құндылықтар Ұлы Дала өркениетін дүниеге әкелді және осы құндылықтардың арқасында қазақ халқы елдігін сақтап қазіргі заманға жетті. Келешекте ұлттық бірегейліктен айырылмай, одан әрі халық ретінде даму үшін халқымыздың рухани құндылықтарын көздің қарашығындай сақтау керек. Әлемде көп халықтар ұлттық бірегейлікті сақтай алмай ыдырау үстінде, рухани дағдарысқа ұшырауда, басқа халықтарға сіңіп кетуде.

Тәлімтәрбие туралы.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше көңіл аударып азамат болып шығуына көп іс-шаралар атқарған. Тәрбиенің негізі балалық, жастық шақта берілген және бұл жасөспірімнің келешек өмірінің қасқа жолы іспеттес.
Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.
Жолдың алыс- жуығын,
Белі де жуан ат білер.

Еліңнің, туған жеріңнің қадірін, өткен тарихын, өмірдің дұрыс жолын көпті көрген көнекөз қарт біледі, қарттан сұра, тарихыңды біл деп меңзейді.
Әдептілік, қадір-қасиет жөніндегі жырлар.

Әдептілік қасиет қазақ халқының ішкі қатынастарын, хал-ахуалын ушықтырмай бейбіт, тиыштық қалыпта ұстап тұрды.Қазақ халқының өмірінде талай оқиғалар болған-мысалы әдеп сақтап үлкен адамның айтқаны, қылығы қате болса да үндемей қарсы шықпаған, әдеп сақтап ашуға жол бермеген, әдеп сақтап айғай-шудың орнына сыйластықпен тараған кездер көп болған.
Жігітке әдеп керек сыйлайтұғын,
Жөн болмас болмашыға қинайтұғын.
Кемеңгер қанша жүйрік болсаң-дағы,
Қисынсыз бекер сөзді жинайтұғын.                                                                                                                                                   Жақсы адам мен жаман адам, тәрбиесіздік туралы толғау.
Адамда жақсы адам және керсінше жаман адам қылатын адамға жасынан берілген тәрбиенің дүрыстығы,бұрыстығы, тәрбиемен өзгеретін бірақ өзіндік сарқыны бәрі-бір қалатын туа біткен қасиеттер, қоршаған орта,адамның өзгеріске бейімділігі.
Жақсыны алыс, жаманды жақын деме,
Жақсы атансаң біреудің қақын жеме
Жақсымын деп біреудің қақын жесе,
Жаман адам сол болар, мақұл

Әділдік жөнінде.
Қазақтың «Ақ жүрген азбас»деген мақалы бар. Бір сөйлеммен адамға өмірлік жол көрсетіп түр. Қазақ халқы әділдік деген қасиетті құрмет тұтып жоғары ұстаған. Оған дәлел халықтың әлеуметтік қатыныстарын шешу үшін билер институтын мемлекеттік дәрежеге көтергені. Билер институты өздерінің қызметінде әділдікті тұғыр еткен.
[9,117] Төрт ауылдың бір биі Күлен шешен,
Төреңізді тура бер құдай десең.
Өлсең де қабіріңде тек жатпайсын,
Төре беріп біреуден пара жесең.
Отан, атамекен, патриотизм туралы
Шал ақын азамат болғасын елдерді, жерлерді, басқа халықтарды көріп, танысып, жақсы қасиеттерін бойына сіңдірген жақсы деп санайды. Бірақ та бөтен елде мансабың көтеріліп сұлтан,  патша болсаң да, мыңғырған бай болсаң да бәрінен де биік тұрған ұғым бар-ол сенің Отан-анаң, қасиетті туған жерің. Отаныңа, атамекеніңе ештеңе жетпейді, тең келмейді. Сенің отаның кең байтақ Қазақ елі, осы еліңнің азаматы бол, өз халқыңа қызмет жаса деп патриоттық тәрбие береді.

Адамға талай жерді көрген артық,\
Танысып, әркімдерді білген артық.
Мысырға патша болып отырсаң да,
Болмайды туып өскен жерден артық.
Достық, сенім, сатқындық жайында
Адамға жаман адам қарамайды,
Істерді келген кеткен санамайды,
Басыңа іс түскенде жаман досың,
Беруге ат құйрығын жарамайды.
Бақ, дәулет, еріншектікті айтқанда.
[7,33] Адамды жөн білетін дана деп біл,
Істерін жалқау жанның шала деп біл.
Кенже ұлы кедейліктің ұйқы мырза,
Ерте жатып, кеш тұрса жаны ырза.
Еріншектік, жалқаулық адам баласының жаман қасиеттерінің бірі. Бұл жаман қасиеттер адам баласына қашан да қиындықтар туғызып іс-қимылдарына тежеу болады.

  1. Білімнің салтанат құруы
    Құндылықтар арасында білімді алға қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
    Шал ақын білім туралы,білімнің жастарға, бүкіл елге маңызын қысқа да нұса өлеңдерінде көрсетеді.

 Білім, ғылым туралы ғибраты.
[7,33 ] Түрлі ғылым, өнерге
Жаста ғадет қылмасаң
Бәйтеректей қайыспай
Қаңырайып тұрғаның.
Балалық шақта, есте сақтау, тез ұғу қабілеттері жоғары тұрғанда білім алу, өнеге-тәрбиені бойға сіңіру нағыз бір ғанибет деп ақын оны шекер, балға теңеп отыр.

  1. Қазақстанның эволюциялық жолмен дамуы

Қазақстан эволюциялық жолмен дамуы керек.Бұл дегеніміз қазақ халқының келешек даму жолы-табиғи даму жол-яғни ата-бабамыздың даму жолын әрі қарай жалғастыру,бірақ ескірген құндылықтардан арылып заманға лайық құндылықтарды кіргізіп адамзат көшінен қалмай оза даму.

Ақын атамыз халқымызға эволюциялық даму жолмен келешекке баруды өз өлеңдерінде меңзеп кетеді.

Мысалы:Ата-бабаң үлгісі,

Қазылған қара жолмен тең

Осы бір шумақ өлеңмен ата-бабаңның даму жолын әрі қарай жалғастыр, ата-бабаңның өмірлік үлгісі дұрыс,сол жолдан айныма деп жырлайды

 

III. Қорытынды.

Әлем халықтарынын бәріне тән ортақ рухани байлықтар, құндылықтар, жақсы игі қасиеттер бар, олар имандылық, кішіпейілдік, силастық, қанағатшылдық, ұстамдылық, достық, әділдік, татулық, сенімділік, ізгілік.

Осы барлық этномәдени құндылықтарды біз қазақ халқының мәдениетінен табамыз. Қазақ халқының ұлттық құндылықтары әлемдік бірегей өркениет-Ұлы Дала өркениетін дүниеге әкелді. Мен елімізде жүріп жатқан рухани жаңғыру үрдісінің халқымыздың ұлттық құндылықтарымен үндесіп жатқанын айқындадым. Қысқаша айтқанда қазақ халқының рухани мәдениеті ұлтымызды 1. Имандылыққа,  2. Адамгершілікке, З. Сыйластыққа, 4. Кішіпейілдікке, 5. Қанағатшылдыққа, 6.Ұстамдылыққа, 7. Адалдыққа, 8. Татулыққа, 9. Достыққа, 10. Әділдікке тәрбиелейді.                                                                                                                                                                                                                      Халқымыздың рухани мәдениетінің негізгі бағыты-рухани дүниесі бай, жалпы ұлттық, адамзаттық жақсы қасиеттерді бойына сіңірген, халқын, Отанын, туған жерін сүйетін озық азамат болуға шақырады.
Шал ақын өзінің екі ғасыр бұрын жазылған жырларында көтерген көп толғау-мәселелер қазірдің өзінде түгелдей өз маңызын, өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан ұлттық құндылықтарымыздың маңызы, қазіргі жаһандану дәуірінде өзінің өзектілігімен арта түсіп Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңі мен келешек даму үрдісінде құндылығы да, алатын орны да зор деген қорытындыға келіп отырмын.
ІV. Қолданылған әдебиеттер.
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиалық анықтама. Алматы. Аруна, 2005

  1. Қызылжар елі. Алматы. Қазақ энциклопедиясы, 2007
  2. Солтүстік Қазақстан облысы.Энциклопедия. Алматы. Арыс, 2006
  3. Х.Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиеті ХУШ-ХІХ ғғ. Алматы. Мектеп, 1981
  4. Ш.Уалиханов.Таңдамалы. Алматы. Жазушы, 1985
  5. Ғалым Қадірәлі. Шал ақын. Алматы. Арыс, 2003
  6. Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы. Ана тілі, 1993
  7. Ай, заман-ай. I том. Алматы. ҚКСР баспасөз жөніндегі мемлекеттер комитеті бас редакциясы, 1991
  8. Сағди. Жәннәт. Алматы. Жазушы, 1981
    ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ӨЗЕКТІЛІГІН ШАЛ АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ДӘЙЕКТЕУ
    Какжанова Зәуреш Қатыранқызы,
    Бастауыш сынып мұғалімі, Нұр-Сұлтан қаласы «№64 мектеп-гимназия» КММ
    Шал ақын жасынан өнердің ақындық жолына түсіп, бүкіл ғұмырын осы өнерге арнайды. Өмірге қанағатшылдықпен қарап, адамзат өмірінің негізгі тұғыры руханият екенін біліп, дүние байлығына көз салмай, рухани байлықты өмірлік серігі қылды.

Шал ақынның туған жеріндегі мүсіні.     Ақынның туған жерінің табиғаты
Шал ақынның поэзиясы өзіне тән шығармашылық қыры бар, ешбір ақынға ұқсамайтын өзіндік жолы бар үлкен мұра. Ақынның өмірдің әр түрлі саласын қамытуы өте кең және де ашық, шырайлы бояумен адам санасына өз ойын жеңіл жеткізеді. Өз заманының ұлы бола тұра Шал ақын қоғамның даму барсын дөп басып, келешекті болжай қарап, келер ұрпаққа арнап өзінің тәлім-тәрбиеге толы жырларын аманат қылып тастап кетті.

Шал ақын шығармашылығы қазіргі Қазақстан Республикасының рухани саласындағы өзекті мәселелерімен үндесіп жатыр.
Бәсекелік қабілет.
Ұлттың алға дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі ол бәсекелестік қабілет. Бәсекелік қабілетке жоғары мәдениет, кең білім, биік кәсіби деңгей, күшті бәсекелік қабілет жатады.
Ақын алға дамуда кедергі келтіретін жаман қылық-әдеттерден арыл, саналы жас тұлғаға халқын сыйлап, халқыңа қызмет етіп, еліңе еңбегіңді сіңір, сонда елің дәулетті болады, басқа елдерден қалмайсың дегенді меңзейді
Жігіттер жаман сөзді кәсіп етпе,
Құрбыңды өзің теңді басып өтпе
Бағыңыз қызмет етіп халқыңызға,
Жасы үлкен ел ішінде қартыңызға.
Дүниеге бекер келіп,бекер кетпей,
Бір белгі қалдырыңыз артыңызға.

  1. Прагматизм.
    Прагматизм деген қоршаған ортаны сақтап, дүниені үнемді және орынды пайдаланатын, келешекке нақты жоспар құратын, ысырапшылдық пен астамшылдыққа, даңғойлыққа жол бермей, керісінше қанағатшылдық пен ұстамдылық, қарапайымдылықты алға қоятын іс-әрекет.

Шал ақынның Қанағатшылдық, ұстамдылық, тәубәшілік жайындағы арнау жырлары.
Адамды саналы азамат болып қалыптасуына қанағатшылық пен ұстамдылық негізгі ықпал етуші қасиеттер. Қанағатшылық, тәубешілік, ұстамдылық қасиеттерді қазақтар өте жоғары ұстап осы қасиеттерді жас ұрпаққа тәрбиемен беруге зор көңіл бөлген. Шал ақын осы қасиеттерді жырлайды.
Ат-аспанда, нұр-пейіште деген сөз бар
Құдайым жақсы десе ұжмақ кетер,
Қанағат, амандықтың қадірін біл,
Жастық өтіп, кәрілік бір күн жетер.
3.Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық код деген халқымыздық ежелгі заманнан қазірге дейін жеткізген бірегей, өзіне ғана тән мәдениеті. Халқымыздың сан-алуан мәдени салаларының арасынан ерекше көзге көрінетін қазақтың ұлттық рухани құндылықтары. Осы құндылықтар Ұлы Дала өркениетін дүниеге әкелді және осы құндылықтардың арқасында қазақ халқы елдігін сақтап қазіргі заманға жетті. Келешекте ұлттық бірегейліктен айырылмай, одан әрі халық ретінде даму үшін халқымыздың рухани құндылықтарын көздің қарашығындай сақтау керек. Әлемде көп халықтар ұлттық бірегейлікті сақтай алмай ыдырау үстінде, рухани дағдарысқа ұшырауда, басқа халықтарға сіңіп кетуде.

Тәлімтәрбие туралы.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше көңіл аударып азамат болып шығуына көп іс-шаралар атқарған. Тәрбиенің негізі балалық, жастық шақта берілген және бұл жасөспірімнің келешек өмірінің қасқа жолы іспеттес.
Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.
Жолдың алыс- жуығын,
Белі де жуан ат білер.
Еліңнің, туған жеріңнің қадірін, өткен тарихын, өмірдің дұрыс жолын көпті көрген көнекөз қарт біледі, қарттан сұра, тарихыңды біл деп меңзейді.
Әдептілік, қадір-қасиет жөніндегі жырлар.
Әдептілік қасиет қазақ халқының ішкі қатынастарын, хал-ахуалын ушықтырмай бейбіт, тиыштық қалыпта ұстап тұрды.Қазақ халқының өмірінде талай оқиғалар болған-мысалы әдеп сақтап үлкен адамның айтқаны, қылығы қате болса да үндемей қарсы шықпаған, әдеп сақтап ашуға жол бермеген, әдеп сақтап айғай-шудың орнына сыйластықпен тараған кездер көп болған.
\Жігітке әдеп керек сыйлайтұғын,
Жөн болмас болмашыға қинайтұғын.
Кемеңгер қанша жүйрік болсаң-дағы,
Қисынсыз бекер сөзді жинайтұғын.                                                                                                                                                     Жақсы адам мен жаман адам, тәрбиесіздік туралы толғау.
Адамда жақсы адам және керсінше жаман адам қылатын адамға жасынан берілген тәрбиенің дүрыстығы,бұрыстығы, тәрбиемен өзгеретін бірақ өзіндік сарқыны бәрі-бір қалатын туа біткен қасиеттер, қоршаған орта,адамның өзгеріске бейімділігі
Жақсыны алыс, жаманды жақын деме,/
Жақсы атансаң біреудің қақын жеме .
Жақсымын деп біреудің қақын жесе,
Жаман адам сол болар, мақұл

Әділдік жөнінде.
Қазақтың «Ақ жүрген азбас»деген мақалы бар. Бір сөйлеммен адамға өмірлік жол көрсетіп түр. Қазақ халқы әділдік деген қасиетті құрмет тұтып жоғары ұстаған. Оған дәлел халықтың әлеуметтік қатыныстарын шешу үшін билер институтын мемлекеттік дәрежеге көтергені. Билер институты өздерінің қызметінде әділдікті тұғыр еткен.
[9,117] Төрт ауылдың бір биі Күлен шешен,/
Төреңізді тура бер құдай десең.
Өлсең де қабіріңде тек жатпайсын,
Төре беріп біреуден пара жесең./
Отан, атамекен, патриотизм туралы
\Шал ақын азамат болғасын елдерді, жерлерді, басқа халықтарды көріп, танысып, жақсы қасиеттерін бойына сіңдірген жақсы деп санайды. Бірақ та бөтен елде мансабың көтеріліп сұлтан,  патша болсаң да, мыңғырған бай болсаң да бәрінен де биік тұрған ұғым бар-ол сенің Отан-анаң, қасиетті туған жерің. Отаныңа, атамекеніңе ештеңе жетпейді, тең келмейді. Сенің отаның кең байтақ Қазақ елі, осы еліңнің азаматы бол, өз халқыңа қызмет жаса деп патриоттық тәрбие береді.
Адамға талай жерді көрген артық,
Танысып, әркімдерді білген артық.
Мысырға патша болып отырсаң да,
Болмайды туып өскен жерден артық.
Достық, сенім, сатқындық жайында
Адамға жаман адам қарамайды,
Істерді келген кеткен санамайды,
Басыңа іс түскенде жаман досың,
Беруге ат құйрығын жарамайды.
Бақ, дәулет, еріншектікті айтқанда.
[7,33] Адамды жөн білетін дана деп біл,
Істерін жалқау жанның шала деп біл.
Кенже ұлы кедейліктің ұйқы мырза,
Ерте жатып, кеш тұрса жаны ырза.
Еріншектік, жалқаулық адам баласының жаман қасиеттерінің бірі. Бұл жаман қасиеттер адам баласына қашан да қиындықтар туғызып іс-қимылдарына тежеу болады.

  1. Білімнің салтанат құруы
    Құндылықтар арасында білімді алға қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
    Шал ақын білім туралы,білімнің жастарға, бүкіл елге маңызын қысқа да нұсқа өлеңдерінде көрсетеді

 Білім, ғылым туралы ғибраты.
[7,33 ] Түрлі ғылым, өнерге
Жаста ғадет қылмасаң,
Бәйтеректей қайыспай
Қаңырайып тұрғаның.
Балалық шақта, есте сақтау, тез ұғу қабілеттері жоғары тұрғанда білім алу, өнеге-тәрбиені бойға сіңіру нағыз бір ғанибет деп ақын оны шекер, балға теңеп отыр.
Қазақстанның эволюциялық жолмен дамуы

  1. Қазақстан эволюциялық жолмен дамуы керек.Бұл дегеніміз қазақ халқының келешек даму жолы-табиғи даму жол-яғни ата-бабамыздың даму жолын әрі қарай жалғастыру,бірақ ескірген құндылықтардан арылып заманға лайық құндылықтарды кіргізіп адамзат көшінен қалмай оза даму.

Ақын атамыз халқымызға эволюциялық даму жолмен келешекке баруды өз өлеңдерінде меңзеп кетеді.
Мысалы:Ата-бабаң үлгісі
Қазылған қара жолмен тең
Осы бір шумақ өлеңмен ата-бабаңның даму жолын әрі қарай жалғастыр, ата-бабаңның өмірлік үлгісі дұрыс,сол жолдан айныма деп жырлайды
III. Қорытынды.
Әлем халықтарынын бәріне тән ортақ рухани байлықтар, құндылықтар, жақсы игі қасиеттер бар, олар имандылық, кішіпейілдік, силастық, қанағатшылдық, ұстамдылық, достық, әділдік, татулық, сенімділік, ізгілік.
Осы барлық этномәдени құндылықтарды біз қазақ халқының мәдениетінен табамыз. Қазақ халқының ұлттық құндылықтары әлемдік бірегей өркениет-Ұлы Дала өркениетін дүниеге әкелді. Мен елімізде жүріп жатқан рухани жаңғыру үрдісінің халқымыздың ұлттық құндылықтарымен үндесіп жатқанын айқындадым. Қысқаша айтқанда қазақ халқының рухани мәдениеті ұлтымызды 1. Имандылыққа,  2. Адамгершілікке, З. Сыйластыққа, 4. Кішіпейілдікке, 5. Қанағатшылдыққа, 6.Ұстамдылыққа, 7. Адалдыққа, 8. Татулыққа, 9. Достыққа, 10. Әділдікке тәрбиелейді.                         қасиеттерді бойына сіңірген, халқын, Отанын, туған жерін сүйетін озық азамат болуға шақырады.
Шал ақын өзінің екі ғасыр бұрын жазылған жырларында көтерген көп толғау-мәселелер қазірдің өзінде түгелдей өз маңызын, өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан ұлттық құндылықтарымыздың маңызы, қазіргі жаһандану дәуірінде өзінің өзектілігімен арта түсіп Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңі мен келешек даму үрдісінде құндылығы да, алатын орны да зор деген қорытындыға келіп отырмын.

ІV. Қолданылған әдебиеттер.
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиалық анықтама. Алматы. Аруна, 2005
Қызылжар елі. Алматы. Қазақ энциклопедиясы, 2007
Солтүстік Қазақстан облысы.Энциклопедия. Алматы. Арыс, 2006
Х.Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиеті ХУШ-ХІХ ғғ. Алматы. Мектеп, 1981
Ш.Уалиханов.Таңдамалы. Алматы. Жазушы, 1985
Ғалым Қадірәлі. Шал ақын. Алматы. Арыс, 2003
Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы. Ана тілі, 1993
Ай, заман-ай. I том. Алматы. ҚКСР баспасөз жөніндегі мемлекеттер комитеті бас редакциясы, 1991
Сағди. Жәннәт. Алматы. Жазушы, 1981

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.