Қазіргі заманда цифрлық сауаттылықтың күннен – күнге қарыштап дамыған шағында, әр саланың мамандары секілді, білім саласындағы ұстаздар да, жаңа заманның озық технологияларын терең меңгеріп, білім арнасына өз үлестерін қосуда. Дана халқымызда: «Білекті бірді – білімді мыңды жығады» — деген өнегелі сөзі бар. Осыған орай қазіргі таңдағы ұстаздар тынысынан кішкене сыр шертсем.
– Бүгінгі ғаламтормен шексіз жарысқан ұстаз қандай?
Бүгінгі ұстаздарымыз ең алдымен білімін жанына серік етіп, әрбір шәкіртке сапалы білім мен саналы тәрбие беру үстінде. Еліміздегі соңғы орын алған жағдайларға қарамастан, ұстаздар шәкірттерін қашықтықтан оқытуға тез машықтана білді. Және де күнделікті әрбір сабағына жіті дайындалып заманауи үлгідегі бейнесабақтар дайындап, шәкірттерін білім шыңына жетелеуде. Әрбір ұстазы үшін шәкіртінің білімі, жеткен жетістігі әрине ұстаздың жаңа бір қырын ашып, тұлғалық дамуын қалыптастырары сөзсіз. Тілге тиек ретінде айтайын дегенім, оқушы мен ұстаз қашықтықтан оқу мен оқытуда айтарлықтай қиындықтарға кездеспеді. Білімге құмар ізденімпаз шәкірттеріміздің де желілік сауаттары анағұрлым арта түсуде. Осыған қарамастан желдей жүйткіген уақытпен жарысып шәкірттерді әртүрлі мектепішілік, аудандық, облыстық, тіпті Республикалық сайыстарға қатыстырып бағын сынатып келеді. Қаншама шәкірттеріміз білім мен өнердің шыңдалған заманында жүлделі орындарға ие болып мектебінің мерейлерін асқақтатуда. Мұның барлығы оқушының білімге, өнерге деген қабілеті болса, сол қабілетті аша білген әрине ұстаздың еңбегі орасан. Міне көзді ашып-жұмғанша оқу жылының соңы да таяп қалды. «Ұстаздық еткен жалықпас – үйретуден балаға» дегендей әрбір ұстаздың білім ғылым жолындағы еңбегіне сүйсіне қарайсың. Ендеше бүгінгі ұстаздың вертуалды білім кеңістігіндегі еңбегі осындай. Ұстаздарға еңбегіне жеңіс тілей отырып, жазғы кезекті демалысын жақсы өткізуіне тілекшімін.
Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№7 жалпы білім беру орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Нугманова Ару Джаумитбаевна