Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы
«№74 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК
Байзульдинов Марат Бекболатұлы
информатика пәні мұғалімі
Робототехника – Қазақстанның білім беру мекемелерінде енгізіліп жатқан жаңа бағыттардың қатарында. Бүгінде Республикамыздағы жүздеген мектеп пен жоғары оқу орнында өте бастаған бұл аралас пәннің құрамында бірқатар қолданбалы пәндер бар. Болашақ робот құрастырушы математика мен физиканы, информатика мен сызуды, басқа да бірқатар ғылым саласын міндетті түрде меңгеруі тиіс.
Осы аталған бағыт бойынша №74 мектеп-гимназиясында «Робототехника» бағыты бойынша курс барысында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Жұмыс барысында оқушылар арнайы жабдықталған «Робототехника» кабинетінде роботты техниканың негізі Lego Mindstorms EV3 және Arduino микроконтроллерінің құрылғыларымен таныса отырып, роботтарды модельдеу және бағдарламалау жұмыстарын, құрастыру дағдыларын меңгереді. Тыңдаушылар курста роботты техниканың шығу тарихы, оның түрлері және қолданылу салаларын біліп үйренеді. Олардың қазіргі таңдағы маңызын және пән бойынша робот техникасын қолдана отырып, оны өмірде қолдану және жоспарлау дағдыларын, сонымен қатар ақпараттық құзыреттіліктерін дамыта отырып, жобалау тәсілдерін меңгереді.
Сондай-ақ, курс барасында тек қана теориялық білім емес, сонымен қатар, оқушылар практикалық білімдерін арттыру мақсатында қалалық, республикалық түрлі жарыстарға, конкурстарға, ғылыми жобаларды қорғауға, түрлі зерттеу жұмыстарын жасауға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.
Бұл тәсілдер мен дағдылар әрбір оқушыға инженерлік, нұсқаушылық, шығармашылық идеяларды іске асыру және өз әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді.