Тараз мемлекеттік
педагогикалық университеті
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА
Аталмыш бастама бойынша көш басында келе жатқан «Ұстаздықтар» анықтамадан бастап, студентке арналған транскрипт құжаттарына дейін электронды нұсқаға көшуге мүмкіндік беретін жобаны алға қойды.
Университет ректоры Ержан Әмірбекұлының айтуынша, былтырғы жылдан бастап оқу ордасы толық автоматтандырылған жүйеге көшу арқылы заман талабына сай мұғалім даярлау миссиясына толыққанды қол жеткізу мақсатына үлкен жол ашуда.
Білім ошағында арнайы автоматтандырылған жұмыс орны комплексі әзірленген. Олардың қатарында: «Статистика», «Диплом тақырыбының сәйкестігін тексеру бағдарламасы», «Емтихан билеттері бағдарламасы», «Moodle» қашықтықтан оқыту» бағдарламалары қамтылған. Бағдарламалар комплексінің атқаратын функционалды мүмкіндіктері жетерлік. Мәселен, «оқытушыны студент көзімен» бағдарламасы арқылы оқытушыларды бағалау мүмкіндігі бар. Бұл бағдарлама университеттің ашықтық принципін аңғартады.
Сонымен қатар,толыққанды автоматтандырылған жүйеге көшкен оқу ордасында электронды белсенді педагогикалық практика протфолиосы және оқу порталы бағдарламалары жұмыс істейді. Аталмыш бағдарламалар арқылы болашақ мұғалімдер белсенді педагогикалық практикадан өту барысында электронды күнделіктегі тапсырмаларды орындау арқылы біліктіліктерін шыңдай алады. Айта кететін жайт, белсенді педагогикалық практика протфолиосының бағдарламасын әзірлеу университеттегі белсенді әрі білімді студенттердің қатысуымен жүзеге асырылған.
Солардың қатарынан бой көрсеткен 4 курс студенті Қанат Көркемжанның айтуынша: «Белсенді педагогикалық практика портфолиосының артықшылығы – уақыт тиімділігімен қатар, қағазбастылықтан арылуға әкеледі. Күнделікті тапсырмалардың орындалғандығын қадағалап отыру жағынан да студенттің практикаға қатысу белсенділігін білуге қолайлы. Соның нәтижесінде студенттер алыс қашықтықтағы ауыл мектептерінен де белсенді практикадан өту мүмкіндігіне ие. Бұл бір жағынан жемқорлықты алдын-алудан өзінің артықшыл тұсымен дараланатын тиімді бағдарлама».
Ашықтық, адалдық, креативтілік принциптерін қуаттайтын «Ұстаз» университетінде бір жыл көлемінде 20-ға жуық онлайн сабақтар, семинарлар, конференциялар өткізілген.
Айта кету керек, таяуда білім және ғылым министрі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдаудың автоматтандырылған тәртібі туралы хабарлады.
ТарМПУ баспасөз қызметі