М.М.Рахимжанова,
көркем еңбек пәнінің мұғалімі.
№ 73 мектеп-лицей.
Астана қаласы.
“Ойнамайсың, күлмейсің,
Оңды жолмен жүрмейсің.
Әкең дұрыс сабаған,
Күрмеп байлау білмейсің!”- деп, ел арасындакең тарап кеткен осы қалжың өлеңде қандай мағына бар? Кешегі айтылған астарлы шумақтар, бүгінгі зияткер ұрпақтарды жан-жақты, көпбейімді болып дамуына және жеке тұлғаға ұлттық рухта адамгершілік тәрбие беруімізге негізі бола ала ма?
Күрмеп байлауды көрсетіп,түсіндіруіміз үшін алдымен арқанның не екенің әсіресе қала балаларына қалай айтып жеткіземіз. «Веревка для белья…». Бірақ қазір әр үйде «сушилкалар», яғни киім кептіретін арнайы құрылғылар бар. Бұл жағдайда, әрине спорт залдарында тұратын жеңді білектей жібек арқандаының көмегі зор. Спорттық, ұлттық ойындар: арқан тарту, арқанға өрмелеу, ат жарысы, бәйге, көкбар, баскетбол, волебол ойындарындағы керіліп тұрған сеткаларды айту арқылы ой қозғай аламыз. Бұлар балалар үшін таңсық емес. Салт-дәстүріміздегі «арқан керу» яғни, құдалық дәстүрінен де балалардың хабары бары анық. Сондай-ақ әр отбасындағы ұлттық тәрбиенің де ролі маңызды екенін айтып кеткен жөн деп ойлаймын. Қазақы ортада жиі айтылатын «арқаннан аттама», «арқан ұрлама», «есіліп жатқан арқан астынан өтпе» деген сияқты табу сөздер – тыйымдар жие кездеседі, оларды білім алушулар әдеби шығармалар оқу арқылы біледі. Қазақтың космогониялық дүниетанымында арқан екі дүниені яғни тәңірлік дүние мен адамдар мекендейтін ортаны байланыстыратын медиатрі (дәнекер) деп есептелген.
-Күрмектеуді білесіз бе?
Өзімізді ат құлағында ойнап, кең сахарада еркін өскен халықпыз -деп есептейміз. Онымыз өтірік те емес. Қиыр қонып, шет жайлаған сол бір көші-қоны мол, үркіні көп заманда қазақтың қанжығасынан арқан түспеген. Арқандардың ұзындықтары, жуанықтары, сондай-ақ даярлау үшін шикізатты әр түрлі болған. Соған сай атқаратын қызметтеріде әр түрлі. Қазақ арқанды ешқашан кеспеген, артығын жанына буып жинап қойған. Арқанды байлаудың бірнеше түрлі әдістері болған: шалып байлау, шорт байлау, ілмектеп байлау, қазықбау шалу, түйіп байлау, күрмеп байлау, ілмектен өткізіп барып қайыра шалып байлау, тұзақтап байлау, шандып байлау. Соның ішінде кең тараған күрмеп байлау.
Шаруашылықта ең жиі қолданылатын, әрі берік, әрі шешуге қолайлы, малды қылқынып қалудан сақтайтын байлау түрі – «күрмеп байлау». Байлаудың бұл түрі XIII ғ.-да Еуропаға қоныстанған құман-қыпшақтар арқылы «құманша (қыпшақша) байлау» деген атпен тарап, кейін Америка ковбойларының арасында да кең өріс алып, қолданысқа ие болған. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш емеспе.
Байлаудың бірінші сатысы — шалу. Жіп байланатын заттың, жіптің (арқанның) екінші ұшына қарама-қарсы бағытта бір орап, жіп ұшын ораудың астыңғы жағынан шығарып тұйықтау. Шалып байлау әдісі уықтарды, бауларды, таңғыштарды байлап бекітуде және буып-түюдің барлық түрінде де пайдаланылады.
Күрмеп байлау жіптің, арқанның ұшын оң қолдың саусақтарымен ұстап тұрып арқанның жалғасын осы саусақтарды кең бір орап, бас бармақ үстіне әкелгеннен кейін орам тағы бір рет қайталанады, осы тұйық орамды астыңғы саусақтармен тартып тұрып, бас бармақты орамнан суырып алып, жіптің қысқа ұшын осы тұйыққа ілмектеп кіргізіп, ұзын ұшты тартады. Бұл байлау берік болады. Малдың мойнына тағатын арқан, жіптер осылай күрмеп байланады. Күрмеп байлауды не үшін білім алушылаға үйретеміз, әр түрлі аптатты жағдайлар кездеседі немесе сондай жағдайларға тап болуымыз мүмкін: жер сілкінісі, қауіпті, апатты жерлерден құтқару, адамдарды, көліктерді шығарып алу, биіктен түсіру,тартып алу т.б. Осындай жағдайларды алғашқы көмек көрсету мақсатында дайын болуымыз абзал.
Сондай –ақ қазір ат спорты кең белең алып дамып келеді. Жастар дұрыс, салауатты өмір сүру жолын ұстануда. Жаңа стандарты өнер жолдарын таңдауда. Солардың бірі-ат спорты. Бұл спорт түрі әлемнің қай жерінде де өзекті болып отыр. Жастарымыз қай жерде жүріп білім алып, қызметте жүрседе қанмен, генмен берілгіен ат-спорт өнерін меңгеріп кетері сөзсіз.
Қазақ шеберлері арқан түйіліп, матасып, байланып қалсада, кеспеген, шие болып қатып қалған түйінді шешу үшін киіктің, еліктің мүйізінен жасалған құрал — түйін шешкішті пайдаланған. Мал байлауға әртүрлі бау мен жіптерді пайдаланған. Олар кендірден, шудадан, қылдан, қайыстан есіледі. Осындай арқандармен қазақтар асауларды тұсап, алыстан асауларға құрық тастай біліп, ат үстіде ойнаған.
Арқанды даярау –арқан есуден басталады. Арқан есу – арқан жасауға арналған жүн, қыл, кендір, жіп сияқты материалдарды жұмырлап (шүйкелеп) ширатып, пысықтайды. Арқан есу жұмысы жүннен шүйке жасаудан басталады. Шүйке – есуге, иіруге арнап түтіліп, шумақтап созылған бір орам, бір шумақ жүн. Шүйке дайындаудың екі түрлі тәсілі болды. Бірі – есуге арналған, екіншісі – иіруге және ши орауға арналған шүйке. Есуге арналғаны арқан шүйкесі деп аталады. Ол бір шүйке қой жүнін жылқы қылымен араластырып жаймалап, одан орамға айналдырып, алақанда қабатталып ширықтырылып және әрбір бір-екі қарыс ұзындықта бүктеліп, жуандау етіп жасалады.
Қазір сабақ барысында дайын жіптер болғандықтан, соларды бірнеше қабаттап, ширшықтап, есеміз. Дайын есілген шағын арқандарымызды алдын ала жасалған пано, коллаждарымыздың шеттерін әшекейлеу үшін, киіз-фетрден жасалған оюларымыздың шеттрін жиектеу үшін пайдаланып жүрміз. Арқан қай халықта, қай елде болсын үлкен қолданыста. Жүк тасымалау, кеме, параход саласында, құрылыс, орман шаруашылығы, мал шаруашылығы, шахтадада, тауға шығуы үшінде өзектілігін жоймаған. Болашақтада қолданыста бола береді.
Соның бірі халқымызға қанмен, генмен берілген қамшы өру өнері. Қамшы өру жолдарын: алты таспа жалпақ өрім — алтау етіп тілінген таспадан жалпақ айыл, қайысты алты таспа етіп тіліп алған соң ортасынан бастап өреді. Алты таспадан өрілген осындай жалпақ алтыбасар деп те атайды. Айыл, жырым түрлері осы тәсілмен өріледі. Өрім түрлеріне келсек: үш өрімнен бастап қырық өрімге дейін өрілген. Үш не төрт өрім, ол қайыстан өрілген, бәйге қамшыға қолайлысы. Қайыстан өрім өру — өнері өте қызық әрі күрделі. Бір таспадан бастап, жүз таспаға дейін, өрім өретін шеберлер болған Алты өрім,осы орайда «Әй, алты өрім бұзау тіс, көп былжырамай аттан түс!» деп өрімшілер көп айтатын. Сегіз өрім, төрт қырлы, бұл мал айдауға қолайлы қамшы. Осы өрімді соп, үйір, ноғай қамшыларға да қолданған.Он екі өрім, сәндікке лайықты қамшыда пайдаланылады. Қырық өрім. Оған тарамыс қолданылады. Өрімшілер арасында қайыс таспадан қырық өрімді де жасағандар болған. Қамшының басын шаш өру тәсілімен өреді. Жылан бауыр етіп те өріледі.
Қазақ халқының қол өнері оның тарихымен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Ол тек қазақ халқының ғана емес Орта Азия, Ресей халықтарының өнерімен ұштасып келеді. Қамшы өруге ұқсас бау өруде Жапон халқының кумихимо әдісін сабақ барысында пайдаланамыз. Оның ішінде марудай және такадай әдістері арқылы бауларды дөңгелек және жалпақ әдісте өреміз.
Күрмеп байлау сияқты «Тұмар түйін» өнеріде ұмытылып бара жатқан өнердің бірі. Күні кеше тойлап өткен Қазақ хандығының 550 жылдығындағы Туымызда «Сәттілік» түйінін көруге болады.Тұмар деген сөздің мағынасы көне түркі тума және йер тіркесінен “туған жер” мағынасын береді. Яғни, көне түркілер тұмарға туған жердің топырағын салып жүрген. Тұмар зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден сақтайды деп сенген ежелден келе жатқан қазақ халқының бұйымы. Тұмар түйіндер — дегеніміз бiрнеше түйiндерден тұратын өрімдер. Қазақ халқында үш бақыт түйіні болған, шаңырақтан бақ, даулет, береке кетпесін деп үш түйінді біріктіріп, бір түйін жасап биікке іліп қойған. Бүгінгі таңда,түйіндерде әр түрлі қолданыста: хирургиялық түйін, теңіз түйіні, медицина түйіні сондай-ақ тұрмыстық түйіндер болып бөлінеді. Тұрмыстық түйіндерді мойынға тағатын әшекей бұйымдар, шарфтар мен галустуктің әр түрлі байлау жолдарын көруге болады.
5-сыныпта ұсынылып отырған макраме-түйіндеп тоқу өнерінің тарихына біраз көз жүгіртсек, түйіндеп тоқу мыңдаған жылдар бойы, атадан балаға жалғасып келе жатқан қол өнердің бір түрі. Бұл өнер екі жіпті бір-біріне байлау керек болған кезде пайда болған және ол бірінеші түйін болған. Аңшылар аңдардың терілеріден және балшық шөптерінен тор тоқыған. Адамзат дамуы жолында бұл өнерге әр түрлі қараған, кезі келгенде тоқуға тыйым салынған.
Христиандарға түйіндеп тоқылған амулетін тағып жүреге рұқсат берілмеген. Ал кей бір халықтар, керісінше, түйіндер үлкен пайда келтіреді деп сенген, неге дегенде тоқылған және шешілген түйіндер адам тағдырына байланысты деп ойлаған.
Түйінді тоқу ең алғаш бау, кулон, талисман ретінде теңізшілер тоқып таққан. Олар, яғни теңізшілер ХІҮ ғасырда Испания, Индия, Қытай, Италия халықтарының өнерімен танысқан. Киім, үй жихаздарын безендірген. Алғашқы түйіндеп тоқу мектептері ашылды. Алтын жіптен тоқылған шілтер (кружево) патша киімін безендірген. Тек ХІХ ғасырда бұл өнерді макраме деп атай бастады. Мағынасы араб тілінде макраме — түйінді тоқыма немесе бахрома деген мағынаны білдіреді. Кейбір деректерде бұл өнер араб елінен тамыр алады деп те айтылаы. Қазіргі таңда макраме жаңарып, өмірімізге қайта оралды. Түйіндеп тоқылған бұйымдар –кілемдер, кашпо, салфетка, абажур үй ішін безендіріп тұр, моншақтармен әдемі келісіп түрады. Макраме жас талғамайды, әр түрлі жіптерден тоқуға болады. Макраме — өрнектеп тоқу белгілі ретпен орналасқан әр түрлі түйіндердің көмегімен тоқу. Түйіп тоқу арқылы әр алуан өрнек шығаруға болады. Тоқу үшін әр түрлі жуандықтағы жіптер, баула, таспалар пайдаланылады. Ұсақ бұйымдарды әбден ширатылған жіңішке жіптерден тоқиды. Ең керегі түйінді мықтылап байлау керек, сонда бұйым өзінің формасын жақсы сақтайды, әдемі көрінеді. Тоқуды бастамас бұрын керіліп тұратындай етіп арқау жіпті түйреуішпен жастыққа түйреп қояды. Оған өріс жібін іледі де, бұйымды тоқиды. Кейбір түйіндерді жасауда (мысалы,бұршақ) темірден жасалған шағындау тоқыма ілмек қажет.
Күрмеп байлау, түйіндеп байлау болсын бұлардың бәрін, әртүрлі сәнді орамалдарды, шарфтарды сәдеп байлау үшін, перделерді тарып жинақтау үшінде қажеттілігі болары сөзсіз.
Қорыта келгенде, қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Қазақ халқы көне дәуірден өшпес мұра болып, ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, өзі тарихымен, әдет-ғұрпымен, сәндік, көркемдік жолымен, қолөнерімен көшпенді елімізді бүкіл әлемге танытты және мойындатты. Өнер көзі — халықта, халықсыз өнер, өнерсіз халық жоқ, оны жаңғыртып іске асыру – біздің перзенттік парызымыз.
«Безграмотными в 21 веке будут не те, кто не умеет читать и писать, а те, кто не умеет учиться, разучиваться, и переучиваться»- деп Эливин Тоффлер айтқандай, 21 ғасырдың зияткер ұрпағын жан-жақты, кез-келген ортаға бейімді, да ізденімпаз, көп қырлы қылып шыңдап, тәрбиелеуіміз керек. Сөзімнің соңын Өтебай Тұрманжановтың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Білем деме,балам!
Білмейтігің бар шығар,
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар,
Көп білуге ұмтылған –
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жүмғанша оқыған –
Көп нәрсені тоқиды.