«Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастаны — қазақ әдебиетінің өшпес мұраларының бірі. Қозы Көрпеш — Баян Сұлу эпосы – халқымыздың інжу-маржаны, асыл қазынасы. Бір-біріне қосыла алмаған қос ғашықтың қайғылы махаббатын жырлайды. Қозы мен Баянның махаббат тарихы бір-біріне деген адалдығымен құнды.
Ел аузында ғашықтар Шығыс Қазақстан облысындағы Таңсық ауылы маңындағы кесенеге жерленген деген мәлімет бар.
1982 жылы қабір үстіндегі кесене тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынды.
2013 жылы Аягөз қаласында қос ғашықтың құрметіне ескерткіш орнатылды.
Алматы қаласы Мұхтар Әуезов атындағы
Қазақ ұлттық драма театрында
“Қозы Көрпеш — Баян Сұлу” спектаклінің премьерасы өтті.
Туынды 1940 жылдың 29 сәуірінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында алғаш рет көрермен назарына ұсынылған.
“Қозы Көрпеш — Баян Сұлу” спектаклі араға жылдар салып, сахнаға қайта оралды.
Қойылымның бас демеушісі — “Баян Сұлу” фабрикасы.
М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының директоры Жуасбек Еркін:
«Үлкен бизнес өкілдерінің өнермен, оның ішінде театрмен әріптестік негізде жұмыс істеуі Қазақстанда көп кездесе бермейді. Дегенмен биыл ұлы Ғ.Мүсіреповтің шығармасын «Баян сұлу» компаниясының демеушілігімен сахналайын деп отырмыз», — деді.
Қоюшы-режиссеры – Ә. Рахимов, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Қоюшы-суретшісі – М. Сапаров,
Киім суретшісі – Б. Әбдіманапова,
Балетмейстер – Г. Мухамеджанова,
Сахна қозғалысы – А. Байлин.
Мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні елімізде 15 сәуірде мерекеленеді.
Театрда кездескенше!
Ақерке Уахитова,
Алматы қаласынан.