Алматы қаласы, Түрксіб ауданы №198 жалпыға білім беретін орта мектепте «Жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру бағытында әмбебеп ұлттық классикалық мектеп – гимназия моделіне айналу» тақырыбында семинар өтті. Аулаға кіргеннен акты залына дейін мұнтаздай таза, ұстаздардың жүзінен жылылық шуағы төгіледі. Бұл – білім игерудің алдыңғы кепілі. Іші бауырым жылып, көңілім көтерілді. Мектептің қай бұрышына қарасам сөйлеп тұрғандай сезімде болдым. Мен мектептен өнеге мен үлгі көрідім. Бұл Оқу-ағарту министрлігінің басты талаптарының бірі еді.
Қабырғада ұстаздардың жетістігін көрсететін еңбектері ілініп тұр. Өнер тапқыштар, шеберлер, ұсталар, зергерлер, қолөнершілер мен спортшылары, актерлер мен күйшілері құдды бір көрмедегідей тізіліп тұр. Бұл бастаманы біртұтас бағдарламаға сай үдеріс деп түсіндім. Мектеп жетістігі ұстаз – ұстаз жетістігі оқушы. Оқушылармен сөйлесіп көрейін деген ойға келдім.
– Qbit-ті қолдана отырып, жүгіртпе жол мен дыбыс қабылдағышты жасадық. Дыбыс қабылдағыш арқылы шамды диодтар бейне шығарды. Екіншіден «Музыка тыңдайтын робот» тетікті басқанда музыка ойнап, мұнда тұрған роботты күлдіреді. «Бұның бәрін Micro:bit сайтында жасадық», дейді 11- сынып оқушылары Нұржан Аян мен Шакерхан Бақберді. Жетекшілері Сқақова Гүлбану Рамазанқызы жай ғана жымиды. Бұл жымис оның оқушыларына көңілі толғанынан еді.
9 -«Б» сынып оқушысы Бақыт Маржан былай дейді, «Біздің бүгінгі зертханамыздың тақырыбы, тағам құрамында органикалық заттардың барын анықтау. Органикалық заттарға: көмірсу, нәруыз, май жатады. Бірінші тәжірбие көмірсуды анықтау үшін картопты аламыз. Оның үстіне йодты пипетка арқылы тамызамыз, міне сол кезде картоп күлгін көкке айналып, нәруыздың бар екенін көрсетеді. Екінші тәжірбиеде біз нәруызды анықтаймыз. Мензуркага стаканга су құйып оның үстінен 2 қасық ұн саламыз, оның үстінен сутек асқын тотығын кұйсақ беті көпіршіктеніп нәруыздың барын көрсетеді. Үшіншісінде, біз майларды анықтаймыз. Фильтр қағазына жаңғақты салып үгітсек майы бөлініп шығады, солайша біз органикалық заттардың тағам құрамында бар екенін анықтадық.
Ал, 9-сынып оқушылары, Шойынбаев Сұлтан, Кенжетай Кәусар, Сапархан Ералы, «Бүгінгі біздің практикалық жұмысымыздың тақырыбы: зәр шығару жүйесінің моделін жасау. Біз сабақ барысында зәр шығару жүйесіне қандай мүшелердің жататынын жұмыс барысында толығырақ анықтадық, сонымен қоса зәр шығару механизімінің қалай жұмыс жасайтынын анықтадық. Нақтырақ айтсақ зәр шығару жүйесіне: бүйрек, несепағар, қуық, және зәр шығару өзегі жатады. Біз осындай практикалық жұмыстарды сабақ барысында белесенді түрде жасай отырып сабақ тақырыбын жүйелі түрде түсінеміз. Олар, «Бізге осындай жұмыстарды сабақ барысында жасау өте қызықты, және де түсінікті» дейді.
9-сынып оқушысы Орынбасар Нұрқадыр, «Бүгінгі біздің зертханалық жұмыстың такырыбы пияздың мөлдір қабығының препаратын дайындау ісі. Бізге керекті құрал жабдықтар: жарық микроскоп, заттық шыны, жабын, пияздың мөлдір қабығы, пипетка, су және йод. Жұмыс барысы, заттық шыныға 1тамшы су жане 1тамшы йод тамыздық.Үстіне пияздың мөлдір қабықшасын қойдық,үстін жабын шынымен жаптым. Дайындаған уақытша препаратты жарық микроскоппен қарадық. Бүгінгі зертханалық сабақ қызықты өтті. 11-«Б» сынып оқушысы Әбдіхамид Алтынай, «Ғаламшар жаңбыры» тәжірибесімен бөлісті. Тәжірибе барысында сірке қышқылы, сұйық май, түрлі-түсті ұнтақ, ас содасын қолдану арқылы жасалынды. Үш түрлі цилиндрде көк, жасыл,қызыл түсті ғаламшар тәріздес жаңбыршалар пайда болды. Бұл тәжірибені көре отырып адамның көңіл-күйі көтеріледі. 9 -«Ғ» сынып оқушысы Әукен Дария, «Химиялық жанартау» тәжірибесімен бөлісті. Тәжірибе ас содасы, ыдыс жууға арналған құрал,сірке қышқылы сутек тотығы және бояғыш қолдану арқылы жасалынды. Шыны ыдысқа ыдыс жууға арналған құрал мен сутек тотығын құйып, үстіне ас содасы мен бояғыш қосамыз. Кейін, ыдысқа сірке қышқылын қосқан кезде көпіріп шыққан реакцияны бақылаймыз. Үй жағдайында жасауға болатын бұл тәжірибе «жанартауға» ұқсайды. Бұндай тәжірибелер оқуға зейінді арттырып, біздің ғылымға қызығушылығымызды арттырады. 9-«Ғ» сынып оқушысы Сейілбек Аруна, «Жалындаған от» тәжірибесімен бөлісті. Тәжірбие барысында су, ыдыс жуғыш сұйықтық, ауа тазартқыш,сіріңке арқылы жасалынды. Суға ыдыс жуғыш құралды құйып көпіршік шықанша араластырып ауа тазартқышты себеміз. Кейін көпіршікті алақанымызға аламыз содан кейін көпіршікке сіріңкені жандырамыз. Нәтижесінде алақанда от пайда болады. Бұл тәжірибеде қол күймейді, бірақ барынша абай болу қажет.Бұл тәжірибе арқылы адамның химияға деген қызығушылығы арта түседі. 9-«Ғ» сынып оқушысы Мақсатқызы Еркежан, «Сіріңкесіз от» тәжірибесімен бөлісті.Тәжірибеге қолданылған заттар: марганцовка, глицерин, су. Тәрелкеге кішкене мөлшерде марганцовканы салып үстінен глицеринді қосып сіңгенін күтеміз. Соңынан суды аз мөлшерде қосып тәжірибені бақылаймыз. Кейіннен жанған отты бақылаймыз. Біз осындай тәжірибелік жұмыстарды сабақ барысында жасаймыз.Сабақ барысындағы қызықты тәжірибелер сыныптың көңіл-күйін көтеруге көмектеседі. Қонақтарға оқушылар өздерінің жұмыстары жайында айтып жатқанда биология пәні мұғалімдері, Калкенова Бакыт Сайлауқызы, Үсейн Есен Жанатбекұлы, Қадырбекқызы Дидар, химия пәні мұғаілімі Тажиева Гульмира Искакбековқызы, Шабар Назерке, Аширбаева Ақбота шәкірттерін рухани демеп тұрды. Ұстаздарын жерге қаратпай оқушылар да өздерінің ойын еркін жеткізе білді.
Кейде қағазбастылық дейміз, дегенмен мұғалімнің үйреткен білімі хат болып қатталуы керек сияқты. Осы мектепте ұстаздардың таудай үйілген хат болып тізілген жұмыстарын көрдік. Ол – Ахмет Байтұрсынұлының «Әдістемеліксіз ұстаз қарусыз сарбаз» өсиетімен қаруланғаны деп түсіндік.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гаухар Солтанқызы, — «Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдан бері мектеп-гимназия мәртебесін алуға байланысты эксперименттік алаң жұмысы негізінде №198 жалпы білім беретін мектеп базасында «Жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру бағытындағы әмбебап ұлттық-классикалық мектеп-гимназия моделіне айналу» тақырыбында семинар өткізіп жатырмыз. Аталған семинар жаратылыстану әлеміне саяхат жасау арқылы химия, биология, информатика, физика пәндерінен оқушылар зертханалық тәжірибелерін көрсетті. Оны жаңа өздеріңіз де көрдіңіздер. Кітапханда мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын тыңдап, ата-анамен бірлескен жұмыс көпшілік назарына ұсынылды. Үйірмелер арқылы шығармашылық, спорттық жетістіктер спорт залда үлкен көрме ретінде ұйымдастырылды. Мектептің, әдістемелік бірлестіктерінің құжаттары, мұғалімдердің озық тәжірибелері, оқушылардың ғылыми жобалары көрмеге қойылды. Оқытудың жаңа технологиялары тәжірибеде дегендей метеп мұғалімдері өздерінің инновациялық әдіс-тәсілдерді, түрлі платформаларды сабақта тиімді қолдану туралы іс-тәжірибелерімен бөлісті» деді.
Енді оқушылардың жетістіктерімен жаңағы көрсетіп жатқан жұмыстарға тоқтала кетейік. «Дарынды дамыту – ұстаз парызы» республикалық өнертапқыштар байқауының І орын жүлдегері Талғат Тадша. Жетекшісі Бектұрсын Бақберген. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қонақбаев Қайырбек және музыка пәні мұғалімі Байсалов Айдын мектептің жетістіктерін айтыс өнері арқылы жеткізді.
Үш тілде өткен сахналық қойылымдар арқылы мектеп оқушыларына жан-жақты бағыт берілетінін көрсетуге тырыстық. №198 жалпы білім беретін мектептің жетістігі ;
- 2021 жылы Республикалық «Үздік 100 мектеп» сайысында №198 жалпы білім беретін үздік мектеп қатарына кірді.
2 Қалалық үздік педагогикалық ұжым конкурсында ІІІ орын,
- Үздік кәсіподақ ұйымы сайысында І орын,
- Алматы қаласының 2023 жылғы орта білім беретін үздік ұйымы конкурсының лауреаты атанды.
Республикалық сайыстарда, Габдуллина Дана 10- сынып оқушысы география пәні бойынша республикалық пән олимпиадасы І орын, жетекшісі: А.Канапьянова, Жақсылық Ақзер 11-сынып оқушысы Абайтану олимпиадасы І орынға ие болды. Жетекшісі Искакова Жадыра. Ажимбетова Нұргүл 11-сынып оқушысы Қанипа Бітібаева атындағы олимпиадасының ІІІ орын иегері. Жетекшісі Ж.Нысанова.
Дарын ғылыми зерттеу жұмыстарынан өткен білім сайысынан география пәні бойынша 10-сынып оқушылары Д. Сарқытова, Ж. Ауғамбай ІІІ орын алды. Жетекшілері, А. Канапьянова, М. Чыныбекова. Дарын ғылыми зерттеу жұмыстарынан қазақ тілі мен әдебиетінен 10-сынып оқушысы Әбдіхамид Алтынай ІІ орын, жетекшісі Искакова Қарақат. Дарын ғылыми зерттеу жұмыстарыбойынша ағылшын пәнінен 10 -сынып оқушысы Бөкен Гауһар ІІІ орынды иемденді. Жетекшісі Ж.Альшанова. «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар физика пәні 9-сынып оқушысы Талғат Тадша І орын, жетекшісі Б. Бектұрсын. Зерде ғылыми зерттеу жұмыстарынан дүниетану пәні бойынша 2-сынып оқушысы Калжанова Раяна мақтау қағазымен марапатталды. Жетекшісі Г. Жексембаева. «Абай әлемі» шығармашылық эссе жазу байқауынан 8-сынып оқушысы Қапалбай Балмекен ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Г.Сәрсенбиева. Республикалық кешенді «Сардар» олимпиадасының ІІ орынын Байдалы Дархан қанжығасына байлады. «Алау» әскери-спорттық ойынның республикалық финалының жеңімпазы, «Айбын-2021» әскери-патриоттық жиынының финалисі Есікбай Арсен деп танылды. Жетекшісі А. Киікбай. Футболшылардың «Үздік мектеп лигасы» «Теңбіл доп» ұлттық мектеп лигасында №198 мектеп І орын алды. Жетекшісі Есімхан Олжас.
«Балафест» фестивалінің сурет байқауынан Жанұзақ Кәусар, Әмина Еркебұланқызы ІІ орынға ие болды. Жетекшісі С.Нақыпова.
«Балфест» фестивалі «Ертегіде қонақта» театр қойылымы бойынша мектебіміздің командасы І орын алды. Жетекшісі С.Балмағамбетова.
«Елбасы медалі» жарысында 11-«Ә» сынып оқушысы Кенжеғали Аружан, 9-«Б» сынып оқушысы Жұматай Әсел, және 9-«А» сынып оқушысы Спабек Алина жеңімпаз атанды.
Мектеп директоры Қанапьянова Әсемкул Сләмбекқызы мектеп туралы қысқаша мәлімет айтып өтті. Ол, «Алматы қаласы Түрксіб ауданы, «Жас Қанат» ықшам ауданында 2014 жылы 17 қазанда № 198 жалпы білім беретін мектеп болып ашылған. Қәзіргі таңда 2362 оқушы білім алуда. Педагогтердің жалпы саны 166, оның ішінде жоғары білімді 161, мектеп бойынша педагогтердің жалпы үлесі 96,90% пайызды құрайды. Жалпы біліктілік санаты бар педагог мамандар 87,9 %-ды құрады. Педагог-шебер, педагог-зертеуші мен педагог-сарапшылар үлесі 53,7 %. Мектеп бойынша педагог-магистрлер саны-49. «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі иегерлері -1. ҚР Білім беру ісінің Үздік қызметкерлері – 3. Педагог-шебер — 3 , Педагог-зерттеуші — 43, Педагог-сарапшы- 40.
Мектептің материалдық-техникалық базасы жақсы деңгейде; 200 орындық мәжіліс залы, спорт зал, жазғы алаң, кітапхана,150 орындық асханамыз бар. Кабинеттер саны-61, жаңа модификациялы кабинеттер (биология, химия, физика) саны-3, мультимедиялық кабинет-6, информатика кабинеті – 4. Білім сапасының салыстырмалы көрсеткіші қәзіргі таңда жалпы мектеп бойынша 72% пайызды құрайды.
- Мектеп ерекше білім қажеттілігі бар балаларды инклюзивті ортада қолдауды қамтамасыз етеді, 19 қазан 2017 ж бұйрық №395,
- Педагогикалық шеберлік орталығымен «Жетекші мектеп» жобасын сыртқы және ішкі қоғамдастық бойынша іске асырудамыз.
- «Үш тілді оқыту» және бастауыш білім беру мен тәрбие жұмыстары бойынша «құзырлылық мектеп» жобасын іске асырудамыз» деді.
Бұлар осынша жұмысты жай мектеп қатарында жасап отыр екен. Ендігі мақсат толыққанды гимназияға айналу. Ал айырмасы не? Ол жайында қонақтармен сөйлестім. 2021-2022 оқу жылының басында Алматы қаласындағы № 9 жалпы білім беретін мектеп статусын өзгерту үшін мектеп-гимназия, мектеп-лицей мәртебесін алу мақсатында Білім басқармасына сұраныс берді. Осы сұраныс бойынша жаңа мәртебе алуға өтініш берген мектептерге эксперимент жүргізу туралы шешім қабылданды. Экспериментті қаладағы мектептер өз тақырыптарын бекітіп, бағдарламасы мен жоспарын жасады. Осы 3 жыл көлемінде жұмыстарын жүргізіп, жылдық есептерін беріп отырды. Мектеп-гимназия мәртебесін алу және сол талаптарға сай келу үшін барлық мектеп ұжымын жан-жақты жұмыс жүргізіп даму динамикасын көрсетіп отырды — дейді Алматы қаласы Жетісу ауданы №177 мектеп директоры Тұрсын Таңатұлы.
Осы тұста маған ой келді. Гимназиялардың қарапайым орта мектептерден артықшылығы неде деген. Гимназия – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және басқа да оқу салаларында кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін оқу орны болғандықтан өзіндік талаптары бар. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептерден айырмашылығы, гимназияларға факультативтік пәндер бойынша оқу пәндерін тереңдетіп оқытуға және әр сыныпқа төрт сағаттан оқушылардың таңдауы бойынша қосымша таңдау курстарын жасауға мүмкіншілігі бар. Гимназиялар білім берудің нақты профильіне: гуманитарлық, лингвистикалық, көркемдік және эстетикалық үйірмелер, студиялар, ғылыми қоғамдық ұйымдастыруға қосымша қаржы да бөлінеді. Гимназия білім, ғылым және мәдениет салаларындағы халықаралық шараларға қатысады. Олар шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастық және оқытушылар мен студенттер алмасу туралы келісімдер жасайды. Олар екі жақты халықаралық келісімдер негізінде бірлескен білім беру ұйымдарын құра алады – дейді Алматы қаласы №83 мектеп-гимназия директоры Ажар Ғазизқызы.
Мектеп педагогикалық шеберлік орталығымен «Жетекші мектеп» жобасын сыртқы және ішкі қоғамдастық бойынша іске асырады сонымен қатар бастауыш сыныптар бойынша да жұмыс жасайды. Бұл семинарда мектеп мұғалімдері кәсіби жетілген, мақсаты айқын, ақпараттық технологияны меңгерген, әр сабағында оны түрлендіре қолдана білетіндіктерін көрсетті. Оқушылар дарынды, ізденімпаз, ғылыми қызығушылықтары жоғары дәрежеде екендіктерін сонымен қатар, спорт, шығармашылық өнерге бейім екендіктері жақсы көрініп тұрды. Мектеп ұжымына қатысушылар семинарды тыңғылықты дайындықпен жоғары деңгейде өткізілгендігін кері байланыста айтып, ризашылықтарын білдірді.
Кеше ғана Оқу-ағарту министрлігінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында әдемі цифр 684, 684
іс-шарасы ұйымдастырылды. Биылғы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет білім беру ұйымдарында біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілген. Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындғы 684, 684
іс-шарасының басты мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленген адал азамат қалыптастыру» — деген еді Оқу-ағарту министрі. Сол әдемі цифрды әдемі іс-шарамен 684, 685 деп толықтыруға әбден болатын сияқты. Ал, мектептің гимназия болуына осы мақалам арқылы мен де тілектес екенімді білдіремін.
Білім айнасы,
Алматы қаласы
Қуантай Амантайұлы