8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Мегаполистің барлық ауданын қамтитын науқанға Алматының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басты мақсаты – қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыру үшін жағдай жасау.
Науқанды өткізу кезеңдері бойынша «Біздің қала — біздің көше» атты науқаны Наурызбай ауданы № 176 мектеп — гимназиясында жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыру мақсатында жоспарға сай әр түрлі іс шаралар ұйымдастырылды.
Табиғатын сүйемін туған елдің,
Асқар тауын сүйемін байтақ елдің.
Әр қазақтың жанына жақын тиер
Сүйіп өтем әр белін туған жердің!
Қоршаған ортаға қамқорлық жасап, қорғау әр адамның азаматтық міндеті деп ойлаймыз. Ендеше мектебіміздің ата-анасы тілші, блогер Жан Ахмадиев оқушылармен бірге табиғатты тазалау жұмыстарын қолға алды. «Алматы-біздің ортақ үйіміз!» ұранымен мектеп ауласын тазаладық. Қоршаған ортаға қамқорлық жасайық! “Туған қала Алматының түстері” атты экологиялық ашықхаттар жасалынып, бейнеролик дайындалды.
Табиғатты аялау және қорғау қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі.
Баршаңызды табиғатты тазартуға, көркейтуге шақырамыз!
Науқан аясында «Алматы — біздің қала» атты сынып сағаты өткізілді. Алматы қаласының барлық көрікті жерлерімен таныстырылып, оқушыларға жаңа мәліметтер берілді. Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметке үйрету, эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Науқан аясында «Қоқысты сұрыпта» бойынша оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: қазіргі әлемде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, халық санының артуы, қоршаған
ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде, осы орайда жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі; оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға аялауға деген көзқарасын қалыптастыру.
8-10 сынып оқушыларына сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте оқушылар мектеп ауласын тазалап, бірлікте жұмыс жасады. 8 “Е” сынып оқушыларының ата-анасы мектебіміздің бұл бастауына қолдау білдіретінін жеткізіп, оқушылармен бірлесе отырып, мектеп ауласын тазалады.
Мақсаты: мектеп білім алушыларын қаланы санитарлық тазарту айлығына белсенді қатысуға шақыру. Қаланың шырайын әрлендіру, оны үздік экологиялық, таза аймаққа айналдыру, жастарды, тұрғындарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу.
“Тазалық денсаулық кепілі” демекші «Таза бейсенбі» ұйымдастырылды. Балаларға сыныптарын таза ұстап, ұқыпты қарауға үйрету сынып бөлмесінен басталу керек екендігін түсіндіру. Бейсенбілік тазалық жұмысын жасау міндетін мектебімізде барлық сыныптар үнемі өткізіп тұрады. Оқушыларды еңбекке баулу арқылы бөлме өсімдіктеріне қамқор болуға, сыныпты таза ұстауға, мектеп мүлкіне жанашыр болуға тәрбиелеу жұмысы жанданады.
«Құстарға үй сыйла» жалпы ұлттық экологиялық акциясы аясында құстарға ұя жасау іс-шарасы өткізілді. Ұя жасауға бастауыш сыныптың ата-аналары және 9 сынып оқушылары ат салысты.Іс шараға 1 “Б”сыныптың жетекшісі: Омаргазинова Гульмира және биология пәнінің мұғалімі Макашева Меруерт, химия пәнінің мұғалімі Айтпай Динара және 9 “Б” сынып оқушылары өз үлестерін қосты. Оқушылармен бірігіп жасалынған ұяларды мектеп ауласындағы ағаштарға орналастырдық.
Іс-шара балаларға өте қызықты болды. Бастауыш сыныптың оқушылары ағаларына көмектесіп жүргендеріне қатты қуанды. Президентіміздің алға қойған “Бірге — таза Қазақстан” акциясы жас ұрпағымыздың табиғатты сақтап,қорғауға тәрбиелейтіні сөзсіз. «АЛМАТЫ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ» науқаны жалғасуда…
Ахметова Назира Елубайқызы,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Садиркулова Гулима Салкинбековна,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Алматы қаласы
№176 мектеп-гимназия