Айдосова Ақбөкен Аскаровна,
Астана қаласы әкімдігінің
№95 «Алматы» балабақшасының
тәрбиешісі
Балаларды сын тұрғысынан ойлау арқылы дарындылығы мен жеке қабілеттерін дамытудың шарттары
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да, тәрбиешілердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-ұйымдастырылған оқу қызметте балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау-ой қозғай отырып, баланың өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісін жаңарта отырып, балалардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда педагог іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.
2020-2021 оқу жылында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басым бағыттары:
— мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру;
— ерте жастағы балалардың дамуы;
— әлеуметтік дағдылар мен өзін-өзі оқыту дағдыларын дамыту;
— 4 К дағдыларын дамыту (креативтілікті, сыни ойлауды дамыту, қарым қатынас және командада жұмыс істей білу).
Мектепке дейінгі дайындық білім беру жүйесінің бастапқы сатысы ретінде мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді, 6 жасқа дейінгі балалардың интеллектуалдық және физикалық дамуы үшін жағдай жасайды.
Мектепке дейінгі дайындық шеңберінде балалардың мектепке әлеуметтік психологиялық, тұлғалық, ерік-жігері, физикалық және зияткерлік дайындығы қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Баланы тәрбиешімен, тәрбиеленушілермен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама
Балаларды жан-жақты дамыту мақсатында балабақшаларда жаңа жобалар жаппай қолданылуда. Солардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау. Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері балаларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Бұл орайда тәрбиеленушінің ізденісі жеміссіз болмақ емес.
Дәстүрлі білім беру кезіндегі баланы сын тұрғысынан ойлайтын баламен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды. Демек, бұл бағдарламаның бала дамуына пайдасы зор. Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.
Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесі деңгейінің даму бағытына байланысты. Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау-ойлаған түп нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттап ойлану» -деген. Сыни тұрғыдан ойлау дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы- білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлау көбінесе баламалы шешімдерді қабылдауға, бір нәрсені елестетуге, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді.
Әлем елдерінің біразы игерген әдіс-тәсілдер мен технология бұл күнде әрбір тәрбиешінің басты құралы болып отыр.
Технология дегеніміз-«Техно» латын тілінен алғанда, «шеберлік, іскерлік, әдіс»- деген мағынаны білдіреді. Сондай- ақ сыни тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл иллюстративті-түсіндірмелі, өз бетімен іздену, проблемалық, шығармашылық, ойын, пікірсайыс, өзін-өзі дамыта оқыту әдістерінің жинағы. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы–білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сын тұрғысынан ойлауды үйретудің өзіндік қажет ұстанымдары бар. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін. Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз[1].
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
˗ қызығушылықты ояту;
˗ мағынаны ашу;
˗ ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
˗ бала өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
˗ оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
˗ баланың белсенділігін ояту;
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
˗жаңа ақпаратпен танысу;
˗жаңа ақпараттармен өз білімімен ара — қатынас белгілеу.
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың оқу қызметінің сапасына әсері өте мол, жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану балалардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, ұйымдастырылған оқу қызметтің сапасын арттырады. Ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету, мақсатқа жету баланың өзі арқылы іске асады.
Қазіргі балабақша тәжірибесінде қолданылып жүрген сыни ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары баланың ойлауына, шығармашылық ізденісіне, педагогтың шеберлігіне жол ашты. Технология әдістерін қолдануда педагогтар нәтижесінде: баланың ойлауына, бала белсенділігіне, сөздік қорын дамытуға, баланың өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтындығын айтып жетістікке жетуде. Бала өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, бірте – бірте тәрбиешінің түсіндіргеніне қарағанда, өз ізденісімен қызығушылық танытып, шығармашылық қабілеті ұшталады. Оның ішінде ерекше бір жағдай: топта көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен балалардың да қызығушылығы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша ұйымдастырылған оқу қызметке қатысуға тырысуы байқалды, сөйтіп жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашуда.
Балаға сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2) балаларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4) үйрену барысындағы балалардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір балалар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;
6) балалардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал балалардан осыған байланысты:
сенімділікпен жұмыс жасау;
˗ бар ынтасымен оқуға берілу;
˗ пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
˗ өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Жаңа технологияларды күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметте пайдалану үшін, әр тәрбиеші өзінің алдында отырған балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат-мүддесіне, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда тәрбиешінің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – балаға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез-келген бала тәрбиешінің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Егер бала бойындағы қабілетті тәрбиеші байқамаса, ол бала басқа балалармен бірдей болып қалады, сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білуі керек. Ұйымдастырылған оқу қызметті қызықты өткізу үшін, тәрбиешінің өзі даярлануы керек. Венн диаграммасы, деңгейлік тапсырмалар, ауызша сұрақтар дайындауы қажет. Ұйымдастырылған оқу қызметте баланың ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу керек:
— берілетін тапсырманың орындалуын білу және оны ұғыну керек;
— тапсырманы орындаудың әртүрлі жолдарын, тәсілдерін игеру керек;
— балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек.
Осы айтылған әдіс- тәсілдердің бәрін жүзеге асыру оңай шаруа емес. Оған шығармашылық тұрғыдан ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасай білу қажет. Ең алдымен осы уақыт ішінде технология бойынша жұмыс істеудің тиімді жақтарын айтатын болсам, бала:
– мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
– осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?
– осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?
–маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті?-деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Осындай жұмыстарды ойдағыдай атқару үшін тәрбиешінің балаға берер әсері болу керек. Мысалы, балаға сенім қалыптастыру үшін «сен білесің, сенің қолыңнан келеді, үйренесің» деген сөздер қажет. Баланың өз ойынан шыққан жетістігін жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеп отыру керек.
Әдебиеттер тізімі:
1. Тұрғанбаева Б. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. –Алматы, 1999.
2. Савенков А.И. Одаренный ребенок в массовой школе 2001.
3. Дукенбаева С. Балабақшадағы жаңа технологиялар «Балабақша мен отбасы» Республикалық журналы. №2, 14 ақпан 2012ж. 84
4. Жарикова А.С. Сыни тұрғысынан ойлау арқылы қазақ тіліне оқыту/«Заманауи білім» облыстық ғылыми конференциясы Қарағанды білім басқармасының әдістемелік кабинеті, Қарағанды, 2014 ж.
Керемет жазылған! Информативті ақпаратқа көп рахмет, Ақбөкен Аскаровна!
“Біздің міндетіміз – балаға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.” Дұрыс айтылған сөздер, көп рахмет!
Оте накты жане магыналы турде жазылган. Улкен рахмет!
Тәрбие тал бесіктен екені шындық
Ақбөпе керемет, кәзіргі заман талабына сай дүниелерді қамтып, нақты жазыпсыз.
Кәзіргі балаларға дайын білімді беріп, жатта айт дегенге көнбейді. Жан жақты ізденіп, баланың қызығушылығына сай жұмыс жүргізетін заман. Баланың өзін іздендіріп, ой қозғап, өз іс әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын етіп тәрбиелесек сонда баладан жақсы нәтиже аламыз.
Жұмысыңызға сәттілік, шығармашылық табыстар тілеймін