Шубаева Айнур Дарияновна,
Астана қаласы әкімдігінің
№95 «Алматы «балабақшасы педагог-психолог
Баланың тәрбиесі –психологтың қолында
Педагог бола білу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы тұлға. Мәселен қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттасам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні болып саналар еді. Себебі мен педагогпін, болашақ ұрпақтың сәулетшісімін. Демек, мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық арман бар ма…
«…Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, ұстаз баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» деген М.Жұмабаев қазақ ағартушысы. Сондықтан да шәкірттерімізге тәрбие беруде қандай бағыт берсек, үлкенге де сондай бағыт-бағдар беріп отыру керек, онсыз үлкен адамдар да қателесіп кетуі ықтимал. Баланы не бұзатынын білсем, соған амал табар едім, бірақ оның қиындығы барлық талап тілегіне шектеу қоймауында ма деймін? Адам табиғатындағы ақылсыздықты тек тәрбиенің күшімен ғана ақылға келтіруге болады. Сондықтан тәрбиеге әрқашан бірінші жетекшілікті беру керек. Осыған орай, өз жұмысымда көптеген психолог – ғалымдардың, ойшылдардың еңбектерімен танысып, халқымыздың ұлттық тәрбиесі негіздерінде бүгінгі психологтар қажетіне жаратар көп қазына бар екендігіне көзім жетті. Шығыстың аристотелі атанған ұлы бабамыз Әл Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп көрсеткен. Бала тәрбиелеу өте қиын, жауапкершілігі мол үрдіс екені белгілі. Барлық ұстаз білім мен тәрбиені қатар алып жүруі керек. Бұл мақсатта әсіресе психолог мамандарға үлкен міндеттер жүктелген. Орыс ойшылы К.Д.Ушинский «Бала – балқытылған алтын» деген. Сондықтан «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деген халық сөзіне сүйене отырып, мен алдағы жоспарыма «Оқыту үрдісіндегі тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттеу» деп тақырып қойып, шешемін іздеудемін.
Әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып, ғылыми, рухани мұраларды игерген, шығармашылық ой – өрісі бар, компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттың мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі деп ойлаймын. Бірақ ата –ананың бәрі бірдей ұстаз емес, бәрі бірдей психолог емес. Оның үстіне толық емес отбасылар қоғамда көбейіп отыр.
Психолог маман аса сезімтал, ерекше жанашыр, мықты шыдамды болу арқылы шәкіртінің сырына бойлай алады. Сондықтан отбасындағы тәрбиенің кемшіл тұсын толықтыру, ұстаздардың, оның ішінде психолог мамандардың міндеті деп өз ойымды қорытындылаймын.