Home » Жаңалықтар » Салт-дәстүрім сөйлесін

Салт-дәстүрім сөйлесін

Алматы қаласы, Медеу аудандық
№196 бөбекжай-балабақшасында
“Салт-дәстүрім сөйлесін” атты іс-шара өтті.

Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсатымыз:
—тәрбиеленушілердің қазақ халқының салт- дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып,
салт- дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу, — дейді балабақша ұжымы.
Халқымыздың барлық ұлттық құндылығы сияқты қазақтың қол­өнер бұйымдары да – ұрпаққа мұра және мақтаныш. Адам қиялының шексіздігін қолының ісмерлігі — ұсынақтылығымен көркем өнерге айналдырып, тұрмыстық қажеттілікке тұтынатын мүлік әзірлеу – бабадан жалғасқан асыл өнер. Қарасаң көздің жауын алатын, тұтынсаң қажетіңді өтейтін бұйымдардың бірі – құрақ көрпе.
Құрақ құрау әсіресе қыздарды кішкентайынан бастап төзімділікке қол өнерге баулуға үйреткен. Балалардың ойынның дамуына және ұсақ қол мотрикасына тигізер үлесі өте зор. Осы құрақтарды құрау арқылы мектеп жасына дейінгі балалар көрпе туралы білімдерін ұлғайтады. Құрақ құрау әсіресе қыздарды кішкентайынан бастап төзімділікке,  қол өнерге баулуға үйреткен — педагог «Балапан» тобының тәрбиешісі- Кутыбаева Куляш Райысовнаның қосқан үлесі зор.

 

Баланың ақылын тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту,  әртүрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдылығын, байқағыштық қасиеттерін дамытудағы технологияның бірі – дәстүрден тыс сурет салу.  Айта кететін болсақ, дәстүрден тыс сурет салу баланың бойында өзгешелік,  жаңа тәсілдер ойлап табуға, озық технологияларды, тың дүниелерді ойлап табуға жол ашады. Соның бірі әйне бетіне сурет салуды үйрету. Шара барысында балалар тәрбиешілерімен бірге әйнек бетіне  қошқармүйіз, тұмарша, гүл, тарақ, алаша сияқты оюларды салуды үйренді. Әйнек бетіне ою-өрнек салдыру, балалардың ою-өрнектерге деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар қолдың моторикасының дамуына, саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасының жақсаруына пайдасы тиеді. Әйнекпен сурет салу баланың тіл байлығын арттырады және өзі бейнелеген бейнені түсіндірген кезде ойын ашық жеткізуіне ықпалын тигізеді. №196 бөбекжай-балабақшасындағы «Қарлығаш» тобының тәрбиешілері — Алпысбекова Кулшатай Асылбекқызы мен Көшкінбаева Гүлзат Оралбайқызы осы әдіс — тәсілді балалармен бірге жиі ұйымдастырып, іс-әрекетте қолданады.
  
Қазіргі кезде киіз бұйымдары нағыз қауырт өркендеу үстінде. Бұл икемді және пластикалық қасиеті бар материал іс жүзінде бүкіл әлемге танымал.
Киіз бұйымдар дайындау балабақша балаларының да қолынан келеді екен. Киіз жасаудың дымқыл және құрғақ әдістері деп аталатын жолдарының бірнеше техникалық тәсілі бар. Балабақша соның құрғақ жүн арқылы картина жасау тәсілін қолданады екен. Түрлі тәсілдердің бірнеше түрін пайдалануға және әр түрлі материалдарды араластыруға болады. Жүннен жасалған картина: гигиеналық жағынан әдемі, сәнді. Осы тәсілді мектепалды даярлық «Қыран» тобының тәрбиешісі — Эльтерекова Айша Акпанбетовна ұйымдастырылған іс- әрекетте осы тәсілді қолдана отырып, балалардың танымдық қабілетін және қол моторикасын дамыту бойынша жұмыстар жүргізді.

   

Қазақтың әйгілі ою-өрнегі бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып, ежелгі тайпалар-түріктер, сақтар, ғұндар өнерінің негізінде әлем туралы түсініктер бейнеленген. Ою-өрнек — қазақ халқына, өнеріне тән реттелген элементтерден тұратын өрнек. Ол өрнектің, түстің композициялық ритмасының әсем және үйлесімді өрнектерінің байлығымен және алуан түрлілігімен сипатталады. Қазақтың барлық ою-өрнектері үй ыдыстарын, киіз үйді, кілемдерді,киімдерді, зергерлік бұйымдарды безендіруге арналған.
Балабақшадағы дәстүрлерді жандандыру және нығайту арқылы балалармен жұмыс істейтін педагогтар этникалық стильді сақтайды. Атап кететін болсақ, мектепалды «Солнышко» тобының тәрбиешісі — Салимова Айман Владимировна ұйымдастырылған іс-әрекетте ұлттық стильде брендтер жасауда ою-өрнекті қолданды. Тәрбиеленушілерде осы ою-өрнектерімізді бойына сіңіріп, дарытып келеді. Аталған топтың ұл – қыздарым «Құс қанаты», «Қошқар мүйіз» ою-өрнегін қолдана отырып, торсық және қазіргі заманға сай сәнді сөмкелерді дәстүрлі сұлулық пен бірегейлікке сай етіп қолданады.
Оюлар өз алдына ерекше бір мағына, сипат береді, біреуге бақыт, еркіндік, сұлулық тілейді.

   

Камзол- дегеніміз жеңсіз, жеңіл қазақ әйелдерінің ұлттық киімі.
Еліміздің әр облыстарында әр түрлі аталады. Негізінде пешпент немесе камзол дейді. Балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен қолөнерін дәріптей отырып, олардың салт-дәстүрге, ою-өрнекке деген сүйіспеншілікті оятады. Осы кезекте, техникалық дағдыларды бекіту, шығармашылық қиялды дамыту, көктем мерекесі – Наурыз қарсаңында ересек «Ромашка» тобының тәрбиешісі – Сергеева Елена Николаевна балаларға сүйікті әжесіне арналған камзолды безендіре отырып, ой-өрісін кеңейту бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеті барысында, қазақтың ұлттық дәстүрлеріне, қолөнеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп жатыр.

—Біздің балабақшадағы дәстүрлерді жандандыру және нығайту арқылы балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер этникалық стильді сақтайды. Ұлттық стильде брендтер жасауда ою-өрнекті қолданыңыз. Тәрбиеленушілерде осы ою-өрнектерімізді бойына сіңіріп, дарытып келеді. Ұл – қыздарымыз «Құс қанаты», «Қошқар мүйіз» ою-өрнегін қолдана отырып, торсық және қазіргі заманға сай сәнді сөмкелерді дәстүрлі сұлулық пен бірегейлікке сай етіп қолданады. Оюлар өз алдына ерекше бір мағына, сипат береді, — дейді балабақша меңгерушісі Сматірова Самал Әбсатарқызы.

Ұлттық киімдерімізді ұлықтау,  мәдени құндылықтарымызды кеңінен насихаттап, өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуді өздерінен бастаған балабақша ұжымының ұлттық нақыштағы киімдері бірден көзге түсті.
Балалар да әдемі оюы бар жилет пен қамзол кие бастаған.
Этно стильдегі киім киген оқушылар мен ұстаздарды көргенде көз сүйсінеді. Бұл әрбір баланың ұлтына деген патриоттық рухын, мақтаныш сезімін оятары анық.

Балаларды ұлттық құндылықтарымызға баулып, таныстырып, қызығушылығын арттыруға үлестерін қосып жатқан балабақша меңгерушісі Сматірова Самал Әбсатарқызы,  әдіскер Тастемір Гүлім Нұрхатқызы және Педагог- психолог : Еслакова Айнагүл Избасхановна, Педагог-дефектолог: Мұстафа Жайна Ринатқызының еңбегін атамай кетуге болмас.

Жаhандану кезеңінде бала бойына ұлттық құндылық пен салт-дәстүрімізді сіңдіріп, қазақилықтың иісін аңқытып отырған №196 бөбекжай-балабақшасына толағай табыстар тілейміз.

«Bilim Ainasy»,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.