Аманова Нургуль Джаманбайкызы
Инклюзия әдіскері
2024 жылы 14 наурыз күні Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар арасында өтетін «Айналайын» қалалық фестивалінің аудандық кезеңі Алматы қаласы Алатау ауданындағы «Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында» болып өтті.
Байқау Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қарлығаш Медербекқызы, Алатау аудандық білім бөлімінің әдіскері Смағұлова Әлия Белгібайқызы, №171 жалпы білім беретін мектептің оқу ісінің орынбасары Сейтова Асем Сайлаубекқызы басшылығы мен №82 ЖББМ тікелей ұйымдастыруы арқылы жүзеге асты.
«Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы» ұжымы аталған іс-шараға жан-жақты қолдау көрсетіп,балаларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Байқауды бағалаған әділқазы алқалары:
- Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қарлығаш Медербекқызы.
- Алатау аудандық білім бөлімінің әдіскері Смағұлова Әлия Белгібайқызы
- Инновациялық шығармашылық орталық директорының орынбасары, әнші, музыкант Битанова Айгерім Жоспарқызы
- №210 мектеп-лицейінің дефектолог маманы Нарматова Дария Ғалымжанқызы
- №160 жалпы білім беретін мектептің психологі Бурамбаева Зухра Аметовна
Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар арасында өтетін «Айналайын» қалалық фестивалінің аудандық кезеңіне 17 мектептен 26 оқушы қатысты.
Фестивальға қатысушы әр өнерпаз – талантты!Әр баланың бойынан жанып тұрған өнерге,әнге деген талпынысты байқауға болады. Байқау қатысушыларының өте жоғары деңгейде қызығушылықтары мен дайындықтарын атап өтуге болады. Сондай-ақ жетекшілерінің, арнайы педагогтердің де жұмысы өте жақсы дәрежеде.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша:
- БАС ЖҮЛДЕ — №182 білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Бахыт
Нұржігіт Бауыржанұлына; - I – орын — №204 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушысы Азамат Аятқа;
- II – орын — №164 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушыларынан құралған трио: Орынбасар Ернар, Жолдасбай Ерлан, Жақсылық Исламбекке;
- II – орын — №180 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Қожағұл Мейірбек Берікханұлына;
- III – орын – №169 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Барат Айару Ерхатқызына;
- III – орын – №179 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы Абдраманова Айаруға;
- III – орын – №156 жалпы білім беретін мектептің 2-сынып оқушысы Айтуған Алтынай Маратқызына;
Байқаудың барлық қатысушылары төмендегідей номинациялармен марапатталды.
- «Ең үздік дауыс»
- «Жезтаңдай әнші»
- «Ең лирикалық жұп»
- «Ең өнерлі жұп»
- «Көрермендер көзайымы»
- «Ең талантты трио»
- «Алтын дауыс»
- «Жас жұлдыз»
- «Қоңыр дауыс»
- «Жас саңлақ»
- «Эстрада жұлдызы»
- «Жас дарын»
- «Шығармашыл дуэт»
- «Жас қанат»
Байқаудың ұйымдастырушылары №82 ЖББМ тірек мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Нуркасымова Ж.М мен аға тәлімгер Қалыкеева А.Ғ өз жұмыстарын өте жоғары деңгейде көрсете білді.
«Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы» ұжымына ұйымдастырушылар мен ата-аналар атынан алғыс білдіреміз!
Байқаудың көріністері:
Керемет 👏
Осындай ерекше шәкірттерге білім беріп отырған Ұстаздарға респект❤️