Home » Жаңалықтар » Алматылық оқушылар қарияларға қуаныш сыйлады

Алматылық оқушылар қарияларға қуаныш сыйлады

Бүгін Ш. Смаханұлы атындағы №62 гимназия оқушылары Наурызнама онкүндігі аясындағы «Қайырымдылық» күніне орай «Қамқор» әлеуметтік үйіне барып мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Наурыз мерекесінде қайырымды іс жасау салты мектеп оқушыларының назарынан тыс қалмады. Бұл күні №62 гимназия оқушылары арнайы мерекелік бағдарлама әзірлеп, қазыналы қарттарды қуантуға асықты. Өнерлі ұл-қыздар би билеп, ән айтып, жырдан шашу шашты. Сонымен қатар ұстаздар мен оқушылар қарияларға өз қолдарымен әзірлеген тәттілерін үлестірді.

«Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау – борышымыз. Біз бүгін Наурыз мерекесі аясында өткізіліп жатқан «Қайырымдылық» күнінде қазыналы қарияларға оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, барынша қолдау көрсетіп жатыр. Осы арқылы балалар бойына ізгілікті, мейірімділікті, жомарттықты сіңіреді», — дейді №62 гимназия директоры Мейрамгүл Набидоллаева.

Айта кетейік, Наурызнама онкүндігі аясында «Қайырымдылық» іс-шарасы «Жақсылықта жарысайық» тақырыбымен қаламыздың барлық мектептерінде өткізілді.
Алматы қаласы
Білім басқармасының баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.