Алматы қаласы білім басқармасына қарасты № 4 бөбекжай-балабақшасы Амал күніне орай іс-шара өткізді. Шараның басты мақсаты — Көрісу күні мерекесін ұмыт қалдырмай жас ұрпақ санасына сіңіру.
Мерекеге ата-аналар мен балабақша ұжымы қатысты. Ежелден 14 наурыз Амал мейрамы болып саналған, қыстан аман шыққан ата бабамыз осы күнді ағайын туыс, көрші қолаң болып тойлаған деседі. Бұл күні сағынысқан жандар жүздесіп, үлкендер төс қағыса амандасып, ренжіскен ағайын татуласатын болған. Бүгін де ата апаларымыз бұл дәстүрді ұмыт қалдырған емес. Оған дәлел таңертен ерте әжелеріміз балабақшаға келіп, ұжымды айтулы мерекемен құттықтап шашу шашты, ата-аналармен құшақтасып көрісу салтын жасады.
-Бір жас қосуыңмен, баршаңызды амал мерекесімен құттықтаймын!,- деп, бата беріп, тілектерін айтты. Жиналғандар арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.
Осы мереке қарсаңында Эльмира Нұршаева бастаған балабақша ұжымы бірнеше аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасап, азық-түлік ретінде көмек қолын созды. ”Қайырымдылық — жақсылық жаршысы” демекші, балабақша ұжымы бұл үрдісті жылда жасап келеді, ары қарай да жалғастыра бермекпіз.
Алматы қаласы
№4 балабақша әдіскері: Налибаева Илмира Танатовна