Жуырда қайырымдылық жасау күні мерекесі аталып өтті.
Бұл күн -мейірімділік пен қамқорлықтың артатын күні. Қайырымдылық жасау тек материалдық көмек көрсету емес, көңілі жүдеу адамды рухани қолдау, жанына жылулық сыйлап, жақсы сөзбен жігерлендіру. Жүрегінде иманы бар
кез-келген адам қайырымдылық жасай алады.
Атаулы мереке күні
Алматы қаласы білім басқарамасына қарасты № 31 бөбекжай балабақша ұжымы «Асылжан» қарттар үйіне барып қайтты.
Өкінішке орай бүгінгі күні балалары бола тұра асыраусыз бағусыз қалып жатқан қарттарымыз аз емес, оның себеп салдарын түсіну де оңай болмай тұр. Бірі балаға әубастан тәрбие дұрыс берілмеген десе енді бірі қартайған шағында жанына тыныштық іздеп, сол үйге өздері барады дейді. Дегенмен мұндағы ата-апаларымыздың жағдайлары жаман емес, бірақ көңілге медет болар, туысқанын сағынары сөзсіз.
Айнұр Юсупқызы басқарып отырған балабақша ұжымының қыз-келіншектері, қарттарға өз қолдарымен арнайы пісіріп әкелген тәтті тағамдарынан ауыз тигізді. Олар өздеріне көрсетіліп жатқан
сый-құрметке дән риза. Кездесу сәті аяқталғанша қариялар көтеріңкі көңілде балабақшаның музыка жетекшілері Мөлдір, Салтанат, Гүлназдың орындауындағы әндерді қосыла шырқады.
Қариялар жағдай сұрасып келген жандарға алғыс айтып, бата берді.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ, ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әрқашан да бақытты. Олай болса, әр қария бақытты болуға лайықты.
«BILIM AINASY»
Алматы қаласы
Жұлдыз Смаилова
Керемет іс-шара. Алла разы болсын🙏🏻
Керемет. Кабыл болсын жаным
Керемет, моллдцы
Ораза айында өте сауапты іс жасапсыздар! Алла разы болсын 🙏
Керемет 👍👍қайырымдылық жасау сауапты іс…Алла тағалам ата-апаларымызға жасап жатқан сауапты істеріңізді өздеріңізге еселей берсін🙏
Жасап жатқан игі істеріңіздің жақсылығын көріңіздер! Өте жақсы, тамаша!
🙏👍 кабыл болсын !
Қарттар үйіне барғандарыңыз сауапты іс екен, жарайсыздар!
Керемет шара! Жүректен шыққан екен🙏