Home » Жаңалықтар » Ұлттық тәрбие негізі-балабақшада

Ұлттық тәрбие негізі-балабақшада

Жуырда Алматы қаласы Медеу аудандық 125 бөбекжай-балабақшасында қонақ болып, Арайлым Қазбекқызы бастаған ұжыммен жақын танысып қайттық.

Балабақша меңгерушісі Арайлым Қазбекқызы 2023жылдың жаз айында Алматы қаласы әкімінің және білім басқармасының қолдауымен Сингапур еліне тәжірибе алмасуға барып келген екен. Сол елден алып келген тәжірибесін қазіргі таңда өзі басқарып отырған №125 бөбекжай-балабақшасында қолданып жатыр.

Бала — біздің болашағымыз.
Болашақ ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіміз қажет. Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра отырып, әрі қарай дұрыс
дамып-жетілуіне себепкер болу балабақша ұжымының да келешек ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі.

Балабақша ұлттық нақыштарға,
ұлттық ойындарға, ұлттық құндылықтарымызды бала бойына сіңіруге жұмыс жасап жатыр екен.
Балабақша ұжымы мен ата-аналардың бірлескен жұмысының нәтижесінде Алматы қаласындағы алғашқы “Мергендер орталығы”, “Ұлттық ат спорт ойындары” орталықтары бастамасын дәл осы балабақшадан тапты.

Тәрбиеленушілер садақ атып, атқа мінуді меңгерген. Қамшы өрудің жолдары мен қамшы түрлерін де жатқа біледі.
Балалардың екі топқа бөлініп, көкпар тартқанын көрдік. Әр команда бір-бір салымнан салып, тең түсті.
  

—Сингапур елінің ата-аналарымен бірлескен жұмыстарын алып келіп,
өз бақшамызда қыркүйек айынан бастап балалардың әлеуметтік эмоционалды дағдыларын дамыту барысында
ата-аналармен бірігіп әр түрлі
іс-шаралар өткізіп келеміз. Атап айтар болсақ «Ақжелкен» тобының ата-анасы: Садыков Айдос Ермекович өзі ат әбзелдерін жасаумен айналысады.
Айдос мырзаның қолдауымен балабақшамызда «Қамшы өру» және «Садақ ату» шеберлік сағаттарын ересек және мектепалды топтарының балаларымен өткіздік.
Президентіміздің «Біртұтас тәрбие-ұлт болашағы»бағдарламасын орындау мақсатында балабақшамызда: “Мергендер орталығы», «Ұлттық ат спорт ойындары» орталықтары
Айдос мырзаның тікелей қолдауымен ашылды. Орталықта балаға қажетті заттардың барлығы бар. Сол орталықта балалар қазақтың ұлттық құндылықтарымен, ұлттық ойындармен танысып, үйреніп жатыр — дейді балабақша меңгерушісі
Арайлым Қазбекқызы.

Балаларды ұлттық ойындарға баулып, таныстырып, қызығушылығын арттыруға үлестерін қосып жатқан
әдіскер-Тастанова Айгуль Есеркеповна, Жаттықтырушылар: Копжанов Мурат Джайлаубекович және Ыдырысова Гаухар Куатбековнаның, сонымен қатар тәрбиешілер Сабазова Галия Акпержановна, Куанышева Балжан Хамидуллаевна, Жумабекова Гүлнұр
еңбегін атамай кетуге болмас.

Балалардың көкпар ойнап, атқа мініп, садақ атып, қамшы өріп қазақи қайнардан тәлім алып ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өсіп келе жатқаны қуаныш сыйлады.
Бұл №125 бөбекжай-балабақшасынің меңгерушісі мен ұжымының еңбегінің жемісі мен жеңісі.

«BILIM AINASY»,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.