Түркістан облысы Кентау қаласы
«Айша-бибі»бөбекжай балабақшасы
Атажанова Наргиза Шухратовна
Мақсады:Сөйлеуді дамыту.Дауысты және дауыссыз дыбыстардың кейбіреулерін анық айту,дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту,артикуляция апаратты дамыту, сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту баяу сөйлеу,жаңалтпаштар айту.Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулар арқылы кеңейту,сөздік қоры заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту,қарама-қарсы мағнадағы сөздерді антонимдерді енгізу.Балалармен ан айту,жұмбақ шешу,санамақ айту,жаңылтпаш айту, сөздік қорын жаңа сөздермен байыту.Ересектермен диолог құру,берілген сүрақтарды тыңдап және толық жауап беруге үйрету.
Оқу іс әрекетінің барысы:
Тәрбиеші: Сәлеметсіндерме балалар,мен сендерді көргеніме өте құаныштымын,балалар бізге көптеген қонақтар келіп отыр келіңдер алдымен келген қонақтармен амандасып алайық.
Үлкенгеде сіз,
Кішігеде сіз.
Сәлем бердік әдеппен ,
Баршаңызға біз.
Тәрбиеші:Жарайсындар балалар, ал енді біз сендермен ауа- райын бақылайықшы.Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар: Бір жылда төрт мезгіл бар ,қыс,көктем,жаз,күз.
Тәрбиеші:Кәзір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Кәзір қыс мезгілі.
Тәрбиеші:Кәне қыс айларын атап өтейікші Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан.Балалар кәзір қыстың қай айы?
Балалар:Кәзір қыстың Ақпан айы.
Тәрбиеші:Қыс мезгіліден кейін Көктем мезгілі келеді я балалар, олай болса келіңдер ауа- райын бақылайық.
Балалар:Күн суық,аспан бұлтты,қар жауып түр,жер тайғақ.
Тәрбиеші:Өте тамаша балалар,ендіше балалар бүгінгі біздің оқу іс әрекетіміз өте қызықты, яғни біз сендермен дыбыстарды дұрыс айтуды үйренеміз.балалар біз жануарлардан,құстардан ерекшелігіміз біздің тіліміз сөйлей алады ,ал олар болса дыбыстайды.Біз дыбыстарды естіп тіліміз бен сөйлейміз .Сендер кей бір дыбыстарды дұрыс айталмағандықтарыңдан сендерің сөздерің анық естілмейді.Ал енді ынғайлы жайғасып алыңдар.Мені жақсылып естіп менімен бірге қайталап отырыңдар.
Балалар : Айнаға қарап отырады, және қайталайды.
Тәрбиеші:Біз тілге арнайы жаттығулар жасаймыз,жаттығуды ертегі түрінде айтамын .Ерте ерте ертеде ешкі жүні бөртеде ,қырғауылы қызыл екен құйрығы ұзын екен, ертеде бір үйшік болыпты,ол біздің аузымыз.
Балалар : ауыздарын ашады.
Тәрбиеші:Үйшікттің ішінде бір тіл өмір сүріпті,қәне тілімізді көрсетейікші.
Балалар :Тіліні көрсетеді.
Тәрбиеші:Ерте түрып үйшік есік,терезелерін ашады екен.А,А,А,а,а,а,а,аа,а,а,а,а,а,а,а,а,а,а.
Тіс щеткасын алып,тісін тазалайды екен,
Сосын тарағын алып шашын тарайдекен.
Кейін ол шай ішедекен,
Ол шайды тәтті тосаппен ішкенді үнатадыекен.
Ол шәй ішіп болып,доп ойнайдекен.
Доптеуіп ойнап жүріп, ол саңырауқұлақты көріп қалыпты,ол саңрауқұлақтарды теріп жүріп кішкентай баянды тауып алыпты,баянды ойнап жүріп жақсы көретін тайына мініп алысқа шауып кетіпті .
Балалар:Тәрбиеші қимылдарын қайталайды.
Тәрбиеші: Балалар сендерге менің ертегім үнадыма?Келіңдер енді сендермен жаңылтпаш айтамыз.
Тау бар- тау бар ,тауда бау бар.
Ақ шар -көк шар ,аспанда көп шар.
Бобо бобо қорбобо, боғларга боқ бобо.
Тәрбиеші:Жарайсындар балалар өте тамаша.
Қоян:Сәлеметсіндерме балалар ,мені таныдыңдарма.
Ия таныдық ,сен қоянсын.
Қоян:Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп түр, бірақ менің қарным аш.
Тәрбиеші: Балалр сендер қояндың тапсырмаларын дұрыс орындасаңдар мен сендерге сыйлық беріп отырамын.
Қоян:Келіңдер біз сыйлық үтып алайық.
Менің бірінші тапсырмам ,сендер орындай аласындарма?
Тәрбиеші:Біздің балалар ақылды ,6орындайды.
1.Тістеріңді көрсетіп күлімсірейміз И,И,И,И,И,И Жарайсындар.
2.Балакай келесі жаттығуды мұқыят қайтала .Ернімізді алдыға созып У,У,У,У,У,У,У,У,У,У,У,У,У,У,У.
3.Балакай келесі жаттығуды мүрнымызбен ауа жүтып, аузымыздан шығарамыз Уф,Уф,Уф.
4.Балакай келесі жаттығуымыз тіліміздісыртқа шығарып,қайта ішке кіргіземіз.Жарайсындар балалар сендер менің тапсырмаларымды дұрыс орындадыңдар, біз неше сәбіз үтып алдық қане санап көрейікші..
1.2.3.4.
Біз төрт сәбіз ұттық, сендерге рахмет балалар.Мен сәбіз жақсы көремін.
Тәрбиеші:Қоян сен сәбіздерді алағой.
Қоян:Рахмет сендерге мен бір тойып сәбіз жеймін енді.Сау болыңдар балалар.
Тәрбиеші:Балалар қоян мәз боп қалды я.Енді сендермен Тіл ұстастыру жаттығуларын жасайық,дайынсындарма?
Тіл ұстастыру жаттығулары.
Ма-Ма-ма бақшада алма.
Ық-Ық-Ық пеште піскен тауық.
Быз-Быз-Быз қып қызыл қарбыз.
Дақ-дақ-дақ тәтті балмұздақ.
Бақ-Бақ-бақ үлкен асқабақ.
Ан-Ан-Ан ас атасы нан.
Аш-Аш-Аш Үлкен ағаш.
Ыс-ЫС-Ыс қахарлы қыс.
Үн-Үн-Үн Жарқыраған күн.
Ра-Ра-Ра Ызылдайды ара.
ЛА-ЛА-ЛА жерді тырмала.
Жет-жет-жет бізге кұрек қажет.
Ге-ге-ге маған керек шеге.
Ба-ба-ба жүк тасыйтын арба.
Та-та-та ағаш жаратын балта.
Шу-шу-шу Мерекелік отшашу.
АР-АР-АР түрлі түсті шар.
Үл-Үл-Үл хош иісті гүл.
Тәрбиеші:Сандер жұмбақ шешкенді үнатасындарма? Ендіше жұмбақ шешейік.
Сары сандық ашылды, ішінен жібек шашылды. Күн.
Жеміс, жидек жегенім,балды жақсы көремін. Аю
Слайд: Тамашалап жаттығу жасаймыз.
Тәрбіеші : Жарайсындар балалар.Балалар қараңдаршы бізге Тіл қонаққа келіпті ,бірақ ол көңілсіз .Біз тілдің көңілін көтеруіміз керекәр түрлі жаттығулар арқылы тілдің көңілін көтереіміз.
Алдымен тыныс алу жаттығуын жасайық.
Құсты үрлеу. Көбелекті үрлеу.Мұрынмен ауа жүтып,ауызымыздан шығарамыз.
Саусақ жаттығуы,қолымызға шарды алып алақанда домалатамыз,жай домалатып қоймай тақпақ айтып домалатамыз.
Алма кетті домалап, Құыр құыр құырмаш,
Көше бойын жағалап. Балапанға бидай шаш.
Кім алманы табады , Апаң келсе есік аш,
Сол ойыннан шығады. Қасқыр келсе мықтап қаш.
Шарымызды мықтап қысамыз.
Балалар тілдің көңілі көтеріліп кележатыр.
Тілдің көңілін одан сары көтерейік.Орнымыздан түрып ойын жаттығу жасайық.
Бала,бала балақан
қане қане алақан.
Саусақтарың айбат
былай былай ойнат.
Бір қадам алға басып
Алақанды соқ-соқ
бір қадам артқа басып,
Аяқ менен топ-топ.
Енді нейро гимнастик жаттығулар жасайық.Тақтада ілулі түрған алақандарға қолды тигізу.Алақан деген жаттығу.
Балалар тіл сендердің көңіл күйлеріңді білгісі келеді ,тақтада түрған смайликтерді алып ,өз көңіл күйлеріңді білдіріңдерші.
Жарайсындар балалар тіл сендерге рахмет айыпжатыр.
Санамақ.
Бір үйдебіз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз,
Бас бармағым -әкем.
Балалы үйрек-анам,
Ортан терек -ағам.
Шылдыр шүмек -мен,
Кішкентай бөбек -сен.
Бір үйде біз нешеуміз?,
Бір үйде біз бесеуміз.
Ал енді сендермен “Кәтені тап ойынын ойнайық.”
Алма ашшы,чеснок тәтті.
Лимон тәтті ,қулпінай ашшы.
Алмұрт ашшы,қызылбұрыш тәтті.
Пияз тәтті,қарбыз ашшы.
Аттың баласы ,жираф.
Күшіктің баласы ,мысық.
Күшік сүт ішеді,мысық сұйек жейді.
Қыста көбелек ұшады ,жазда қар жауады.
Балық аспанда ұшады, құс суда сүзеді.
Суреттерді көрсетіп ,қатесін табу.
Балалар сендерге біздің ұйымдастырған іс әрекетіміз ұнадыма.Енді біз дыбыстарды дұрыс айта аламыз.Күнде осы жаттығуларды ұш төрт рет қайталаймыз , ендіше қош сау болыңдар.