Home » Балабақша » Геометриялық пішіндер

Геометриялық пішіндер

Джолдасова Улбола Жумахановна,
Алматы қаласы 
Алатау ауданы
«№164 бөбекжай – балабақшасы» МКҚК
«Құлыншақ» ортаңғы тобының тәрбиешісі

 Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой — өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер.
Құрал-жабдықтар: Ведиопроектор, үнтаспа.
Амандасу: Музыка әуенімен әндетіп:
Жылулық шеңбері: (Балалар қимылмен көрсетеді)
— Алақанды ашайық,
Күн нұрын салайық.
Жүрек жылуын салайық.
Жиналған жылу шуақтарды,
Қонақтарға шашайық.
(музыка әуенімен ведиопроектордан дыбыс естіледі де, ханшайым көрінеді. Балалар бұрылып амандасады)
Ханшайым:
— Сәлеметсіздер ме, балалар?
Балалар:
 Сәлеметсіз бе?
Ханшайым:
 Мен сендерді «Геометриялық пішіндер» әлеміне шақырамын.
Тәрбиеші:
— Балалар, «Геометриялық  пішіндер» әлеміне барғыларың келе ме?
Балалар:
 Иә.
Тәрбиеші:
— Ал қандай көліктермен барғыларың келеді?
Балалар:
— Поезбен.
Тәрбиеші:
— Жарайды. Ендеше, поезбен барайық. Ал кеттік.
Бәрі шеңбер бойымен жүріп, музыка әуенімен:
Қимылды ойын:
«Поезд» Тіл ұстарту жаттығу.
Пыш — пыш, пыш — пыш біз кеттік,
Жүрісті үдеттік.
Гу — гу, гу — гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.
Тәрбиеші:
— Қане, балалар, тоқтайық. Пыш — ш — ш.
— Балалар, біз міне «Геометриялық  пішіндер» әлеміне де келіп қалдық. Қане, поездан түсейік.
— Ой, балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Өздері сөйлейді. Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, сұрап, көрейікші:
— Сен қандай пішінсің?
-Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.

Тәрбиеші:
 Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай?
Үшбұрыш:
-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.
— Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?

Дөңгелек:
— Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.

—  Дөңгелектің бұрышы бар ма?
— Пішіннің түсі қандай?
 Тәрбиеші:
 Балалар олай болса сендерді төрт топқа бөліп тапсырмалар дайындап қойыпты, сол берілген тапсырмаларын жақсылап орындап берейік.
1.Үйде қолданатын құлақ тазалағышпен пішіннің бейнесін шығару
2.Ыдыс жуатын губка арқылы,краскаға батыра отырып пішін жасау.
3.Пішіндердің көлеңкесі арқылы табу.

  1. Трафарет арқылы пішін құрастыру.

Тақтадағы үлгі бойынша тапсырманы орындау.

Тәрбиеші:
— Ал, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көңілденіп біз енді,
Бой сергітіп алайық.

 «Ойыншықтар» әнін музыка әуенімен балалар ойыншықтарын алып, қимыл көрсетіп айтады.
 Тәрбиеші: — Балалар,  біз мына  пішіндердің көмегімен көптеген заттарды құрастыра алады екенбіз.

Музыкамен дыбыс шығарады. Балалар бұрылып, Ханшайымның алдына барады.

Ханшайым:
— Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет.
Тәрбиеші:
— Жарайды, балалар, Ханшайыммен қоштасып, поезға отырып тобымызға барайық.
Балалар:
— Пыш — пыш, пыш — пыш біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Гу — гу, гу — гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.

   

Қорытынды:
1.Қандай пішіндермен таныстық?
2.Үйдің шатырында қандай пішін болады?
3.Дөңгелекте бұрыш болама?
Мақтау әдісін қолдана отырып қорытындылау.
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық.

41 комментарий

  1. Жансерік

    Өте керемет тәжірибелі тәрбиеші
    Еңбегіңіз жана берсін
    Қолдаймын

  2. Өте керемет

  3. Ұлбала жарайсың, бәрекелді!

  4. Зауре Жайлаубаевна

    Керемет. Алға қойған армандарыңыз орындала берсін

  5. Керемет👏👏

  6. Нургуль А

    Үлкен тәжірибелі ұстаз! Өзі маманының шебері. Ортамызда беделді. Еңбегіңіз жана берсін!

  7. Тәжірибелі мықты ұстаз. Биіктерден көрініп, еңбегіңіз ақтала берсін!

  8. Гулмира

    Шығармашылық табыс тілеймін,ізденісі мол тәрбиеші, еңбегіңіздің жемісін көріңіз

  9. Әйгерім

    Өте тәжірибелі тәрбиеші, біздің балаларымызда ақылды,апайы сияқты

  10. Такирова Айгерим

    Творчестволық табыс тілеймін

  11. Акерке Бакытжановна

    Білікті ұстаз. Өз ісінің маманы. Балалармен жұмыс жасау тәртібі өзгеше. Биік белестерден көрініңіз!!!

  12. Еңбегіңіз жана берсін🌹🌹

  13. Өте керемет. Еңбегіңіз жана берсін)))

  14. Арайлым

    Өтееее кересеет😍😍😍

  15. Керемет жарайсың еңбегің жансын

  16. Білікті маман, оз ісіне жауапты жауапкершілігі мол устаз енбегіңіз жана берсін😍😍😍✨

  17. Тек биік белестерден корінебер

  18. Керемет, елімізде осындай көркем, білікті мамандар көбейе берсін😍😍👍🏻

  19. Өте керемет тәрбиеші. Білікті ұстаз. Биіктерден көріне бер. Еңбегің жана берсін.😘🤲

  20. Білікті білімді ұстаз еңбегіңіздің наны тәтті болсын биіктерден көріне беріңіз

  21. Өте керемет тәрбиеші екеніңізді білеміз.Еңбегіңіз жана берсін

  22. Өте керемет ұстаз. Қазақстанымызды дамытатын осындай білікті ұстаздар көбейе берсін, биік белестерден көріне беріңіз😍😍😘😘

  23. керемет😍

  24. Өз ісінің маманы екені көрініп ақ тұр😍😍😍 Жарайсыз , еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз 🥰 Сізге шығармашылық табыс тілеймін❤️‍🔥

  25. Өте керемет апай мықты тәрбиеші,балаларға деген махаббаты шынайы,ақкөңіл апай.

  26. Керемет өте күшті💖💓🌹

  27. Білікті де білімді тәрбиеші екені көрініп тұр.Еңбегің жансын .Жемісін көр.Осындай жауапкершілігі мол тәрбиешілер көбейе берсін.Сонда ғана ұрпағымыздың жандүниесі кеңейіп,білімге құштар,зерек юала болып өседі.

  28. Зауре Аманалиева

    Ұлбала жарайсың. Биік шыңдардан көріне беріңіз

  29. Катя апай

    Ұлбала тәжірбиесі мол білімді білікті ақылды парасатты тәрбиеші тек биік шындардан көріне бер

  30. Керемет сабақ, шығармашылық табыс тілеймін

  31. Толғанай

    Қандай керемет. Өз ісіңіздің шебері әрі маманы екенсіз. Еңбегіңіз жана берсін үлкен биік белестерден көрініңіз😍😍😍😍😍🌸🌸🌸

  32. Ұлбала апай еңбекте табыс тілеймін! Биік шыңдардан көріне беріңіз

  33. Балым Оразбеккыз

    Керемет😍 еңбегініз жана берсин😍💙

  34. Жанарыс

    Керемет сабақ әдемі өтіп ті

  35. Керемет👍🏻

  36. Мейрамгуль

    Керемет сабақ, еңбегіңіз жана берсін!

  37. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз Улбала апай.

  38. Салтанат Ермаханбетова

    Еңңбегіңіз жансын қашанда👏👏👏

  39. Керемет!!!

  40. Керемет тәрбиеші, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға😍

  41. Еңбегің жемісті болсын жаным бақытты бол биіктерден көріне бер Алла жар болсын

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.