Home » Балабақша » Тіс күтімі-денсаулық кепілі!

Тіс күтімі-денсаулық кепілі!

Ермаханбет Гүлхан Мырзахметқызы
Алматы қаласы  Алатау ауданы,
 «№164 бөбекжай — балабақша»  МКҚК
«Ботақан»  ортаңғы тобының тәрбиешісі

 Мақсаты: Тіс туралы түсінік беру. Балаларға көзді күтуге, тіс тазалығы, оның қасиеттілігін, пайдасын түсіндіріп айту. Суреттер арқылы әңгімелеу. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, жеке басының гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тіс пастасы, щеткасы, айна,  суреттелген арнайы жуылатын тіс,тіс макеті.
Әдіс — тәсілі: көрсету, түсіндіру, санау,дақтармен күресу, әңгімелеу, сұрақ — жауап, сергіту, қорыту.

Мотивациялық қозғаушы.
«Шаттық шеңбері»
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз баршамыз
Арайлап атқан күнге!

Қанекей балалар бәріміз тақтаға назар аударайық.
Ұйымдастырушы ізденушілік.
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетің тақырыбымен таныстыру.
Балаларға жұмбақ жасыру
1. Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (көз)
2. Өзі аппақ маржандай
Тамақ өтпес шайнамай (тіс)
Қоршаған ортаны көру қабілеті – адамның бағалы сезімдерінің бірі. Біз өміріміздегі барлық жаңалықтарды көздің көмегімен қабылдаймыз. Қас, қабақ және кірпік көзді шаң тозаңнан, тер тамшысынан сақтайды.
— көздің көру қабілетін арттыруға «А» дәруменінің пайдасы зор, сондықтан тамаққа сәбізді көп пайдалану қажет;
— кітап оқығанда, сурет салғанда көзбен қағаз арасында 30 см қашықтықта сақтау керек;
— қараңғыда немесе жарық жеткіліксіз жерде оқу көздің көру қабілетін төмендетеді;
— теледидар көргенде 2 — 3 метр қашықтықта отыру қажет;
— жұмыс үстінде қайшы және басқа үшкір заттармен көзді жарақаттап алмас үшін өте ұқыптылық қажет.
Енді тісіміз туралы айтатын болсақ, тіс – біздің денеміздегі ең қатты зат. Тістің негізгі қызметі – тамақты шайнау. Тіс жақ сүйектен өседі. Адам дүниеге келгеннен кейін, алты ай болғанда бастап шығады – ол «сүт тіс» деп аталады. Алты жасқа толғанда сүт тістер түсе бастайды, түскен тістің орнына «негізгі тістер» шығады. Олардың көлемі үлкендеу, барлық тістер сыйып тұруы үшін сонымен бірге адамның жақтары да өседі. Он екі жасқа толғанда барлық тіс жаңарып болады. Адамдардың көпшілігі 20 жасқа толғанда 32 тісі толық шығып болады.
Тосын сәт: есік қағылып, ішке аппақ халат киген тіс дәрігер  келеді:
— Сәлеметсіздер ме балалар, мен тіс дәрігері боламын. Сіздерді тісті күту ережесімен таныстырып, қалай дұрыс тазалауды көрсетуге келдім.
Балалар сіздер тіс тазалайсыздар ма?
Тіс қабығын «эмаль» жауып тұрады. Тамақты шайнаған кезде ауыз қуысынан қышқыл бөлінеді, бұл эмальді бұзады. Сондықтан тісті тамақтан соң тазалап, жуып тұру керек.
Сурет бойынша тісті қалай дұрыс тазалау реттілігін көрсетеді.
— Балалар тісті жақсы сақтау үшін тәттіні көп жемеу керек, тәтті тіс жегісі (кариес) ауруын тудырады. Оны дер кезінде емдеу керек. Тіс жегісі тістің қатты эмальін жеп тастайды және түбірінде бұзады. Тісіміз мықты болу үшін «С» және «Д» дәрумені бар тағамдар жеген дұрыс. Ол ағзадағы кальцийдің сақталуына көмектеседі. «С» дәрумені жеміс, көкөністерде болады. «Д» дәрумені балық, ірімшік, сүт, айран, уылдырық тағамдарында болады. Балалар менің айтқанымды түсіндіңдер  ма? Әрдайым тістеріңді тазалап жүріңдер, енді басқа балаларға баруым керек. Сау болыңыздар!
   

Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
жаттығу оңай — ақ.
Дидактикалық ойын:
«Тазалық көмекшілерін жұмбақ арқылы тап».
Шарты:
Балалар жасырылған жұмбақтың шешуін сурет арқылы тауып, тақтаға іледі.
1. Дымқылдап күнде сен
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір — ласың
Тап – таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
2. Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолында,
Сипайды жонында.
Бұл не? (Сүлгі)
3. Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге,
Ұқыпты ісіне.
Бұл не? (Айна)
4. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақта тісі бар,
Шашыңмен ісі бар.
Бұл не? (Тарақ)
5. Белінен қыссаң,
Аузынан ақ уыз шығады.
Бұл не? (Тіс пастасы)
Балалар тісіміз сау болу үшін мына ережені тағыда бір естеріңе салайын:
1. Тісті күніне 2 рет тазалау.
2. Тамақтан соң ауызды шаю.
3. Ыстық тамақтан соң суық су ішпеу.
4. Қатты заттарды тіспен шақпау.
5. Тәттіні көп жемеу.
6. Тіс дәрігеріне жиі көріну.
7. Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетіне белсене араласқан балаларды мақтап, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Тіс, көз туралы толық түсінік алды, тазалық ережесімен танысты. Балалар тіс жууды жақсы меңгере алды, алдын-ала дайындалған суреттегі тістерді тіс пастасымен қызыға жуды.
Меңгеру: Көзді күтуді, тісті тазалауды меңгереді.

50 комментариев

  1. Керемет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Балаларыңыз тек биіктерден көрінсін!

  2. Керемет өтте жоғары дәрежеде өтті

  3. Өте керемет

  4. Керемет,еңбегің елене берсін.

  5. Керемет. Өте жақсы мағлұмат балапандар үшін. Еңбегіңіздің тек жемісін көріңіз😊

  6. Жарайсыз. Балаларға көңілді әрі өте қажет сабақ өттіңіз😊

  7. Балаларга деген талим, уставным, бойларына даритын жаксы касиет дарыта билетин нагыз маман иеси. Ар балага арнайы подход жасап тилин табу Ол да ОНер. Биз Сизди жаксы коремиз апай

  8. Гүлхан Мырзахметовна, сабағыңыз тамаша!

  9. Гүлхан Мырзахметовна Сізге алғысымыз шексіз , Еңбегіңіздің жемісін жеңіз 👍👍👍👍

  10. Гулхан Мырзахметқызы еңбегіңіздің жемісін жеңіз!
    Жоғары деңгейлі ұстаз !

  11. Диана Ахмадиева

    Гулхан апай керемет!Енбегиниз багалана берсин 👏🏻👏🏻👏🏻💐💐💐💐💐

  12. Нургуль А

    Өте білікті маман иесі. Әр баланың жүрегінен орын таба білетін ізденпаз ұстаз.
    Еңбегіңіз жана берсін!

  13. Гүлхан еңбегің еліне берсін,алға

  14. Зауре Жайлаубаевна

    Білікті маман. Еңбегіңіз елене берсін

  15. Тек биіктен көріне берініз👏👏

  16. Енбектериниз жана бермин

  17. Айгерим

    Еңбегіңіз еселене берсін.

  18. Керемет, тек биіктерден көріне бер

  19. Зәуре әпшең 🥰🌹

    Биік белестерді бағындыра бер.

  20. Гүлбаршын

    Еңбегіңнің жемісін көре бер

  21. Гүлхан апайымыз өте мейірімді жан! Балалардың тілін таба отырып білімімен балаларымызды біліммен нәрлендіріп отырған ұстазымыз! Балапандарымыздың сізге деген махабаты ерекше! Еңбегіңіз жана берсін!

  22. Өте керемет!

  23. Оте керемет Апай. Билимди, оте керемет Устаз. Бала тарбиесиндеги берген билими оте жогары!

  24. Зауре Аманалиева

    Керемет жарайсыз

  25. Катя апай

    Гүлхан адал мейрімді тәрбиелі ұстаз тек биік шындардан көріне бер

  26. Ерденова Гулзира

    Гулзан өте керемет еңбегіңнің жемісін көр биіктерден көріне бер жаным ❤

  27. Салтанат Ахмет

    Таптырмас әдіс екен,жумысыңыз жемісті болсын!

  28. Гулжахан

    shapagatkaldar@gmail.com

  29. Гулжахан

    Еңбегіңнің жемісін көр жаным❤️

  30. Гүлхан ханым шығармашылығыныз шыңдала берсін. Керемет

  31. Айкерім

    Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!

  32. Талантты устаз, керемет жетекши. Енбегиниз жана берсин!!!

  33. Устаз деген осындай болуы керек

  34. Өте тамаша

  35. Сандуғаш

    Өте қызықты тақырып,өте керемет

  36. Гулзира

    Еңбегің еселене берсін 😘керемет

  37. Керемет күшті

  38. Гүлхан апай еңбекте табысты болыңыз! Биік шыңдардан көріне бер

  39. Кандай керемет такырып.Балаларга керекти шакырып екен.Енбегиниздин жемисин кориниз!

  40. Балым Оразбеккызы

    Керемет апай😘 еңбегініздің жеміссін көрініз💛

  41. Керемет, тамаша 😻

  42. Осындай жұмыстарды көріп қуанамыз♥️

  43. Еңбегіңіз шыңдала берсін🫶🏻

  44. Кушти,керемет,енбегиниз жана берсин,

  45. Керемет

    Алға баса беріңіз🌹

  46. Керемғт

    Гүлхан апай тамаша жұмыс екен😻

  47. Еңбегіңіз еселене берсін👏🏻

  48. Жақсы сабақ👍🏼

  49. Шығармашылық табыс тілеймін Гульхан!

  50. Акжаркын

    Гүлхан апай еңбегіңіздің жемісін жеңіз
    Керемет тәрбиеші Білікті маман
    Өз існің шебері 👏👏

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.