«Білім берудегі 1000 көшбасшы» жобасы аясында 2023 жылдың шілде айында «Мектеп басшыларының кардлық резерві: әлеуеті мен даму стратегиялары» біліктілікті арттыру курсының алғашқы деңгейі басталған болатын. Үш деңгейлік курс барысында кәсіби деңгейімізді өсіріп, білімімізді толықтырдық. Әр кезеңнен кейін тест тапсырып, рефлексифті есеп жазылып біліктілігіміз сыналды. Барлық дейгейден сәтті өтіп, сертификатымызды алып, кардлық резерв тізіміне ену және басшы-көшбасшы мәртебесін алу біз үшін үлкен жетістік.
Курс бағдарламасы мазмұны өте ауқымды. Базалық деңгейде педагогикалық ұжымды басқарудағы стресс-менеджмен, тайм-менеджмент, қақтығыстарды басқара білу басқа да мектеп басқарудағы маңызды мәселелер қамтылды. Бұл деңгей педагогтердің тиімді кәсіби әріптестігін ұйымдастыру бойынша басқарушылық, рефлексиялық дағдыларды қалыптастырады. Оқу-тәрбие процесін құндылықтарға бағдарланған тәсілдеме негізінде жүзеге асыру бойынша білім мен дағдыларды меңгердік.
Ілгері деңгейде жеке имидж, мектеп бренді, мектептегі әдістемелік жұмысты басқару моделі, педагогтердің кәсіби дамуын жүзеге асыру, цифрлық трансформация, кард саясаты тақырыптары аясында білім алып, менеджмен саласындағы кәсіби дағдыларды меңгердік. Мектеп басқарудағы алған білімдерімізді «Заманауи мектепті басқару» симуляторында қолданып көрдік. Кәсіби деңгейде мектептің даму деңгейіне аналитикалық талдау жасап, өзгерістерді басқару модельдерімен жұмыстануды, стратегиялық даму жоспарын жасауды үйрендік. Қаржылық, құқықтық құзыреттілігімізді арттырып, әріптестік, қоғамдастық жұмысын ұйымдастыру, командалық жұмысты ұйымдастыру модельдерін меңгердік. Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен тағылымдамадан өз қоржынымызға алғанымыз көп. Оқу мен тәрбие берудегі көп жылғы тәжірибелерімен бөлісті.
Қаңтар айының 30-нан бастап Бәйтерек ауданы Жайық жалпы орта білім беретін мектебіне директорлық қызметке тағайындалдым. Ендігі міндетім білім берудегі өзгерістер көшбасшысы болып, мектебімізді дамытып, еліне қызмет ететін, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген креативті түлектерді дайындау.
Орал қаласы
Жайық жалпы орта білім беретін мектебінің директоры
Бисенова Айнұр Мухитовна