Нуржаппарова Жазира Жаманкуловна
«Т.Ақышұлы атындағы негізгі орта мектеп» КММ
Қарағанды облысы,Ақтоғай ауданы, Жалаңаш ауылы
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Атақты педагог К.Д. Ушинский (1824-1871) балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей тәлім-тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді белгілі бір бағытта дұрыс жолға қою мүмкін еместігін айтқан. И.П.Павлов тәрбие беру теориясы мен практикасы үшін физиологияның үлкен маңызы бар екенін атап айтқан. Ол барлық тәрбие беру және даму заңдылықтары физиологияға негізделген деп көрсетті. Сонда тәрбиеші осы айтылған заңдарды балалардың жастарына сай пайдаланып, оқу-тәрбие жұмыстарының бағытын дұрыс анықтауы тиіс. Балалардың жас ерекшеліктерін білу мұғалім үшін баланың жеке басының ерекшелік қасиетін дұрыс қалыптастыруға, оның күш қуатын және ақыл-ойын дұрыс бағалай білуге үлкен мүмкіндік туғызады. Педагогика ғылымының көрнекті қайраткері және халық ағарту ісін ұйымдастырушы Н.К. Крупская былай деген: «Педагог, біріншіден, не білуі тиіс, — ол адам денесінің құрлысы мен қызметін яғни, адам денесінің анатомиясы мен физиологиясын және оның дамуын. Онсыз жақсы педагог болуға, баланы дұрыс өсіріп, тәрбиелеуге мүмкін емес». Мектепке дейінгі балалардың белсенді сөздік қоры мен тілін дамыту жұмысы балабақшада өтілетін барлық оқу қызметтерінде баланың жасына қарай жүргізіледі. Мысалы, жазда балабақша ауласында, «Жайлауға саяхат», «Шопан ата қонақта», «Ыдыс дүкені», «Мектеп», «Мұғалім», «Дәрігер», т.б. творчествалық ойындар өткізіледі. Бұл ойындарға қажетті материалдарды тәрбиешілер дайындап, балаларды қатыстыра отырып, өздері жасайды. Олар әзірленген түрлі түсті «кәмпит», «нан», «тоқаш», «құрт», «ыдыс-аяқ», «Жайлау» ойыны үшін жасалған киіз үй, үй мүліктері, төсек-орын, көрпе жастық, кілем, алаша — балалардың бұрын үйренген сөздердің дұрыс айтуға, бір-бірімен сөйлесіп, пікір алысуға, бір-біріне әңгімелеп беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты біреу, ол — жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, ой-өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету. Сол себепті қазақ педагогикасы және «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» сәбидің белсенді сөздік қоры мен тілін дамыту, ауызекі дұрыс, мәдениетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі — тіл. Ал тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің жетіле түсуіне негіз болады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде кездесетін түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Дәл осы жас шамасында баланың сөз қолдану ерекшелігін терең зерттеп, талдаған балалардың көрнекті жазушысы К. Чуковский оларды «данышпан лингвистер» деп атаған болатын. Баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару керек. Ең алдымен «Айналадағы өмірмен таныстыру және баланың белсенді сөздік қоры мен тілін дамыту» деген бөлімге талдау жасайды. Осыдан соң бағдарламалық материалды оқу жылы бойынша бөледі. Себебі мектепке дейінгі балалардың сөздік қоры өмірден, өзін қоршаған ортадан алынады. Бақылау сабақтарының басты міндеттерінің бірі – затты таныта отырып, сол заттың атына, іс-әрекетке қатысуына, түр-түсіне байланысты сөздерді түсіндіру. Сонымен қатар бұл топта көрген-білгені жайында өз бетімен әңгімелеп айтуға үйрету жұмысы да жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі – сөйлеуді дамытудың негізгі бір міндеттері. Балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің міндеттері – балалардың сөздік қорларын дамыту; жаңа сөздерді меңгерту; үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байыту. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тірлігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, тандап алады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Ғажайып қапшық», «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп,қайсысы аз» т.б. Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есінде сақта». Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшылар», тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру:
өткізуге әзірлік;
ойынды өткізу;
ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құралдар, заттарды даярлау кезі — ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру кезі — ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау — бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс- әрекеті болыптабылады. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
Өте жаксы
Мен қолдаймын
Тамаша-Керемет
Керемет жазылған
Мен қолдаймын
Тамаша жарайсын
Еңбекте жемісті болыңыз
Өте жақсы жазылған
Тамаша жарайсыз
Жарайсың,мен қолдаймын
Еңбегің жаңсын
Мақала күшті жазылған
Ойын керемет ұйымдастырылған
Жарайсыз кушти
Саттілік тілеимін
Іске сәт,сәттілік
Еңбекте жемісті бол
Енбекте жемисти болыныз
Керемет жазылған
Дурыс колдаймыз гой
Жарайсын
Биіктен көріне бер
Еңбегініз елене берсін Өте тамаша
Керемет-іске сәт
Жарайсың Жазира
Керемет жазылған
Іске сәт,өте керемет жазылған
керемет ?
Еңбегін елене берсін
Жарайсың??
Ойын керемет ұймдастырылған??
Биіктен көріне бер
Алла ісіңізге береке берсін
Іске сәт жарайсың
Еңбегін жансын
Биік шыңдарды бағындыра беріңіз
Тамаша ұймдастырылған
Керемет жазылған мақала
Тамаша кушти
Ойындарың керемет
Жарайсың супер
Жарайсын керемет
Керемет оте кушты
???тамаша
Жарайсыз оте кушты
Оте тамаша
????супер
Жарайсың Жазира алға
Керемет тамаша
Керемет жазылған
Еңбегінің жемісін көр
Тамаша
Жазира жарайсың
Биктен корине бер
Жарайсын
Балалардың сөздік жұмысын керемет жеткізгенсін
Күшті жазылған
Сәттілік тілеймін тамаша
Мақсатына жете бер
Максатына жете бер
Тамаша кушти жазылган
Биктерден корине бер
Енбегин жемисти болсын
Биктерден корине бер
Тамаша кушти
Жұмысыңыздың жемісін көріңіз! Тамаша
Өте тамаша